Сүзбе өндіруге арналған технологиялық тізбектер
Автор: 24011999 • Октябрь 5, 2019 • Курсовая работа • 7,392 Слов (30 Страниц) • 1,169 Просмотры
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті
Тауартану және сертификаттау кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Азық – түлік өнімдері өндірісінің құрал – жабдықтары» пәнінен
«Сүзбе өндіруге арналған технологиялық тізбектер» тақырыбы бойынша
Орындаған:
ТПП-31к тобынын студенті Әбдраш Г. И.
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Жар Ж. Ж.
Қарағанды 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ................................................................................................... | 3 | |
1 | СҮЗБЕНІҢ СИПАТТАМАСЫ.............................................................. | 5 |
1.1 | Сүзбенің тағамдық құндылығы мен ассортименті................................ | 5 |
1.2 | Сүзбенің пайдасы мен зияны................................................................. | 7 |
1.3 | Сүзбе өніміне қойылатын талаптар....................................................... | 8 |
2 | СҮЗБЕ ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТІЗБЕКТЕР..... | 11 |
2.1 | Сүзбені дәстүрлі өндіру технологиясы..................................................... | 11 |
2.2 | Сүзбені бөлу әдісімен өндіру...................................................................... | 13 |
3 | СҮЗБЕНІ ӨНДІРІСТЕ ӨНДІРУ............................................................. | 17 |
3.1 | Сүзбе алуда қолданылатын жабдықтар...................................................... | 17 |
3.2 | Дайын өнімді буып – түю, сақтау және тасымалдау................................ | 20 |
| ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................ | 23 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................ | 25 | |
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................... | 26 |
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа жолдауында алдағы уақытта Қазақстандықтардың жағдайын көтеру, жұмыс процесін ілгерлету, табыс көлемін арттыру міндеті қойылғандығы туралы айтылған. Елбасы өз жолдауының бесінші негізгі міндет етіп агроөнеркәсіп саласының өнімділігін арттыру үшін осы саладағы барлық процестер мен жабдықтарды жете меңгеру қажет екендігін айтты. «Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет. Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды – «ақылды адамдарды» тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалануымыз керек. Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн»,- дейді бұрынғы Елбасы [1].
Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық жеңіл тағамдарының бірі – сүзбе. Сүзбенi айраннан әзiрлейдi. Ол үшiн айранды кенептi қапшыққа құяды да, одан ағызады. Қалған қою масса сүзбе болып табылады. Одан кейiн сүзбеге кiшкене тұз салады. Қазақтар сүзбеден құрт жасайды. Кейбiреулер мұны қатық деп атайды. Сүзбеден қазақтар құрт жасап, оны ет тағамдарына астатым ретiнде қосып пайдаланады, тың түрiнде де қолданады. Сүзбе, негізінен, қысқы азық ретінде дайындалатын тағам. Сүзбе әдетте күн суыған кезде, қыста дайындалады. Оның ащылау әрі қышқыл дәмі тәбет ашады. Дастарқан үстіне дәмін алуға немесе сорпаға қосып ішсе астың құнын,сапасын арттырады. Сүтке, қайнаған суға езіп ішсе,шөлді тез басатын қасиеті де бар.
...