Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жемісті-жидекті салма қосылған тоқаш өндірісінің технологиялық процесін сипаттау болып табылады

Автор:   •  Июнь 23, 2021  •  Курсовая работа  •  9,016 Слов (37 Страниц)  •  653 Просмотры

Страница 1 из 37

МАЗМҰНЫ

Кіріспе............................................................................................................

3

1 «Темиршиков» ЖК құрылымы және бағытымен танысу......................

5

2«Темиршиков» ЖК өндіріс орнындағы техника қауіпсіздігімен танысып және өту...................................................................................................

9

3 «Темиршиков» ЖК кәсіпорнында шикізаттарымен танысу......................................................................................................................

12

4 Жеке тапсырма. Жемісті-жидекті салма қосылған тоқаш  өндірісінің технологиялық процесін  сипаттау...................................................

5 Өндіріс орнындағы шикізаттардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу әдісімен танысу.........................................................................................

15

21

Қорытынды...................................................................................................

26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................

27

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Нарықта наубайхана өнімдерінің түрленуі арқасында, адамдар өмірінде көп мөлшерде наубайхана өнімін тұтыну оның құрамындағы заттарға назар аударуға итермелейді. Сонымен қатар, нарықта диеталық және функциналды өнімдермен бай өнімді де тұтыну көбеюде. Наубайхана өнімдерінің басты кемшіліктерінің бірі - ол құрамында минералды зат пен дәруменнің аз болуы. Осыған байланысты қазіргі таңда оның химиялық құрылымын толығымен өзгертуге тырысуда. Яғни, оларды минеральды затпен, дәруменмен, функционалды ингредиентермен, тағамдық талшықтармен қамтамасыз ете отырып, оның энергетикалық құндылығын төмендету. Қазіргі таңда өндіріс үшін ең басты мәселе ол - тағамның дәрумендік, минералды заттар, ақуызын төмендетпей, төменгі калориялы өнім шығару болып табылады. Осыған орай наубайхана жаңа өнімдерінің түрлері бөлішке сияқты технологиялық үрдіске әртүрлі шикізаттар енгізуі және адам тамақтануында зерттелген нутриенттер дефицитін жойылта алатындығы. Наубайхана өнімдерді дәрумен және минеральды затпен байыту барысында оның басқа заттармен сәйкестігін зерттеу қажет, сонымен катар оның адам ағзасына әсерін де зерттеу керек.  Осындай келеңсіз мәселелерді шешу үшін емдік-профилактикалық және функционалдық бағыттағы қоспаларды пайдалану өзекті болып отыр. Соның ішінде табиғи қоспаларды пайдаланған дұрыс.  Табиғи қоспаларды қосу май құрамды өнімдерді  дәрумендермен, биологиялық белсенді және минерал заттармен байытады, сақтау кезеңінде  қажетті қорғаныспен қамтамасыз етеді.

Емдік-профилактикалық өнім алуға арналған тоқаш өнімдері түрлерін көбейту мəселесін шешудегі болашағы зор бағыттардың бірі – жемісті жидекті шикізаттарын қолдану арқылы биологиялық белсенді қоспалармен құнарландырылған тоқаш өнімдерінің технологиясын жасау болып табылады.

Жер жүзінде 32 тұқымдасқа жататын 200-ден астам жемісті дақылдардың түрлері бар. Негізгі жемісті дақылдарға алма, алмұрт, шие, алхоры, мендаль, өрік, шабдалы, бүлдірген, құрма, жанжабіл, анар т.б. жатады. Жеміс - құнды, тағамдық өнім. Оның кұрамында тез қорытылатын көмірсулар, органикалық қышқылдар, С витамині, минералды тұздар, пектинді, тұтқырлы, бояушы, хош иіс беретін организмге пайдалы заттар болады. Олардың мөлшері жемістің түрлеріне байланысты өзгеріп отырады. Жемістерді ұзақ мерзімге сақтау үшін оларды консервілеу немесе кептіру қажет. Кептірілген жемістерді жеміс қағы деп атайды. Бұларды кептіру табиғи жолмен күн көзі немесе жылы ауамен өңдеу арқылы жүргізіледі [1,2].

Құрамы мен өсіру аймағына байланысты жаңа піскен жемістер келесі топтарға бөлінеді: тұқымды - алма, алмұрт, айва; сүйектілер - шие, көк өрік, өрік, шабдалы; жидектер - жүзім, қарақат, бүлдірген, құлпынай, таңқурай және жабайы жидектер; жаңғақ жемістілер - жаңғақ, грек жаңғағы, миндаль, арахис, фисташка, кария, кешью т.б.; субтропикалық және тропикалық - құрма, унаби, інжір, анар, фейхова, ананас, банан, манго, финики, цитрустылар. Тұқымды жемістілер. Тұқымды жемістілер қабығынан, жеміс жұмсағынан және тұқымы бар бес ұялы камерадан тұрады. Бұл топқа алма, алмұрт, айва, мушмула жатады. Олар жоғары тағамдық құндылықпен, жақсы дәмдік қасиетімен ерекшеленеді және өңдеу үшін құнды шикізат болып табылады.

...

Скачать:   txt (129.8 Kb)   pdf (566.1 Kb)   docx (384.2 Kb)  
Продолжить читать еще 36 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club