Төсекте ауыр науқасты жылжыту
Автор: Ayazhan Tattibay • Ноябрь 25, 2022 • Реферат • 1,873 Слов (8 Страниц) • 688 Просмотры
Алматы қаласының денсаулық сақтау Басқармасы ШЖҚ КМК «Жоғары медициналық колледж» | [pic 1] | КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» Управления здравоохранения города Алматы |
«МЕЙІРГЕР ІСІ НЕГІЗДЕРІ» № 5 ЦӘК ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ |
Пән «Мейіргер ісіндегі қауіпсіздік және сапа» | ЦӘК «Мейіргер ісі» |
Аудиторлық №14 «Төсекте ауыр науқасты жылжыту» | Мамандық «Жалпы тәжірибедегі мейіргер ісі» |
Оқытушы: Көлжан Ө.К Ибаримова Ж.Д | Курс –2, 4-күз |
Сабақ мақсаты:
Білімділік: теориялық білімдерін меңгерту, ауыр халдегі науқастарды төсегінде ауыстыру бойынша білімдерін бекіту.
Тәрбиелік: Мамандыққа деген жауапкершілікке тәрбиелеу, ауыр жағдайдағы науқастарға жақсы қарым-қатынаста болу.
Дамытушы мақсат: Науқаспен қарым-қатынасты дамыту, өзіндік бақылауды дамыту.
Пән аралық қатынас:
- «Коммуникация негіздері» - «Қарым-қатынас дағдылары тақыры бойынша».
- «Адам физиологиясы» - «Жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиясы», «Тыныс алу жүйесінің физиологиясы».
- «Қалыпты анотомия»- «Артериальды және венозды тамырлар», «Тыныс алу мүшелері»
Пән ішіндегі қатынас:
- Медбике ісі негіздері тақырыптар:
- «Медбикелік қарым-қатынас»
- «Медбикелік этика-деонтология»
- «Пациенттің жеке бас гигиенасы»
- «Жүрек қан-тамыр ауруларындағы көмек».
Лекцияның қысқаша мазмұны.
- Бір мейірбикенің көмегімен науқасты төсектің бір қырына ауыстыру.
- Екі медбикенің көмегімен жазылған төсек жаймасымен науқасты төсектің бір қырына ауыстыру.
- Төрт медбикенің көмегімен жазылған төсек жаймасымен науқасты төсектің бір қырына ауыстыру.
- Жазылған төсек жаймасымен науқасты төсектің бас жағынан ауыстыру.
- «Иықпен көтеру» әдісімен науқасты төсектің бас жағынан бастап ауыстыру.
Пациентті төсектің бір қырына ауыстыру.
2 мейірбике жұмыс істейді, егер пациент аса денелі болса онда 4 мейірбике жұмыс істейді.
Қарсы көрсеткіштері: омыртқаның жарақаттарында, эпидуральді анестезияда. Процедураға дайындық.
- Пациентке өзіңді таныстырып, процедураның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
- Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
- Бөксе аймағына дейін төсекті түсіріңіз.
- Басындағы жастығын төсектің жоғарғы жағына қарай жылжытыңыз.
- Пациенттің төсектің ортасында жатқандығына көз жеткізіңіз.
- Тежеуішті тежеңіз.
- Екі жақтан да төсек жаймасын босату және пациентке қарай екі жағын да рулондап ораңыздар.
- Көшбасшыны анықтаңыздар.
Процедураны орындау
- Төсеккке жақындап бір -біріне қарама қарсы тұрып (бір мейірбике төсектің сол жағынан, екіншісі оң жағынан).
- Тізелерін бүгіп, алдынғы аяқтары төсекке тірелген. Арқалары тік.
- Алақандарын жоғары қаратқан қалыпта, төсек жаймаларын ұстау.
- Көшбасшы мейірбикенің бұйрығы бойынша «3»- дегенде, пациентті төсектің үстінде көтереміз.
- Көшбасшы мейірбикенің бұйрығы бойынша «3»- дегенде, пациентті төсектің бір
қырына жылжытамыз, бұл жерде мейірбикелер дене салмағы заңы бойынша қозғалады, егер пациентті төсектің сол жақ қырына ауыстыратын болсақ, сол жақ қырындағы мейірбикенің денесі өзіне қарай жылжыйды, алдыңғы төсекке тіреп тұрған аяғы тік, ал артқы аяғы тізе буынына бүгіледі.
- Ал төсектің оң жақ қырында орналасқан мейірбикенікі керісінше төсекке тірлген аяғы тізе буынына бүгілген және дене корпусы сол жаққа қарай жылжыған артқы аяғы тік.
- Осылай пациентті төсектің бір қырына ауыстырып аламыз, ары қарай өзімізге керекті жағдайды жасаймыз.
- Мейірбикелер процедураны орындағаннан кейін қолдарын жуып, кептіреді.
Жазылған төсек жаймасымен науқасты төсектің бас жағынан ауыстыру.
Қарсы көрсеткіштері: омыртқаның жарақаттарында, эпидуральді анестезияда. Процедураға дайындық
1.Пациентке өзіңді таныстырып, процедураның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
...