Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттері

Автор:   •  Апрель 13, 2023  •  Контрольная работа  •  1,367 Слов (6 Страниц)  •  304 Просмотры

Страница 1 из 6

Химия 7 сынып

§1. Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттері

Химия

Заттарды, олардың қасиеттерін, заттардың бір-біріне айналуын,

қолданылуын зерттейтін ғылым

Физикалық дене

Өлшемі мен пішіні бойынша ажыратылатын денелер.

Заттар

Денелерді құраушылар.

Заттардың қасиеттері

Заттардың бір-бірінен айырмашылығын немесе өзара ұқсастығын көрсететін белгілер

[pic 1]

Химияның негізгі міндеттері

Заттарды тазарту әдістері арқылы одан жоғары дәрежедегі заттар алу; ерекше тазартылған заттар

радиоэлектронды өндіріс пен медицинада қолданылады.

Белгілі бір сипатқа ие, бүгінгі күн талабына сай материалдарды алу

Заттардың қасиеттерін зерттеу және оларды іс жүзінде қолдануды үйрету.

Әлі де алынбаған заттардың қасиеттерін болжау.

§2. Таза заттар және қоспалар

Таза заттар

Физикалық қасиеттері тұрақты заттар

[pic 2][pic 3]

Әртекті (Гетерогенді)

Қоспа

-Құрамындағы бөлшектер жай көзбен немесе микроскоппен көрінетін қоспалар

Біртекті (Гомогенді)

қоспа

-Құрамындағы бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспалар

[pic 4]

Тұндыру әдісі

Тартылыс күші әсерінен әртекті қоспадағы[pic 5]

қатты заттар мен сұйық заттардың қабат түзіп бөлінуі. Мысалы: Темір мен ағаш ұнтағын суға араластыру, су мен саз құмды араластыру.

Сүзу әдісі

Қағаз сүзгі қолдану арқылы ерітіндідегі ерімейтін бөлшектерді бөлу.[pic 6]

Магнитпен бөлу

әдісі

Қоспа құрамындағы бір зат

 магнитке тартылатын жағдайда

қолданылады.

Мысалы: темір мен күкірттің қоспасын бөлу.

Буландыру

(кристалдау)

Мысалы: ас тұзының ерітіндісін буландырады, су буланып ұшып, табақшада ас тұзы кристалл түрінде қалады.

Дистилдеу (айдау)

Қайнау температурасы әртүрлі заттарды бөлу. Дистилдеу ұшқыш сұйықтықтарды буландырып, содан кейін бірден салқындатып, сұйық күйге ауыстыру (конденсациялау) әдісі.

§3. Физикалық және химиялық құбылыстар

Құбылыс

Заттардың өзгеріске ұшырауы.

Физикалық құбылыс

Заттың агрегаттық күйі, пішіні өзгереді. Мысалы: шегенің

майысуы, судың қайнауы, мұздың қатуы, шынының сынуы, т.б.

Химиялық құбылыс

Бастапқы заттардан жаңа заттар пайда болады, химиялық реакция жүреді. Мысалы: көмірдің жануы, сүттің ашуы,

тамақтың бұзылуы

Синтез

Жай заттардан күрделі зат алу әдісі

Химиялық реакция жүру белгілері

  • Жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі
  • Жарықтың бөлінуі
  • Түстің өзгеруі
  • Газ түзілуі
  • Иіс бөлінуі
  • Тұнбаның пайда болуы

Химиялық реакциялар жүру шарттары

  • Заттарды тығыз жанастыру
  • Ұсақтау (еріту)
  • Қыздыру (кейде жарық беру)
  • Реакция жылдамдығын арттыратын заттарды қолдану

§4. Заттың агрегаттық күйі

Агрегаттық күй

Заттардың қатты, сұйық және газ тәрізді күйлері

[pic 7]

Балқу

Зат қатты күйден сұйық күйге ауысуы

Қайнау

Затты қайнатып сұйық күйден газ күйге ауысуы (Жылдам

процесс)

Булану

Заттың қайнамай ақ сұйық күйден газ күйге ауысуы (Ұзақ

процесс)

Кристалдану

Сұйықтықтың қатты күйге ауысуы

Конденсация

Заттың газ күйден сұйыққа өзгеруі

Сублимация

Қатты заттың сұйық фазаны айналып өтіп, бірден газға ауысуы

Десублимация

Газдың сұйық күйден қатты күйге ауысуы.

[pic 8]

...

Скачать:   txt (21 Kb)   pdf (690.9 Kb)   docx (1.7 Mb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club