Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аниондардың аналитикалық топтарға жіктелуі

Автор:   •  Май 30, 2018  •  Контрольная работа  •  1,789 Слов (8 Страниц)  •  8,283 Просмотры

Страница 1 из 8

29.Аниондардың аналитикалық топтарға жіктелуі

Ерітіндіден аниондарды кезекпен бөліп алу мүмкін емес,себебі аниондарды аналитикалық топтарға сандық түрінде бөлетін реактив жоқ.Көп жағдайда аниондарды талдау кезінде олар бір біріне кедергі жасамайды.Сондықтан оларды бөлшектеу әдісімен табады,яғни зерттелетін ерітіндінің жеке бөлігінен.Осыған орай аниондарды анықтауда реагенттер оларды топқа бөлуге ғана пайдаланылмай,сол топтардың бар жоғын анықтауғада қолданылады.

Аниондардың барий және күміс тұздарымен түзетін қосылыстарының ерігіштігіне негізделген аналитикалық жіктелуі.

Топ

Аниондар

Топ сипаттамасы

Топтық реагент

І

SO32-, SO42-,  S2O32-, CO32-, С2O42-, C4H4O62-, F-, РО43-,

B4O72- (BO33-), CrO42-, SіO32-,  (AsO43-, AsO33-)

Барийлі тұздары суда ерімейді, сұйытылған қышқылдарда ериді (BaSO4-тен басқасы).

BaCl2 (бейтарап және әлсіз негізді ортада, рН=7-9)

ІІ

J-, Cl-, Br-, S2-, CNS-, ClO-, [Fe(CN)6]3-, [Fe(CN)6]4-

Күмісті тұздары суда және сұйыт. HNO3-те ерімейді).

AgNO3 (сұйыт. HNO3 қатысында)

ІІІ

NO3-, NO2-, CH3COO-, MnO4-

Барийлі және күмісті тұздары суда жақсы ериді.

Жоқ

Аниондарды талдауды алғашқы байқаудан бастаған жөн. Бұндай байқау барысында қоспада кейбір жеке аниондардың не аниондар тобының жоқ екендігі анықталып, әрмен қарай талдау жүргізу оңайға түседі. Мысалы, егер де тотықсыздандырғыш аниондар жоқ екендігі алғашқы байқауда анықталса, онда оларды әрмен қарай анықтап жатудың қажеттігі жоқ. Ерігіштік кестесін қолданып та зерттелетін ерітіндіде қандай аниондардың бар не жоқ екенін болжап айтуға болады.

Аниондарды ашып аныєтауға K+, Na+ және NH4+ катиондары кедергі жасамайды. Егер анализдейтін ерітіндіде басқа катиондар болса, оларды ерітіндіден кетіру керек. Ол үшін ерітіндіні содымен (Na2CO3) өңдеп, жақсылап қайнатады. Бұл кезде барлық ауыр металдар катиондары карбонаттар, негіздік карбонаттар не гидроксидтер түрінде тұнып, ал аниондар ерітіндіде сілтілік металдардың тұздары түрінде қалады.

Алғашқы байқаулар

  1. Ерітінді рН -ын анықтау.

Индикатор қағазы көмегімен ерітінді рН өлшенеді. Ол үшін зерттелетін ерітіндінің 1 тамшысын индикатор қағазына тамызып, оның бояуын рН-шкаласымен салыстырады.

Егер рН ≤ 2 болса, ерітіндіде күшті қышқылдар - HCl, H2SO4, HNO3 және де H3PO4 болуы мүмкін, ал қышқыл ортада оңай ыдырайтын тұрақсыз қышқылдар аниондарының (CO32-, SO32-, S2O32-, S2-, NO2-, ClO-)  жоқ болғаны.

Сонымен бірге, рН ≤ 5 болғанда ерітіндіде бір мезгілде тотықтырғыш J- және тотықсыздандырғыш NO2- аниондарының болуы мүмкін емес, өйткені олар бір-бірімен әрекеттесіп кетеді.

  1. Газдар бөлінуін сынау.

Сілтілік ортада барлық аниондар болуы мүмкін. Егер рН≥2 болса, онда тұрақсыз қышқылдар аниондарын анықтау үшін зерттелетін ерітіндінің 3-4 тамшысына 3 тамшыдай 1M H2SO4 қосып, пробирканы аздап сілкиді.

...

Скачать:   txt (23.1 Kb)   pdf (407.8 Kb)   docx (678.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club