Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

II—кіші тобының балаларына арналған дидактикалық ойындар

Автор:   •  Март 31, 2018  •  Реферат  •  654 Слов (3 Страниц)  •  2,646 Просмотры

Страница 1 из 3

 

 II—кіші тобының балаларына арналған дидактикалық ойындар:

  1. «Сиқырлы сағат».
  2. «Қуыршақ Сәулені жуындыру».
  3. «Тазалыққа не керек?»
  4. «Қуыршаққа шай беру».
  5. «Қуыршақ  Әйгерім  серуенге барады».
  6. «Мөлдір су».
  7. «Қуыршақтың шашын тарау».
  8. «Сиқырлы тіс щеткасы».
  9. «Ауырып қалған қуыршақ».
  10.  «Көпіршіктер».

«Сиқырлы сағат».

Ойынның  мақсаты: Күнделікті режим туралы балалардың көзқарасын қалыптастыру. Өз денсаулығын сақтау және нығайту үшін режимдік  сәттерді маңыздылығын үйрету.

Ойын барысы: Балалар үстел үстіндегі тиісті суреттерді таңдап, оларды сағат тілі  бойынша күннің уақытына сәйкес келетін әрекеттің кезектілігімен қояды.  

[pic 1]

«Қуыршақ Сәулені жуындыру».

Ойынның мақсаты: Балалардың жеке гигиеналық заттардың дұрыс атауын үйрету; олардың қолданыстарын көрсету; балалардың белсенділігін дамыту. Балалардың бойында жанашырлық сезімін тәрбиелеу, мейірімділікке, көмек көрсетуге  ниеттендіру. 

Ойын барысы: Тәрбиеші біз қуыршақ Сәулені жуындырамыз. Алдымен жуындыруға арналған заттарды дайындаймыз.  Балалар бірінші жеке гигеналық заттардың атайды, олардың қолдану аясын, қуыршақ Сәулені ваннаға салып жуады. [pic 2]

«Тазалыққа не керек?»

Ойынның мақсаты: Балалардың гигиеналық заттар туралы білімдерін кеңейту және олардың қолдану аясын түсіндіру.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға айтады сендер тазалыққа арналған заттарды қаншалықты білетіндерінді тексеріп көрейік:

Мен «Қолдар» дегенде. Қолды жууға арналған заттарды атаймыз: Сабын, сүлгі. Сол сияқты «Шаш» дегенде. Шашқа арналған тазалық заттарын атайды: тарақ, қайшы, орамал, сусабын.

[pic 3]

   

«Қуыршаққа шай беру».

Ойынның мақсаты: Балалардың үстел үстіндегі, тамақтану барысындағы ыдыс-аяқтардың (кесе, қасық, тәрелке, салфетка)қолдану реттілігін қарау. Балаларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Ойын барысы: Тәрбиеші: балалар бізге қонаққа қуыршақтар келді. Оларды үстел үстіне отырғызып, шай берейік.Балалар қуыршақтарды отырғызып үстел үстіне тиісті ыдыс-аяқтарды қойып, қуыршақтарға шай құйып береді. Балалар ауысып ойын жалғаса береді.

[pic 4]

«Қуыршақ  Әйгерім  серуенге барады».

Ойынның мақсаты: Балалардың бойында серуенге шыққанда киетін киімдердің реттілігін қадағалау.Балалардың бойында өз-өзіне көрсету дағдыларын бекіту.

Ойын барысы: Тәрбиеші: Балалар қуыршақ Әйгерім серуенге барады. Қуыршаққа серуенге бару үшін киінуге көмектесейік. Дала өте салқын.

Балаларға шкафтардың ішінен киімдерді алуға ұсынады (бас киім, сырт киім, аяқ-киімдері). Тәрбиеші әр киімді алып балаларға көрсете отырып қуыршақты киіндіреді. Балалардың білімдерін бекіту мақсатында басқа қуыршақтар алынып, ойын жалғасып,балалар өз бетімен қуыршақты киіндіреді.

[pic 5]

«Мөлдір су».

Ойынның мақсаты: Балаларға судың денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру. Оны пайдаланудың ережелерін түсіндіру. Суды ұқыпты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Ойын барысы: Тәрбиеші:балаларға екі қуыршақты көрсетеді. Қуыршақтар тамақтанғысы келетінін айтады, бірақ олардың қолдары кір. Тәрбиеші: балалардың сұрайды не істеу керек?- қуыршақтың қолын жуу керек.

Балалармен бірге суға жақындап:

Ойын- жаттығу

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуынсаңсаң сен әрдайым,

Таза  бетің, маңдайың.

...

Скачать:   txt (11.1 Kb)   pdf (623.9 Kb)   docx (533 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club