Жұптық регрессия моделі
Автор: mgk_astn • Апрель 24, 2019 • Лекция • 4,697 Слов (19 Страниц) • 1,629 Просмотры
Жұптық регрессия моделі
Дәріс жоспары:
- Есептің қойылымы
- Факторларды қалыптастыру және оларға мағыналы талдау
- Мәліметтердің жиыны және олардың бастапқы өңделуі
- Факторлар арасындағы себепті байланыстың тығыздығын анықтау
- Регрессия моделінің түрін таңдау
Жұптық регрессия екі фактордың арасындағы байланысты сипаттайды: оның біреуі нәтижелік, екіншісі жәй фактор. Экономикада себептік тәуелділікті құруға нәтижелік фактор бойынша статистикалық топтау маңызды қызмет көрсетеді. Жұптық регрессияның моделін құру ұзақ зерттеуді қажет ететіндіктен, оларды келесі этаптармен қарастырамыз:
1. Есептің қойылымы
2. Факторларды қалыптастыру және оларға мағыналы талдау
3. Мәліметтердің жиыны және олардың бастапқы өңделуі
4. Факторлар арасындағы себепті байланыстың тығыздығын анықтау
5. Регрессия моделінің түрін таңдау
6. Регрессия моделінің параметрлерін анықтау
7. Регрессия моделінің адекваттылығын тексеру
8. Регрессия моделінің параметрінің статистикалық маңыздылығын анықтау
9. Болжам жасау
10. Экономикалық интерпретация.
Этаптың мазмұнын қарастырайық.
1. Есептің қойылымы. Зерттеудің мақсаты негізделеді. Эконометрикалық есептеулердің мақсаты экономикалық жүйенің даму барысын сипаттайтын нәтижелі факторға әсер етуші себептерді анықтау және келешегіне болжам жасау. Зерттеу макро немесе микро денгейде жүргізілуі мүмкін. Жалпы экономиканың саласы немесе нақты өнім қарастырылса, соған қатысты объектілердің экономикалық қызметі зерттеледі. Мысалы, Қазақстандағы егін шаруашылығы, астық өндіру, мал өнімдері немесе мұнай өндірісінің даму жолын зерттеу қажет. Мұнда егін шаруашылығымен айналысатын негізгі объектілердің уақыт аралығындағы қызметіне SWOD анализ жасалады. Сол сияқты, мал, мұнай өнімдерін өндіруші аймақтардағы салмақ үлесі жоғары мекемелердің қызметі талданады. Осы талдау негізінде осал және күшті жақтарын салыстырып зерттеуді қажет ететін нәтижелі факторлар анықталады. Егер жеке бір фирманың қызметіне байланысты болса, онда оның уақыт аралығындағы мәліметтері талданады, негізгі фирманың қызметін сипаттайтын нәтижелі фактор зерттеуге таңдалады.
Сонымен қорыта келгенде, осы этапта нәтижелі факторларды объектілер бойынша зерттелетін болса, онда нақты белгілі бір уақыт периодына сәйкес мәліметтері қарастырылады. Ал бір объектіге қатысты болса, онда осы объектінің уақыт периодындағы мәліметтері қарастырылады. Есептің қойылымына сәйкес екі жағдайда қарастыруға болады. Мысалы, құрылыс материалдарының өтімділігін, бір сауда мекемесінің уақыт периодындағы (апта, ай сайынғы) мәліметтерінің өзгеру тенденциясына әсер етуші факторларды зерттеуге болады. Немесе, осы материалдардың бірнеше сауда орындарындағы әр жылғы орташа мәліметтері бойынша зерттеу жүргізуге болады. Зерттелетін нәтижелі фактордың уақытқа байланысты мәліметтерінде міндетті түрде тенденция болу керек, онсыз зерттеудің мағынасы болмайды. Ал объектілер өз ара бір текті, немесе салыстыруға болатын болу керек. Мысалы шағын бизнес объектісі мен ірі бизнестің объектілерінің мүмкіншіліктері салыстыруға болмайды.
Нәтижелі факторды анықтаған соң, оған әсер етуші факторларды анықтау үшін екінші этапқа көшеміз.
2. Факторларды таңдау және оларды мағыналы талдау.
Факторлар болмысына қарай тәуелді және тәуелсіз айнымалылар болып бөлінеді. Факторларды таңдау мәселесі қарастырылатын үрдістің тенденциясына сандық және мағыналы анализ жасау арқылы шешіледі. Нәтижелі факторға әсер етуші факторларды таңдауда олардың арасында теориялық байланыс болу қажет. Мысалы, нәтижелі фактор фирманың негізгі қызметтен түсетін табысы болса, онда таңдап алынған факторлар да негізгі қызметке қатысы болғаны дұрыс. Теориялық мағынасы бойынша олардың арасында өз ара байланыс болу керек.
...