Инвестиция, нақты және қаржылық инвестициялар есебі, олардың жіктелуі
Автор: Aneel • Май 30, 2018 • Курсовая работа • 3,531 Слов (15 Страниц) • 1,250 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................3
I бөлім. Инвестиция, нақты және қаржылық инвестициялар есебі, олардың жіктелуі.......................................................................................5-18
1.1. Инвестиция түсінігі және сипаттамасы, жіктелуі..............................5
1.2. Нақты инвестициялар, нақты инвестиция есебін жүргізу...............10
1.3. Қаржылық инвестиция және оның есебі............................................11
ІІ бөлім. «Батыс» АҚ-дағы инвестиция есебі, инвестициялық салым түрлері, инвестициялық операциялар....................................................18-23
2.1. «Батыс» АҚ қаржылық қызметіне сипаттама, оның инвестициялық салымдары.....................................................................................................18
2.2. «Батыс» АҚ инвестициялық салымдар бойынша шаруашылық операциялары, инвестициялық есебі...........................................................20
Қорытынды....................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................26
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Нақты және қаржылық инвестициялар есебі, олардың жіктелуі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .
Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде...”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.
Бұл курстық жұмысымның мақсаты І бөлімінде инвестиция туралы түсінік бере отырып, оның түрлеріне тоқталамын, ал ІІ бөлімінде қарастырған ұйымым - «» ЖШС-нің инвестиция есебін көрсете отырып, нақты және қаржылық инвестициялардың және есеп беруде инвестицияны ашып көрсету болып табылады.
Инвестиция — бұл шығын жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық кәсіпорындардағы және т.б. экономика саласыңдағы күрделі салым үлесін өткізу.Инвестиция қызметінің басты мақсаты-кәсіпорын кірісі мен проценті.
Инвестиция көздері болып жаңа құрылған құн немесе басқаша айтқанда жинақталған таза кіріс бөлігі табылады.
Кәсіпкерлер оны меншіктік кіріс (өзін-өзі қаржыландыру) шотында және саудалық капитал рыногында (таратылынды қаражат) жұмылдырылады. Инвестиция көзі амортизатциялық аударым болып табылатын негізгі капиталды жаңарту.
Инвестиция өзінің бағыттары немесе сатып алу мақсаты бойынша қаржы инвеститция мен нақты инвеститця болып екіге бөлінеді. Осы инвестицияның екі түріне курстық жұмысымның 1.2. және 1.3. бөлімдерінде жеке-жеке тоқталып, олардың есебін талдап, қарастырдым. Жалпы қаржылық инвестиция – ол акция, облигация және басқа да құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар. Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.
Накты инвестициялар - бұл салынған капиталдың нәтижесінде капиталдың өсуі немесе жаңа материалдық қордың (капиталдың) пайда болуы.
Интеллектуалды деген- ол, ғылыми ұйымдарға мамандар дайындау, тәжірибе алмасу, лицензия және «ноу-хау», бірлесіп ғылыми жұмыстар жасау және т.б. жатады.
I бөлім. Инвестиция, нақты және қаржылық инвестициялар есебі, олардың жіктелуі
1.1. Инвестиция түсінігі және сипаттамасы
Инвестиция деген өндірісті дамыту үшін ақшалай, материалды және еңбекті шығындар жиынтықтар болып танылады. Инвестициялық қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
...