Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Макарон өнімдері өндірісінің дамуы

Автор:   •  Февраль 18, 2018  •  Курсовая работа  •  4,932 Слов (20 Страниц)  •  2,922 Просмотры

Страница 1 из 20

Кіріспе

Макарондар немесе итальяндық атауы бойынша паста – жер жүзіндегі ең танымал тағамдардың біріне айналды. Статистикаға сәйкес макарон өнімдері күнделікті сұранысқа ие азықтардың ондығына кіреді. Бұл қол жетімді бағасы үшін ғана емес. Макарон бұйымдарын пайдалы рацион қатарына құрамындағы қажетті элементтеріне байланысты жатқызады: ақуыздар, көмірсулар, таптырмайтын қышқылдар, В1, В2, РР дәрумендері, минералды заттар (кальций, натрий, күкірт, магний, калий, кремний). Ол – күш қуаттың қайнар көзі. Ал ең бастысы – 15 минут  ішінде дәмді құнды ас дайындауға болады.

Макарон бұйымдарының сортын кеңейту, азықтық құндылығын арттыру және макарон бұйымдарының сапасын жақсарту үшін әртүрлі қоспалардың қолданылуымен макарон бұйымдарының жаңа технологиялары қолданылуда.

Тамақ мәселесі адамзат алдында тұрған мәселелердің негізгісі. Адам денсаулығын және жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалу үшін, ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ету үшін келесі үш негізгі тәртіпті сақтау қажет: энергияның балансы; ағзаның қажеттіліктерін толық қажетті мөлшерде қанағаттандыру; азықтық заттардың арақатынасы және тамақтану тәртібі.

Соңғы онжылдықта технологияны жақсартуға, сапаны көтеруге және өнім ассортиментін кеңейтуге әсерін тигізетін азықтық қоспалардың өндірісі кең дамуда. Азық-түлік өнеркәсібінің мамандарының ойынша, ХХІ ғасырда тағам өнімдерін қоспаларыз дайындау мүмкін емес.

Біздің елімізде қоспалардың 400-ден астам түрдерін қолдануға рұқсат берілген, 2500-ден астам хош иістенгіштердің түрлері бар.  Функционалды тамақтану өнімдеріне де осыншама биологиялық активті заттар мен қоспалар қолданылады.

Бүгінде макарон өнімдері елімізде, сондай-ақ, бүкіл әлемде негізгі азықтық өнімдердің бірі болып табылады. Макарон бұйымдарының аса кең таралған азықтық өнімдерге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Макарон бұйымдарын сақтау кезінде олар нан секілді кебірсімейді және қатқан нанға қарағанда ылғалды аз сіңіреді, жақсы тасымалданады және дәмдік, нәрлілік қасиеттерін жоғалтпастан (бір жылға дейін және одан да көп уақыт) жақсы сақталады. Макарон өнімдері, құрамында ақуыз заттары көп бидай ұнынан жасалатын болғандықтан, азықтық құндылығы жағынан бидай нанынан асып түседі.

1. Макарон өнімдері өндірісінің дамуы

Макарон бұйымдарын есте жоқ ерте кездерден бастап даярлаған: алдымен жазық кеспелер түрінде, кейіннен түтік тәрізді макарон түрінде даярлаған. Кеспені даярлау тәсілінің алғашқы сипаттамасы рим тамақ талғағышы Апичоның жаңа эраның алғашқы он жылдығында құрылған аспаздық жөңіндегі трактатында кездеседі. Италиядағы макароннан жасалған тағамдардың құжаттық ескерілуі ХІІ ғасырға жатады, яғни Еуропаға макарон әкелді деп саналатын Марко Полоның ХІІІ ғасырдың аяғындағы Қытайға жасаған әйгілі саяхатынан көп уақыт бұрын.

Осылайша ХІV ғасырдың ортасына дейін макарон өнімдері тек үй жағдайларында әзірленген.

Макарон бұйымдарын даярлайтын қарабайыр техникалары бар алғашқы кішігірім цехтар ХІV ғасырдың аяғында Италияда пайда болған. Қамыр алғашқыда қолмен иленіп, кейін оны ұн қоса отырып, қажетті қатты консистенцияға дейін илеу – ішінде жұмысшы өзінің салмағымен қамырды басып, тұтқаны жылжыту арқылы орнына түсіріп отыратын, ұзын тұтқалы қамыр бұлғауышпен жасалған. Макарон мен вермишельдерді бұрандалы ағаш пресстерде қол тартпамен тайлап, цехтың жұмыс жайларындағы сөрелерде орналастырылған рамаларда кептірген.  

Механикалық тайлағышы мен ат тартпасы бар алғашқы Италия макарон фабрикасы ХVIII ғасырдың  60-жылдарында пайда болды. Біраз уақыт кейін Франция мен Германияда макарон фабрикалары пайда болды.

Соңғы жылдарда макарон өнеркәсібін дамытудың ауқымды бағдарламасы бекітілуіне байланысты макарон бұйымдарына деген сұраныс күрт арта бастады.

Біздің уақытымызға дейін жеткен макарон макарон өндірісінің онан әрі дамуы қамырырды илеп, жасау техникасы мен технологиясын, жаңа тефло өндірмелері бар қалыптарды, тез пісетін және пісіруді қажет етпейтін, сондай-ақ, дәстүрлі емес шикізат түрлерінен жасалатын өнімдердің технологиялық өндіру тәсілдерін жетілдіру жолы бойыша келе жатыр.

...

Скачать:   txt (72.3 Kb)   pdf (533.1 Kb)   docx (123.2 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club