Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сүт өндірісінің технологиялық процестерін автоматтандыру

Автор:   •  Декабрь 14, 2021  •  Реферат  •  1,099 Слов (5 Страниц)  •  784 Просмотры

Страница 1 из 5

        Сүт өндірісінің технологиялық процестерін автоматтандыру

              Сүт қабылдау жəне дайындау бөлімін автоматтандыру

                             Сүтті есепке алу жəне қабылдау

    Сүтті қабылдау – сүт өндеуші кəсіпорындарда сүтті өңдеуге дейін жүргізілетін негізгі технологиялық операция. Сүт өңдейтін кəсіпорынға шикі сүт арнайы – сүт таситын көлікпен жеткізіледі жəне келіп түскен сүттің температурасы 100 С-тан аспау қажет. Қабылдау цехтары мен бөлімшелері қажетті жабдықтармен (таразы, есептегіштер, резервуарлар жəне басқалары), автоцистерналарға қызмет көрсететін арнайы платформалармен, автоцистерналар мен флягтарды жуатын конвейерлермен жабдықталған. Сүтті зертханашыны міндетті түрде қатыстыра отырып мастер немесе қабылдаушы қабылдайды. Айдаушы насостар, ауаны кетіретін сыйымдылықтар, салқындатқыштар (түсетін сүт 40 С температурада болуы тиіс), сүтті сақтау танктері қабылдау пунктінің негізгі элементтері болып табылады. Барлық объектілер клапанды матрицалы құбырлар желісімен жəне насостармен өзара байланысқан.

    Сүтті қабылдау бөлімшесінде келесі талаптар сақталуы тиіс:

• Барлық түсетін сүт 4°C дейін салқындатылуы тиіс;

 •Қабылдау процесі кезінде өнімге сыртқы əсерлердің ықпалын болдырмау керек;

•Сүтті қабылдау минималды ықтимал мерзімде жүзеге асырылуы тиіс;

•Сүтті ағында есепке алады;

• Жергілікті немесе жалпылама СІР-жуғышқа қосылу мүмкіндігі.    

       СУМТ-10 сүтті есепке алу станциясы сүтті есепке алу, сүзгілеу жəне алдын ала салқындату қондырғысы ретінде сүт өнеркəсібі кəсіпорындарында қолданылады. Қондырғы ООЛ-10 типті пластиналы жылу алмастырғыш аппаратпен жабдықталады. 67 Құрылғы жəне жұмыс істеу қағидасы: Қондырғы сорғыдан, ауа бөлгіштен, ірі бөлшекті тазалау фильтрінен, майда бөлшекті тазалау фильтрінен, қайтарма клапаннан, көру учаскесінен, сынама іріктеуіштен, пластиналы жылу алмастырғыштан, температура датчигі бар басқару шкафынан тұрады. Жабдықтың барлық компоненттері рамада жинақталған. Барлық компоненттер өзара құбырлар арқылы байланысқан. Жұмыс істеу қағидасы келесідей: Сүт сүт тасымалдауыштан шланг арқылы қондырғы насосының сорғыш келте құбырына келіп түседі. Қондырғының насосын іске қосқан кезде сүт алдымен, ірі жəне майда тазалаудан өткізетін, фильтрге беріледі.

   Қондырғының жұмыс істеу тəртібі:  

Сүтті жүйеге берер алдында оператор сенсорлы панелге сүтті

 жеткізген шаруашылықтың сəйкестендірілген кодын ендіреді;  алдыңғы салмақты алып тастау арқылы таразыға ыдыстың салмағын

 ендіреді;  салмақты өлшеу бағдарламасын іске қосады;

  басқару жүйесі сүтті үздіксіз жүктеуді, өлшенген циклдерді

 жинақтауды, қалдықты есептеуді үздіксіз жүргізіп отырады;  қабылданған сүттің мөлшері туралы ақпарат салмағын өлшеу

 аяқталғанда журналға жазылады не желі арқылы өндірісті басқару жүйесіне беріледі. Қондырғы фильтрдің екі түрімен жабдықталған:  сүтті ірі бөлшектерден тазалайтын торлы фильтр;

  сүтті майда бөлшектерден тазалайтын фильтр;

 Фильтрлердің əрбір түрі фильтрлеуші элементтерді тазарту үшін жəне ауыстыру үшін қосарланып ұсынылады.

  Сүтті екі сатылы фильтрлеуден өткізу жəне майда бөлшектерден тазалау:  сүтті 98%-ға механикалық қоспалардан тазартуға;

  соматикалық жасушалар мен тұқымдану багін 60%-ға дейін

 төмендетуге;  сүттің сортын арттыруға;

  сүттің сақтау мерзімін арттыруға мүмкіндік береді.

 Қондырғы құрылымының қолайлылығы жұмыс істеп тұрған фильтрлеуші элементті ауыстыруға немесе тазартуға мүмкіндік береді. Сүтті қабылдау кезінде сүтті фильтр арқылы өткізгеннен кейін фильтр корпустан алынады, ағын суда шайылады, одан кейін келесі циклге дейін тұзды суға салып қояды. Фильтрлеуші элемент 24 сағат бойына үздіксіз жұмыс істегеннен кейін басқасына ауыстырады. Қолданылған фильтрлеуші элемент кəдеге жаратылады. Фильтрлегеннен кейін сүт ауа бөлгішке түседі, мұнда сүт деаэрацияланады жəне құбырда деаэрацияланған сүттің ағынын қалыптастырады. Ауа бөлгіштен кейін деаэрацияланған сүт ағыны есептегішке түседі. Сүттің шығынын шығын – есептегішпен дəл анықтау  үшін сүтті алдымен деаэрациялау керек. Сондықтан қондырғы ауа бөлгіш багімен жабдықталған. Шығын - есептегіш қуысына ауа ағыны еніп кетпес үшін шығыс құбыры жоғарыға қарай бағытталған болуы керек! СУМТ-10 қондырғысында сүтті сақтау температурасына дейін салқындату үшін ООЛ-10 пластиналы жылу алмастыру аппараты қарастырылған. Қондырғы жұмысы аяқталғаннан кейін насостың шығысына таза су жіберу арқылы қондырғының құбырларында жəне элементтерінде қалған сүтті ығыстырып шығарады.

...

Скачать:   txt (15.4 Kb)   pdf (66.3 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club