Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көне адамдардың Қазақстан жерін мекендеуі, табиғи жағдайлары мен оны мекендеу ортасы

Автор:   •  Март 12, 2018  •  Лекция  •  2,980 Слов (12 Страниц)  •  4,095 Просмотры

Страница 1 из 12

1. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАС ДӘУІРІ ЖӘНЕ МЕЗОЛИТ

1.Көне адамдардың Қазақстан жерін мекендеуі, табиғи жағдайлары мен оны мекендеу ортасы

2.Ертедегі адамдардың шаруашылық қызметіндегі аң аулау, терімшілік, балық аулау

3.Алғашқы тастан жасалған құралдар. Палеолит мәдениетінің аймақтары: Оңтүс-тік Қазақстан және Сарыарқа. Солтүстік және Орталық Қазақстандағы тасты өңдеу технологиясының дамуы. От шығару және алғашқы тұрғын жайлар.

4.Әлеуметтік қатынастар, ру, тайпа.

5.Қазақстан территориясындағы палеолит және мезолит дәуіріндегі адамның материалдық және рухани мәдениеті. Өнерді және діни ұғымдарды ойлап шығару мен дамыту.

1. Палеолит – ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Себебі, бұл кезеңде алғашқы адамдардар тік жүруге көше бастады және қолдары еңбек ету үшін босап, алғашқы дөрекі өңделген тас құралдарды жасады. Бұл адамзат қоғамының басталуын көрсетеді. Палеолит өз кезегінде б.з.б.2,6 млн – 140 мыңжылдық аралығын қамтитын ерте палеолит, б.з.б 140 – 40 мыңжылдықтарды қамтитын орта палеолит және б.з.б 40-12 мыңжылдықтарды қамтитын кейінгі палеолит болып үш кезеңге бөлінеді. Ерте палеолит дәуірі олдувэй, ашель кезеңдеріне, орта палеолит мустье, кейінгі палеолит ориньяк, селютре, мадлен кезеңдеріне бөлінеді. Мәлімет К.М.Байпақов пен Ж.Қ.Таймағамбетовтың "Қазақстан археологиясы" еңбегінен алынған.

    Бұл кезең Қазақстан тарихында ерекше маңызға ие, өйткені Қазақстан жеріндегі ежелгі адамдардың іздері  ерте палеолит дәуіріне яғни 1 миллион жыл бұрынғы кезеңге жатады. Нақтырақ айтқанда алғашқы адамдардың Қазақстан жерін мекендеуі ашель кезеңіне сәйкес келеді. Ежелгі адамның қалдықтары әзірше табылған жоқ, дегенмен олардың тұрақтары, мекен-жайлары табылып, зерттелуде.  Ерте палеолит кезеңінде, нақтырақ айтсақ осыдан 100 мың жыл бұрын жер бетінің көптеген аймақтарын мұз басып қалды. Ғалымдардың айтуы бойынша мұздың қалыңдығы кейбір аймақтарда екі киллометрге жеткен. Сондықтан бұл кезеңді мұз басу дәуірі деп атайды. Алайда, Қазақстан жерін мұз толық басқан жоқ, мұздықтар тек биік таулардың басында ғана жатты. Сондықтан Қазақстан аумағы алғашқ адамдардың мекендеуіне қолайлы болды.

   Қазақстан аумағында ежелгі адамдардың мекендеуіне қолайлы болған Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы болып табылады. Бұл жотаның маңайында және оған жақын аудандарда төрттік дәуірдегі мұзданудың ізі болмағандықтан,  климаты жылы әрі ылғалды және әрқилы фаунасының болуына, жерінде өсімдіктің қаулап өсуіне байланысты бұл аумақ алғашқы адамдардың мекендеуіне қолайлы болған. Мұндағы ең көне еңбек құралына Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Кеңірдек елді-мекенінен табылған ауыр, тік бұрышты, шақпақ тастар жатады.

 Кіші Қаратаудың солтүстік-шығыс бөлігін мекендеген ежелгі адам көбінесе оқшау қыраттарда, аласа төбелер мен мүйістерде, көне замандағы құрал жасалатын негізгі зат-шақпақ тастар көп жерлерде тұрақтаған. Мұнда, мәселен радиусы 5-10 км жерді құрай-тын  12 палеолиттік тұрақ пен 5 мыңнан астам тас құралдар табылған. Қаратаудан табылған ерте ашель кезеңіне жататын Шабақты, Тәңірқазған, Шабақты, Ақкөл-1, Қазанғап қоныстары неғұрлым ден қоярлық олжалар болып табылады.

    Ашель дәуіріндегі алғашқы адамдар тек қана Оңтүстік Қазақстан емес, Орталық Қазақстандыда мекен еткен. Орталық Қазақстандағы алғашқы адам іздеріне Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан Құдайкөл, Жезғазқан қаласынан 150 шақырымдай жердегі Жаман Айбат және Қарағағанды облысы, Жезді ауданынан табылған Обалысай тұрақтары жатады. Ал, Мустье кезеңіне келетін болсақ, бұл кезеңге Қаратаудағы Қызылрысбек, Арыстанды мекенінен табылған Ш.Уалиханов атындағы тұрақ, Батыс Қазақстандағы Шақпақата, Орталық Қазақстандағы Ағадыр ауданы тұрақтары жатады. Қазақстан жерінде Питекантроп замандастарынан кейін, Мустье кезеңінде өмір сүрген адам Неандерталь мекен етті.

...

Скачать:   txt (41.7 Kb)   pdf (169.5 Kb)   docx (21.2 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club