Өнім өндірісінің технологиялық желісін таңдау және негіздеу
Автор: aika_0403 • Декабрь 11, 2019 • Курсовая работа • 2,382 Слов (10 Страниц) • 661 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 4 |
Негізгі бөлім | 6 |
Қорытынды | 20 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 21 |
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезеңде қоғамдық тамақтану үй жағдайында тамақтанумен салыстырғанда басым орын алатын болды. Осыған байланысты ыдыс жуу көп талап еткендіктен және еңбек өнімділігін арттырудың негізгі факторы ретінде өндірістік процестерді одан әрі механикаландыру және автоматтандыру қажеттілігі туындайды. Отандық өнеркәсіп қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының мұқтаждықтары үшін көптеген түрлі машиналар жасайды. Жыл сайын өндірісте еңбекті қажетсінетін процестерді механикаландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін жаңа, неғұрлым заманауи машиналар мен жабдықтар игеріліп, енгізіледі.
Адамның қатысуынсыз автоматты режимде жұмыс істейтін жаңа машиналар, жабдықтар жасалып, игерілуде. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қолмен орындалатын өндірістік процестердің көпшілігі әлі күнге дейін басым. Сондықтан, өндірістің осы саласында түбегейлі қайта құру өндірістік процестерді кеңінен индустрияландыру болып табылады.
Қоғамдық тамақтандырудағы өндірісті осындай ұйымдастыру жаңа жоғары өнімді жабдықты қолдануға ғана емес, оны неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар уақыт шығындары үнемделеді, қызмет көрсету дәрежесі артады. Өндірісті механикаландыру және автоматтандыру есебінен қол еңбегінің шығындарын күрт төмендетеді, өнім өндірісінің өнімділігін арттырады және санитарлық-гигиеналық жағдайларды жақсартады.
Бұл курстық жұмыста тамақтану кәсіпорындарының жабдықтары, соның ішінде қоғамдық тамақтану орындарында қолданылатын ыдыс жуу машинасы туралы мәліметтер кеңінен қарастырылған. Сонымен бірге тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары жіктелініп берілген. Жұмыста қазіргі замандағы республикамыздың кәсіпорындарында кең тараған ыдыс жуу машинасы қарастырылған және оларды есептеу тәсілдері келтірілген.
1.2 Технологиялық бөлім
1.2.1 Өнім өндірісінің технологиялық желісін таңдау және негіздеу
Тамақтандыру орындарындағы ең бір қиын жұмыстардың бірі - ыдыс-аяктарды жуу процесі. Жуу процесінің негізгі операциялары болып ыдысты тамақ қалдықтарынан тазалау, жуу ерітіндісімен жуу, бір немесе екі рет шаю және кептіру есептелінеді.
Ыдыстар тамақ қалдықтарынан, шашыратылған су ағындарының көмегімен тазаланады. Ол үшін мұздай немесе ыстық су пайдаланылады, ыдыстарды жуу жылы су ерітіндісімен жүргізіледі. Бірінші шаю температурасы 58°С тан жоғары, ал екінші шаю температурасы 85°С тен жоғары ыстық сумен жүргізіледі.
1.2.2 Өнім өндірісінің технологиялық жабдығын таңдау және негіздеу
- Жуылатын ыдыс-аяқ түрлеріне байланысты әмбебап немесе мамандандырылған болып бөлінеді
- Жұмыс істеу тәртібі бойынша толассыз немесе кезеңді болып бөлінеді.
- Жұмыс камерасының құрылымы бойынша камералы немесе ашық болып бөлінеді.
- Жұмыс органдары бойынша гидравликалық немесе механикалық болып бөлінеді.
- Жуу процессінің негізгі параметрлерінің бірі жуу ерітіндісінің ағынының касиеттері болып есептелінеді. Себебі ағынның параметрлері дұрыс болса ыдыс таза жуылады және су шығыны төмен болады.
Құбырлардан ақкан сұйық шығыны Бернулли тендеуінің көмегімен анықталынады.
Hr + Нст + Н0 =const.,
мұндағы,
Нг -геометриялық арын,м; Нст -статикалық арын м; Но -жылдамдық арыны, м. Нақты жағдайда жоғарыдағы формулаға жоғалған арын мөлшерін Нш қосу қажет.
Нг + Нст + Н0 –Нш const
Салмалар қуысынан ағатын сұйықтардың статикалық арыны жоқ болғандықтан жалпы гидродинамикалық арын жылдамдық арыны мен жоғалтылатын арын мөлшеріне тең болады
...