Денсаулық сақтау саласының дамуының оң және теріс жақтарын айқын көрсету
Автор: Gulzhanserikova • Февраль 10, 2018 • Реферат • 3,548 Слов (15 Страниц) • 1,220 Просмотры
Ақтөбе қаласындағы[pic 1]
физико-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Тақырыбы: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МА?
(2616сөз )
Орындаған: Серікова Гүлжан
(аты-жөні, қолы)
Жетекші: Рахбаев Қонысбай
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор:_________________________
(аты-жөні, қолы)
Ақтөбе, 2016ж.
Абстракт
Мақсаты: Қазіргі таңдағы денсаулық сақтау саласының даму тенденциясына қоғам, жұртшылық назарын аудару, дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл саланың елдің экономикасын және бәсекелестігін арттырудағы үлесін таныту. Еліміздегі медицинаның қазіргі жағдайын толықтай қарастырып, даму мүмкіншіліктерін айқындау. Сонымен қатар, еліміздің халықаралық деңгейде әлем елдерімен иық теңестірудегі медицинаның қаншалықты үлес қосатынын зерттеу.
Мәселе: Қазіргі таңдағы медицина саласының даму қарқыны, деңгейі заман талабына сай ма?
Міндеттері:
- Еліміздегі медицинаның қазіргі жағдайын толықтай қарастырып, даму мүмкіншіліктерін айқындау.
- Еліміздің халықаралық деңгейде әлем елдерімен иық теңестірудегі медицинаның қаншалықты үлес қосатынын зерттеу
Күтілетін нәтиже:
- Денсаулық сақтау саласының дамуының оң және теріс жақтарын айқын көрсету.
- Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосу.
Кіріспе
Қазақ халқы бұрынғы заманнан бері жан мен тәннің амандығын алдыңғы орынға қойып, ерекше көңіл бөлген. Сол себепті де «Бірінші байлық - денсаулық» - деп ата-бабаларымыздың нақылдауы бекер болмаса керек. Халқымыздың денсаулығы – еліміздің қарқынды дамуы мен экономикасына, әсіресе әлеуметтік жағдайдың жақсаруына септігін тигізетіні сөзсіз. Денсаулығымызды сақтауға ықпал ететін, қарапайым халыққа көмегін тигізер саланың бірі – медицина. Қазіргі таңда «медицина саласы күн сайын дамуда, ауруханалар саны артып жатыр» деген сөздерді құлақ құрышымыз қанғанша естіп жүрміз, ал бұл дұрыс па деген сауал әрбір азаматты бей-жай қалдырмайды деген ойдамын.
1991жылдан кейінгі кезеңде медицина саласындағы ағымның қуаты 52%-ға, ал кіріс 95,3%-ға өскен. Денсаулық сақтау министрлігі сарапшыларының айтуынша, медициа саласындағы қызмет түрлерінің өсу қарқыны жылына 3,2%-ды құрайды.
“Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енгізудің басты тұжырымы ретінде ұсынылған “Қазақстан- 2050” стратегиясының бірінші кезектегі міндеттерінің бірі—қазіргі заманғы және тиімділігі жоғары денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру болып табылады ”,-дейді Денсаулық сақтау министрлігі “Республикалық денсаулықты дамыту орталығы” РМК ғылыми зерттеулер, сараптама және инновациялық іс-әрекет орталығының жетекшісі Виталий Койков.
...