Неврологиялық науқастың негізгі реабилитациясы. Емдік гимнастика, физиоем, эрготерапиякабинеттеріндежұмысжасау
Автор: karinaaman • Сентябрь 9, 2018 • Реферат • 1,815 Слов (8 Страниц) • 1,080 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: «Неврологиялық науқастың негізгі реабилитациясы. Емдік гимнастика, физиоем, эрготерапиякабинеттеріндежұмысжасау».
Факультет: жалпы медицина
Кафедра: неврология, психиатрия және наркология.
Дисциплина: неврология
Орындаған: Кисашева Карина
Тобы: 513 «А»
Тексерген:Абдукаримова С.К.
Ақтөбе 2018жыл
Паспорттық бөлім
Науқастың аты-жөні:Руденко Александр Романович
Жасы:03.10.1953, 65 жаста
Ұлты: орыс
Жынысы: ер
Мамандығы:зейнеткер
Ауруханаға түскен күні:26.02.2018ж, 13:40-14:00
Аурудың мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, 101 Бригада көшесі 15-76
Жолдаған мекеме: жедел жәрдем
Топикалық диагноз:оң жақ пирамидалық жүйенің зақымдалуы
Клиникалық диагноз: сол жақ ортанғы ми артериясы бассейні,геморрагиялық инсульт
Қосалқы аурулары:Артериальды гипертензия ІII дәрежесі, қауіп факторы 4.
II. Шағымдары:әлсіздік, сол беті жағынан өздігімен қимылдай алмаған, сөйлеу бұзылған, сонымен қатар, денесінің сол жағынан сезімталдық жойылған, сол жақ гемиплегия. АҚҚ 220/110 мм.с.б. дейін көтеріліп тұрған. Антигипертензивті препараттар қабылдамаған.
ІІІ.Anamnesis morbi:ауру жедел басталған. 26.02.2018 таңертең қоғамдық көліктен түскенде есінен айырылып, жедел жәрдем бригадасымен шұғыл жедел жәрдем ауруханасының неврология бөлімшесіне келіп түсті. Содан 7 күн бойы комада болған. Комадан шыққасын КТ жасаған. Науқас ауруды ештеңемен байланыстырмайды.
ІV.Anamnesis vitae:науқас артериальды гипертензия ІII дәрежесі диагнозы бойынша терапевтте «Д» есепте тұр. Өсіп дамуы жасына сәйкес. Боткин, туберкулез, қант диабеті, тері – венерологиялық ауруларымен ауырмаған. Операция болмаған. Травма алмаған. Үй тұрмысы қанағаттанарлық. Әйелі бар, 2 баласы бар. Әкесі мен ағасында артериальды гипертензия болған. Зиянды әдеттері жоқ. Аллергиялық анамнезі ерекшеліксіз.
V. Жалпы жағдайы (Status praesens communis):
Объективті қарау:жағдайы орташа ауырлықта, көңіл күйі нашар, төсектегі қалпы мәжбүрлі. Дене бітім гиперстеникалық. Тері қабығы қалыпты, кілегей қабаты қалыпты. Шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған. Тері асты шел май қалың. Сүйек буын жүйесі ерекшеліксіз. Кеуде сарайы қалыпты. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 20 рет минутына. Жүрек тондары тынықталған, ырғақты. АҚҚ 180/100 мм с.б, пульс- 80 рет. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Зәр шығаруы ретсіз.
Инсульттің қауіпті факторларын анықтау.
- Ангиома
- Мидың артериальды жүйесіндегі микроаневризмалар
- Инфекциялық – аллергиялық жүйелі аурулар
- Геморрагиялық диатез және лейкоздың әртүрлі формалары
- Қанның гипокоагулянтануы
- Антикоагулянттарды артық дозада қабылдау
- Тұқымқуалаушылық және өз өмірін анамнезіндегі инсульт, инфаркт және транзиторлы ишемиялық атака.
- 55 жастан жоғары
- Жоғары қан қысымы. Инсульттің туындауына қауіп 115/75 мм.с.б
- Холестериннің жоғары деңгейі – жалпы холестерин 5,2 ммоль/л – ден жоғары.
- Темекі шегу
- Қант диабеті
- Артық салмақ
- Физикалық белсенділіктің болмауы
- Жүрек – тамыр аурулары, соның ішінде жүрек жетіспеушілігі, жүрек ақауы, жүрек инфекциясы, жүрек ырғағы бұзылысы.
- Гормондық препараттар қабылдау
- Алкогол қабылдау
- Нашақорлық
Қорытынды: бұл науқаста тұқымқуалаушылық фактор, жасының 55 жастан жоғары болуы, жоғары қан қысымы, физикалық белсенділіктің болмауы.
Неврологиялық статус.
Бас-сүйектік нервтер:
I жұп: иісті ажырата алмайды (аносмия)
II жұп: гемианопсия, скотома, тарылу жоқ. Жарық қабылдау сақталған.
III жұп,IV жұп,VI жұп: көздік қуыс D=S.Қарашық реакциясы жарыққа сақталған.Диплопия байқалмайды.Нистагм жоқ.
V жұп:беттіңтригеминальды нүктелері ауырсынусыз, үшкіл нервтің бет тармағы сезімталдығы оң жаққа қарағанда сол жақта төмен. Дәм сезу тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде сақталған.
...