Ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері
Автор: timkabeka • Май 21, 2018 • Реферат • 434 Слов (2 Страниц) • 1,316 Просмотры
Сабақтың тақырыбы: «Ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері»
Сабақтың мақсаты: Ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістерімен таныстыра отырып,түсінік беру, сарамандық жұмыс жасата білу.
а) білімділігі: оқушыларды электр күйдіргішінің құрылысымен таныстырып, қолдану тәсілін үйрету,
б) дамытушылығы: оқушылардың қолданбалы қолөнер бұйымдарын күйдіріп әшекейлеудегі икемділігін арттыру,
г) тәрбиелігі: оқушылардың өнерге, шеберлікке деген ынта қабілеттерін арттырып, өздігінен сапалы бұйым жасауға, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: алған білімдерін практика жүзінде қалыптастыру.
Көрнекіліктер: сурет салынған парақшалар, электр күйдіргіш, тақтайша, үлгілер.
Құрал жабдықтар: электр күйдіргіш аппарат,ағаш тақтайша, лак және щетка.
Пәнаралық байланысы: бейнелеу өнері, тарих, әдебиет.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, белгілеу, кезекшілерді анықтау.
ІІ.Өткен материалға шолу жасау.
а) ою- өрнек түрлерін ажырату,
б) саз аспаптарына салынатын ою- өрнектер,
г) қоржынға салынатын ою- өрнектер,
д) ою- өрнектерінің қолданылуы.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ағашты күйдіріп әрлендіруді «пирография» деп атайды.Күйдіруге арналған аппараттар жетілдірілмеген кезде, бензинді қолдана отырып, соның көмегімен платина ине қыздырылатын. Иненің қыздырылуын бәсеңдету үшіншебер бензинді ауық ауық аяқ басқышпен үрлеп тұруға мәжбүр болған.Бұл көп уақытты талап етеді. Алайда техникалық қиындықтарға қарамастан, пирография дамуын жалғастыра берді.
Электр күйдіргішті ойлап тапқаннан кейін пирография ағашты көркемдеп өңдеудің ең қарапайым, әрі ыңғайлы әдісіне айналған. Оны сондай- ақ, былғары , сүйек, қатырма қағаз т/б материалдарды өңдеуге қолданады.
Қарапайым электр күйдіргіш бәсеңдегіш трансформатордан,реостаттан,тұтқадан және штифт деп аталатын ауыспалы қыздыру жібінен тұрады.
Күйдіруге жұмсақ жапырақты ағаштар- көк терек, жөке, қандыағаш, теректі қолдану тиімді. Терең және күйдіру үшін балқып қызған штифті сәл ғана тигізудің өзі жеткілікті. Штифт өте қатты қызарған кезде ағаш жана бастайды, оған жол беруге болмайды.Ал штифт өте баяу қызса, оны ағаш бетіне біршама күш жұмсап басуға тура келеді.
Ағашқа күйдіріп сурет салғанда көз тез қарығады, сондықтан 15-20 минут сайын үзіліс жасап отыру қажет.
...