Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Компьютерлердің жіктелуі

Автор:   •  Октябрь 2, 2021  •  Реферат  •  886 Слов (4 Страниц)  •  880 Просмотры

Страница 1 из 4

Дәріс 1

Компьютерлердің жіктелуі


       Компьютер техникасының әртүрлі жіктелуі бар:

  • даму кезеңіне қарай;
  • сәулетіне қарай;
  • өнімділігіне қарай;
  • қолдану шартына қарай;
  • процессор санына қарай;
  • тұтынушы қасиеттеріне қарай.

 Кез-келген жіктелу шартты түрде болатынын атап кеткен жөн, себебі компьютерлік ғылым мен техника өте жылдам дамиды. Мысалы  қазіргі замандағы қарапайым компьютерлер қуаттылығы жағынан   өткен жылдардағы суперкомпьтерлерден асып түседі.

Алдыңғы қатардағы компьютер өндірушілердің қолданылатын компьютерлік жіктелуін көрейік:

  • Суперкомпьютерлер;
  • Дербес компьютерлер: үстелге арналған, тасмалдауға арналған, қолға арналған;
  • Мэйнфреймдер;
  • Серверлер

Суперкомпьютерлер – бұл  зор көлемдегі есептеулерді қажет ететін жағдайларда қолданылатын үлкен компьютерлер. Ол тапсырыс берушінің нақты  жағдайларын немесе мақсаттарын жүзеге асыруға арналған дана өнім болып табылады. Бірақ, суперкопьютерді құрайтын элементтер сериялы болып келеді.  Суперкомпьютерлер,  жылдам жадысының көлемі үлкен және  жоғары жылдамдықпен ерекшеленетін, жүздеген процессорладан тұрады. Көптеген  суперкомпьютерлер кластерлі технологиямен жасалады.

Мэйнфреймдар  - бұл аса жоғар жылдамдығы  және орасан зор  есептеуіш қорлары бар үлкен компьютерлер. Бұл компьютерлер үлкен көлемдегі ақпаратарды  және бірнеше мыңдаған тұтынушылардың сұраныстарын бір уақытта өңдей алады.   Физикалық тұрғыда  мэйнфреймдарда  бір корпус бар  -  ол терминалдар қосылатын шкаф тәріздес жүйелік блок.  Аталған компьютер түрі үлкен көлемдегі мәлметтер қоймасын және бір уақытта бірнеше сұраныс жасалатын үлкен web-түйіндерді сақтауға арналған.

Серверы – бұл компьютер желісінде орталық түйіннің қызметін атқаратын компьтер. Серверде желінің жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама орнатылады. Әрі серверлік компьтердегі ақпаратты желіге қосылған барлық компьютерлер қолдана алады. Желінің жұмыс жағдайы және мәлметтер қоймасының, басқа да ақпараттың  сақталуы және т.б. серверге байланысты. Сондықтан әрбір серверда  ақпаратты резервке қайта сақтау жүйесі,  электр қоры,  жұмысты тоқтатусыз ақауы бар блоктарды ауыстыру тәрізді мүмкіндіктер болады. Әрбір серверде санаулы прцессорлардан бастап,  бірнеше ондаған процессорларға дейін  болуы мүмкін.

Дербес  компьютерлер – бұл бақа компьтерлерден бөлек бір ғана адаммен қолданылатын компьтерлер. Дербес компьютерлер стол үстіне араналған, тасымалдауға арналған және қолға арналған болуы мүмкін.

Стол үстіне арналған компьютерлер бөлмелік  және кабинеттік жағдайға арналып, үстел үстіне орнатылған компьютерлер. Олар бірнеше блоктардан тұрады  -  бір-бірімен байланысқан жүйелік блок, монитор, пернетақта және тышқан.

Тасымалдауға арналған компьютерлерді ағылшын сөзімен  "ноутбук" деп атайды. Ноутбукта сұйық кристалды дисплей, оптикалық диск салғыш және жүйелік блокпен  біріктірілген пернетақта бар. Сонымен қатар меңзерді қозғалтуға арналған басқарушы құрылғы болады.  Мөлшері жағынан ноутбуктар бір портфель көлеміндей болады.

Қалтаға салып жүргенге ыңғайлы тасымалдау компьютерлері адамның бір қолына сыйып кетеді, сондықтан оларды дәл осылай - қолға арналған немесе қолдық дербес компьютер деп атайды.  Бұл компьтерлерге бағдарламалар микросхемаларға кіргізілген. Бағдарламалар жиынына операционды жүйе, мәтіндік және графиктік редактор, мәлметтер қоймасы жүйесі мен электронды кесте, әрі  Интернетте жұмыс істеуге арналған бағдарламалар жатады. Аталған компьютерлер құжаттар өңдеуге, мәлметтер қоймасын жүргізуге, есептеулер жасауға, құжаттарды баспаға шығаруға, оларды жазуға, Интернетте жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бірақ бағдарлама орнатуға болмайды.  PDA - personal digital assistent  деп аталатын қалта компьютерлері бар – арнайы сандық көмекші. Бұл компьтерлердің пернетақтасы жоқ.  Сондықтан PDA компьтерлер  сенсорлы экранмен жабдықталған, ақпарт арнайы сілтеуіштің көмегімен  бірден экранға енгізіледі.

...

Скачать:   txt (12.5 Kb)   pdf (139.8 Kb)   docx (54.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club