Тест тапсырмалары Халықаралық Кеден құқығы
Автор: Kamilla016 • Март 4, 2022 • Тест • 11,028 Слов (45 Страниц) • 695 Просмотры
Тест тапсырмалары
1-нұсқа
1.Тауарлар мен көлік құралдарын өткізу туралы негізгі ережелерге мыналардың қайсысы жатады?
A) & тұлғалардың тауарларды әкелу мен әкетуге құқықтары;
B) заңдылық;
C) кедендік қызметті реттеудің толық қамтылуы;
D) таңдамалылығы
E) жариялылық
2.Тауарларды әкелуге (әкетуге) байланысты тыйым салулар мен шектеулерді кім белгілейді?
A) ҚР КБК
B) & ҚР Үкіметі
C) кеден органының лауазымды тұлғасы
D) ҚР Индустрия және Сауда Министрлігінің экспорттық бақылау және
лицензиялау Департаменті
E) ҚР Парламенті
3.Қазақстан Республикасының кедендік аумағында өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын кедендік аумақ арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын ҚР-ның Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы?
A) кедендік режим
B) кедендік заңнама
C) ҚР-ның Кеден кодексі
D) кедендік ресімдеу
E) кедендік бақылау
4.Әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдарына қолданылатын әрекеттерге мыналардың қайсысы жатады?
A) & уақытша сақтау қоймасына 3 күнге орналастыру
B) уақытша сақтау қоймасына 2 айға орналастыру
C) ҚР-нан тыс жерге әкетілуге, ҚР-ның белгіленген аумағына тауарды қайтару немесе ҚР-ның заңнамасында қарастырылған болса тәркілеуге
D) уақытша сақтау қоймасында 10 күнге орналастыру
E) мемлекет пайдасына бас Тарту
5.Тауарлар мен көлік құралдарын халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберуді, құбыр тасымалы мен электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез келген әдіспен мемлекеттің кедендік аумағына әкелу немесе әкету жөніндегі іс-әрекеттер жасау қалай аталады?
A) & кедендік шекара арқылы өткізу
B) кедендік ресімдеу
C) декларациялау
D) тауарлардың импорты мен экспорты
E) уақытша сақтау қоймасына орналастыру
6.Тарифтік емес реттеу шараларын кім белгілейді?
A) ҚР КБК
B) ҚР Президенті
C) & ҚР Үкіметі
D) ҚР Қаржы Министрлігі
E) ҚР Әділет Министрлігі
7.Тарифтік емес реттеу шаралары дегеніміз не?
A) кедендік тарифті қолдану
B) салықтарды төлеу
C) & тыйым салулар, шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың
қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға және өзге де талаптарға
сай келуі
D) кедендік төлемдерді төлеуді қамтамасыз ету
E) алдын ала шешім
8.Кедендік аумақтан өткізілетін тауарлардың кедендік режимін таңдау мен оларды өзгертуді кім жүзеге асырады?
A) &тасымалдаушы
B) кеден органының лауазымды тұлғасы
C) кеден органының бастығы
D) ҚР Үкіметі
E) тауардың мақсатына байланысты тұлға
9.Міндетті түрде сертификациялауға жататын тауарлар тізімін кім бекітеді?
A) &ҚР-ның Үкіметі
B) ҚР КБК
C) ҚР Индустрия және Сауда Министрлігі
D) ҚР Президентінің жарлығымен
E) Ауыл шаруашылық Министрі
10.ҚР-нда белгіленген тауарлардың қауіпсіздігі бойынша талаптарға сәйкестігін белгілейтін құжат–
A) тауарлардың жеткізілгендігі туралы куәлік
B) &сәйкестік сертификаты
C) тауардың шығарылуы туралы сертификат
D) соңғы пайдаланушының сертификаты
E) кедендік декларация
11.Сәйкестік сертификаты кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органына қай кезде беріледі?
A) & жүктің кедендік декларациясымен бірге
B) жүктің кедендік декларациясын қабылдауға дейін
C) тұлғаның өтініш негізінде 10 күннен кейін
D) тауарларды еркін айналысқа шығарғаннан кейін
...