Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Машинажасау өндірісінің технологиялық үрдістері

Автор:   •  Май 22, 2019  •  Курсовая работа  •  1,337 Слов (6 Страниц)  •  527 Просмотры

Страница 1 из 6

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВА АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЗИКА - ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

«ҒАРЫШТЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ

 « Машинажасау өндірісінің технологиялық үрдістері» пәні бойынша

Курстық жобаның

есептік түсініктемесі

Орындаған:

Ғарыштық техника және технологиялар

мамандығының 3 курс, ҒТТ-33

                                                                                    тобының студенті Бақытбек Т.

Тексерген:

проф. Сексенбаева Р.Б.

 

Астана 2019

Кіріспе

        Өндірістің тиімділігі, оның техникалық прогресі, шығарылатын өнімнің сапасы көбінесе жаңа жабдықтар, машиналар, станоктар мен аппараттар өндірісінің озыңқы дамуына, техникалық-экономикалық талдау әдістерін барынша енгізуге байланысты.

       Осыған байланысты жоғары оқу орындарының оқу процесінде машина жасау технологиясы бойынша курстық жобалау сияқты жоғары курс студенттері орындайтын дербес жұмыстарға елеулі орын беріледі.

      Бұл қарастырылып жатқан курстық жобалау дәрістік және практикалық сабақтар кезінде студенттердің алған білімдерін бекітіп қана қоймай, тереңдетеді және қорытады. Курстық жобалауда анықтамалық әдебиетті, ГОСТ, кестелерді, номограммаларды, нормалар мен бағаларды қолдану, курсты оқу барысында алынған теориялық білімдермен анықтамалық мәліметтерді шебер үйлестіруіміз керек.

      Курстық жобалау кезінде студенттің техникалық және ұйымдастырушылық міндеттерін шешудегі бастамасын дамыту, сондай-ақ бар технологиялық процестерді егжей-тегжейлі және шығармашылық талдау мақсатында өзіндік шығармашылығына ерекше көңіл бөлінеді.

      Жобаны орындау кезінде технологиялық процестердің, жабдықтардың, жарақтардың, дайындамаларды алу әдістерінің нұсқаларын таңдау бойынша шешімдер қабылдау техникалық-экономикалық есептеулер негізінде жүргізіледі, бұл оңтайлы нұсқаны ұсынуға мүмкіндік береді.

       Жобаны қорғау  белгіленген уақытта атқарылған жұмыстың мәнін баяндай білуін бағалауға, сондай-ақ жоба бойынша сұрақтарға жауап беру кезінде қабылданған шешімдерді дәлелді түрде түсіндіруге мүмкіндік береді.

І.Бөлшектің қызметтік тағайындалуы және оның техникалық талаптары

      Курстық жобалау процесінде, сондай-ақ өндірістік жағдайларда да, кез келген конструкция (машина, торап, бөлшек) ең мұқият талдануы тиіс. Мұндай талдаудың мақсаты- сызбалар мен техникалық талаптардағы мәліметтер бойынша конструкцияның кемшіліктерін анықтау, сондай-ақ қарастырылып отырған конструкцияның технологиясын  жақсарту.

    Өңделетін бөлшектер конструкциясының технологиялығын талдау кезінде шешілетін негізгі міндеттер-  еңбек сыйымдылығы мен металл сыйымдылығын азайту мүмкіндігіне, бөлшектерді жоғары өнімді әдістермен өңдеу мүмкіндіктеріне негізделеді. Осылайша, конструкцияның технологиялығын жақсарту оны дайындаудың өзіндік құнын қызметтік тағайындалуына зиян келтірмей төмендетуге мүмкіндік береді.

    Курстық жобаның тақырыбы- шлицті төлкені өңдеудің технологиялық процесін жасау болып табылады. Негізінен шлицті (тісті) қосылыс — бетінде радиалды орналасқан шлицтер (паздар) және тістердің көмегімен біліктің және тесіктің қосылуы. Үлкен беріктікке ие, және білік пен тесіктің осьтік жылжу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

 Классификациясы

 Шлицтердің (тістері) пішіні бойынша:

-Тікбұрышты;

-Эвольвентті;

-Үшбұрышты;

Берілетін жүктеме бойынша:

-Жеңіл серия;

-Орташа серия;

-Ауыр серия.

Жанасатын бөлшектерді орталықтандыру тәсілі бойынша:

-тістің сыртқы диаметрі бойынша;

-тістің ішкі диаметрі бойынша;

-тістің бүйір беті.

Қозғалу дәрежесі бойынша:

-қозғалмалы;

-қалыпты;

-жылжымайтын.

      Шлицтердің өлшемдері біліктің ішкі диаметрімен, олардың саны мен формасымен анықталады. Шлицті қосылыста контактілердің бірнеше жазықтығы пайда болады. Үлкен айналмалы моментін беру мүмкіндігі шпонкалармен салыстырғанда бірнеше есе өседі.

...

Скачать:   txt (17.3 Kb)   pdf (158.2 Kb)   docx (558.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club