Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сүт өндірісінің заманауи технологиялық жабдығы

Автор:   •  Ноябрь 23, 2021  •  Реферат  •  526 Слов (3 Страниц)  •  436 Просмотры

Страница 1 из 3

Дәріс 13

Сүт өндірісінің заманауи технологиялық жабдығы

Сүтті ультрапастерлеу

Ультрапастерлеу (латын тілінен ultra — жоғары, шамадан тыс пастерлеу) – бұл тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімін ұзарту мақсатымен термиялық өңдеу процесі. Сұйық 2-3 секундта 135-150°C температураға дейін жылитын жəне бірден 4-5°C дейін салқындатылатын пастерлеудің алуан түрлілігі. Бұл ретте патогендердің көпшілігі жойылады. Ультрапастерлеу қайнату қажет емес сапалы ішетін сүт жасауға мүмкіндік береді. Ал қайнатылған сүт өзінің көптеген емдік қасиеттерін жоғалтады. Ультрапастерлеуге əдетте шикі сүт жəне жеміс шырындары ұшырайды. Сұйық 2-3 секундта 135–150°C температураға дейін жылытылады жəне бірден 4–5°C дейін салқындатылады. Бұл ретте патогендер мен микроағзалар толығымен жойылады жəне 6 апта сақталады. Осылайша, сүттің қышқылдануына əкелетін микрофлора мен бактерия споралары жойылады, ал табиғи пайдалы қасиеттері минималды шығындармен сақталады (1-сурет).

Өңдеуден кейін сүтті орау бітеу көп қабатты пакетке стерильді жағдайда өтеді. Сапалы шикізат, оған қоса жедел өңдеу мен сенімді орауыш – мұндай сүт қайнатуды талап етпейді.

Ультрапастерлеу процесі жабық жүйеде өтеді, арнайы қондырғылары бар. Ұзақтығы – шамамен екі секунд.

Ультрапастерлеудің екі тəсілі қолданылады:

-Температурасы 125 – 140°C болғанда жылытылған бетімен сұйық

байланысы;

-Температурасы 135 – 140°C болғанда стерильді будың тікелей

араласуы.

Қазір ультрапастерлеу (UHT-технология) – əлемде сүтті өңдеудің ең озық жəне танымал əдістемесі. АҚШ тағам технологиялары институты 1989 жылы бұл жүйені «ХХ-ғасырдағы тағам технологиясының аса үлкен жетістіктері» деп атады. Францияда, Германияда, Бельгияда, Испанияда жəне кейбір басқа елдерде бұл сүт жалпы тұтынылатын өнім көлемінің 90% құрайды жəне сапасы бойынша бу сүтінен кем түспейді, адамға қажетті барлық пайдалы заттарын ұзақ сақтайды, сиыр емшегі мен құйрығынан сауу кезінде сүтке түсетін микробтардан тұрмайды. Пастерленген сүтте мемст бойынша бір миллитрде 150 000 бактериялардың болуына жол беріледі, сондықтан ол тіпті тоңазытқышта тез ашиды.

[pic 1]

1-сурет. Дайын өнімді ультрапастерлеу (UHT) жəне қалталау процесінің

технологиялық схемасы.

ЛД-8СО(А)З асептикалық құю автоматы (көлемді

мөлшерлеу)

Бавар компаниясы сүт өңдеу жəне сүт өнімдері мен сусындар өндіру жабдықтары мен технологиялық процестерді өндіру, зерттеу жəне əзірлеу бойынша Қытайда жетекші болып табылатын PLS технологиялық жəне орау жабдықтарының үздік қытай зауыттарының бірінің ресми əріптесі болып табылады, сондай-ақ күрделі технологиялық желілер мен процестерді жобалауда үлкен тəжірибесі бар (2-сурет).

...

Скачать:   txt (7.9 Kb)   pdf (530.4 Kb)   docx (479.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club