Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сауалнама құруға арналған On-line сервистер

Автор:   •  Апрель 2, 2018  •  Эссе  •  1,176 Слов (5 Страниц)  •  1,307 Просмотры

Страница 1 из 5

Сауалнама құруға арналған On-line сервистер

Ұзақ уақыттан бері сауалнамаларды желіде құру және орналастыру, жүйелік администраторлар, веб-дизайнерлер мен бағдарламашылар қатысуымен күрделі техникалық процесс болып келді. Ол уақытта ешкімде көп ұзамай кез келген ғаламтор пайдаланушы өз бетінше сауалнамалар мен анкеталарды on-line түрде құру мүмкін болатынын ойламаған еді.

Ал қазір on-line сервистер бірнеше минут ішінді төмендегідей мүмкіндіктер береді:

  • кез-келген қолданушы ғаламтор желісінде өз бетінше сауалнама құралады;
  • құрылған сауалнама немесе анкетаны сайттың сілтемесі арқылы сауалнама қатысушысына e-mail арқылы жіберуге немесе форумдарда жариялауға болады.

Бүгінгі таңда ғаламтор желісінде сауалнама құруға мүмкіндік беретін тегін және ақылы сервистер бар. Сауалнама құруға арналған on-line сервистер:

Сервис Анкетер – кез-келген конфигурацияда түрлі сауалнамалар құруға арналған. Пайдаланушы сауалнама құру үшін ақылы сервисте тіркеуден өтуі қажет.Құрылатын сауалнаманы шартты түрде екі бөлімге бөлуге болады:

  • Негізгі – ол үш бөлімнен тұрады:
  1. Сауалнама құру – бұл бөлімде сауалнама тақырыбын көрсетіп және оған анықтама беру, сонымен қатар сауаланаманы аяқтау үшін батырма қою қажет.
  2. Сауалнама параметрлері – бұл бөлімде респонденттерге шектеулер қою( мысалы, респонденттерді IP-мекен-жайы бойынша шектеу), сауалнаманың аяқталу күнін, жауап берушілер санын белгілеу.
  3. Сауалнаманы қорғау – бұл жерде сауалнама нәтижелеріне қол жеткізу көрсетіледі( мысалы, сауалнама нәтижелері сауалнаманы жасаған қолданушыға ғана емес, және де қатысуға шақырылған респонденттерге де қол жетімді болуы), сонымен қатар сауалнамаға қол жеткізу үшін құпия сөз көрсетуге болады, бұл жағдайда сауалнамаға құпия сөздң білетін респонденттер ғана қатысады.
  • Сұрақтарды орналастыру – негізгі бөлімді құрғаннан кейін сұрақтарды қосуға болады. Сауалнамаға сұрақтарды төрт түрлі типте қосуға болады: жалғыз таңдау(көптен бірін), көптік таңдау(көптен бірнешеуін), мәтін енгізу, мәзірдегі жалғыз таңдау(көптен бірін). Сонымен қатар респонденттерге өз жауабын енгізуге болады, бұл қарапайым мәтін ретінде, сондай-ақ уақыт форматында немесе электронды пошта т.б. Сауалнама нәтижелері пайдаланушыға өте ыңғайлы форматта басқару тақтасында шығарылады.

Сервис Webanketa – сауалнама құруға, ашық және жабық сұрақ – жауап және дауыс берулер жүргізуге көмектеседі. Сервисте жұмыс істеу үшін тіркеуден өту қажет. Сондай-ақ сауалнаманы тіркелмеген қолданушылар да құруға мүмкіндігі бар. Бірақ есте сақтаған жөн, сауалнама тіркелмей құрылған болса, онда ол жоғалып кетуі мүмкін.

Негізгі артықшылықтары:

  • сауалнаманың әрбір сөзін қарапайым интерфейстің бақылауға мүмкіндігі бар;
  • көптілді сауалнама құру;
  • жеке меншік және көпшілік сауалнаманы қолдау(парольмен қорғау) ;
  • нәтижелерін ыңғайлы бағдарламада көшіріп алу мүмкіндігі(барлық респонденттердің немесе әрбір респонденттің жеке статистикасын).

Сервис Vorbeo – бірнеше минут ішінде сайтта немесе блогта сауалнама құруға мүмкіндік береді. Бұл үшін сервистен өту қажет, мәтін енгізу өрісінде сұрақтарды енгізіп, жауап нұсқаларын енгізу керек, содан кейін сауалнаманың енін және түсін таңдап, ұсынылған кодты көшіреміз. Алынған кодты сайтта немесе блогта қоюға болады. Сервисте тіркеуден өту қарастырылмаған.

Сервис SmallPolls – тегін дауыс беруді құруға арналған онлайн сервис. Қолданушы сауалнаманы 2 батырманы басу арқылы ғана орындайды. Сауалнаманы құрғаннан кейін алынған кодты өзінің блогында, сайтта немесе жеке парақшасында орналастыруға болады.

Сервис 99 polls – сауалнама құруға арналған. Қолданушы сауалнама құру үшін міндетті түрде сервисте тіркеуден өту қажет. Тіркеуден өткеннен кейін қолданушының профилін редакциялауға, құпия сөзді ауыстыруға және сауалнаманы түрлі түспен безендіруге болады. Барлық құрылған қолданушы сауалнамалары кестеде көрсетіледі, онда сауалнамаға қатысатын респонденттердің санын көруге болады. Сервис ұсынылған сұрақтарға қайталап жауап беруге мүмкіндік бермейді. Сауалнама құрған кезде сұрақтарға және жауаптарға суреттер қоюға болады.

...

Скачать:   txt (16 Kb)   pdf (434.7 Kb)   docx (898.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club