Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы

Автор:   •  Апрель 14, 2023  •  Эссе  •  1,014 Слов (5 Страниц)  •  759 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                                 [pic 1]

                   Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»

                   Кафедрасы: «География, жерге орналастыру және кадастр»

ЭССЕ

Тақырыбы: «Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы» 

             Орындаған: Делен М.К.

                   Тексерген: Омарова А.Т.

.

                                         

                                                           Алматы, 2022ж    

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Білімнің маңыздылығы және Қазақстанның үшінші жаңғыруы

Қорытынды

Кіріспе

Білім ол баға жетпес қазына. Білім – біздің өмір бойындағы қолымыздағы байлығымыз. Басымыздағы білімімізді ешкім де ешқашанда тартып ала алмайды. Біз білімді мектептен, ұстаздарымыздан, университет қабырғасынан аламыз. Осылай біз өз біліміміздің ергетасын қалай бастаймыз. Білім адамды қараңғылықтан жарыққа алып шығатын жарық сәуле. Қазақ халқының: «Білекті бірді жеңеді, білімді мыңды жеңеді», – деген нақыл сөзі бар. Яғни білекті қанша күшті болсаңда басыңда білімің болмаса надан, сауатсыз болғаның .

Қазіргі дамыған заманда елбасымыз біздерге білім алуға мол мүмкіншілік сыйлады. Сол мүмкіншіліктер жайында эсседе айтатын боламын. Соның бірі  Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жайында.

Білімнің маңыздылығы және Қазақстанның үшінші жаңғыруы

Бәрімізге белгілі қазіргі заман білімділікті талап ететін заман. Басыңда білімің болмаса сен сауатсыздар қатарынан болғаның. Білім қашанда болса адамды тығырыққа тіреген емес. Өмірдегі кедергілер түйінін білім арқасымен оңай әрі жылдам шешуге болады. Алға қойған арман мақсаттарыңа білім мен іс-әрекет яғни еңбектің арқасында жетесің.

Қазіргі таңда жастарға білім алуға деген көп мүмкіншіліктер жасалып жатыр. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын жаариялаған болатын. Яғни бұл Қазақстаанның үшінші жаңғыруы болып табылады. Жалпы бірінші және екінші жаңғыруға тоқтала кетсем.

Біріші жаңғыруы ол 25 жыл бұрынғы  КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағандығымызбен тығыз байланысты болып табылады. Сол кездегі еліміздің іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды.

Екінші жаңғыруы «Қазақстан-2030» стратегиясы болып табылады.Жаңа астанамыз - Нұрсұлтанның салынумен басталды. Жалпы еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.

Үшінші жаңғыру қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» - деген еді елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Осы жаңғырудың аясында бастысы - баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауға, əлемдік қиындықтарды болжап қана қоймай, ықтимал өзгерістерден де мемлекет үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастыруға бағытталған бес нақты басымдықты белгілегендігі мәлім. Бірінші басымдық - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, яғни, бұл тұрғыдағы басты міндет - цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету. Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбестей қарқынмен дамып жатқаны бәрімізге белгілі.Яғни бұл басымдық экономика салаларын цифрландыру – еңбек өнімділігін арттыратын және капиталдандырудың өсуіне әкелетін серпінді технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, экономиканың дәстүрлі салаларын қайта құру. Электрондық қызметтерді дамыту. Цифрлық мемлекетке көшу – халыққа және бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын оның қажеттіліктерін алдын ала отырып, қайта құру бағыты. XXI ғасыр үздік технологиялар заманы болғандықтан Цифрлық мемлекетке көшу және оны жүзеге асыру орынды деп ойлаймын.

...

Скачать:   txt (12.3 Kb)   pdf (243.6 Kb)   docx (131.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club