Сырқатқа деген көзқарас түрлері. Науқастардың ауруға деген психологиялық (мінез-құлықтық) жауаптары Науқастың психологиясы, оның психика
Автор: ulbibikhanym • Октябрь 14, 2021 • Контрольная работа • 967 Слов (4 Страниц) • 1,010 Просмотры
ПС:Сырқатқа деген көзқарас түрлері. Науқастардың ауруға деген психологиялық (мінез-құлықтық) жауаптары Науқастың психологиясы, оның психикасының ерекшеліктері.
1.Қарым-қатынас ауруының қандай түрлері болады?
Адам денсаулығына оның физикалық күйі ғана емес сонымен қатар психологиялық күйі де зор ықпал етеді. Медициналық қызметткер әр адамның психологиялық ерекшеліктерін ескере
отырып, олардың дертке реакциясын, әрқашанда назарынан тыс қалдырмау қажет. Ем нәтижелі және тиімді болу үшін медициналық қызметкер науқастың мінез-құлқын, оның дертіне ,психологиялық реакциясына негізделе отырып, емдеу процессін жүргізуә қажет. Тұлғаның ерекшеліктеріне өмірдегі және әлеуметтік орнына, жағдайына байланысты әр ауру адам сырқатына түрлі көқараста болуы мүмкін.
2 Науқастардың ауруға реакциясының түрлері қандай?
Науқас психологиясы кітаптарының авторлары А. В. Квасенко, Ю. Г. Зубарев реакциялардың төрт түрін көрсетеді:
нормо сомато гнозия – науқас өз қалпын дұрыс бағалайды;
гипер сомато гнозия – жекелеген симптомдардың маңыздылығын асыра бағалау;
гипо сомато гнозия – аурудың ауырлығын дұрыс бағаламау;
дис сомато гнозия – ауруды жоққа шығару.
3. Науқастың психологиясы қалай өзгереді?
Науқас психологиясының негізгі көрнісі науқастың дертіне деген көзкарасы. Науқастың дертіне деген көзқарасына әсер ететін факторлар:
І Жекеше – конституционалдық факторларға келесілер жатады: жынысы; жасы; мамандығы;
ІІ Индивидуальді психологиялық факторлар: темперамент қасиеттері; мінезінің ерекшеліктері;
Жас шамасы. Сырқатқа психологиялық әсердің қалыптасуына науқастың жас шамасы да ықпал етеді. Әрбір жас шамасында дерттің өз ауырлық дәрежесі болады. Мысалыға жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы бет - әлпетінің өзгертетін дерттеріне шыдауы, оны көтеруі, оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі, жастар үшін түрінің сымбатты болуы маңызды болып табылады.
Жас адамның бет әлпетіне кері әсерін тигізетін дерттердің пайда болуында туындайтын психиопатологиялық синдром – дисфомания. Дисфоманиялық синдром дамығанда адамда өзін «көріксіз есептеу» жайында жалған сезім туындайды. Үлкен жастағы науқастар созылмалы және мүгедектікке әкелетін сырқаттарға, ауыр психологиялық жауап қайтарады. Қарт адамдарға өлімге әкелетін сырқаттар ауыр тиеді.
4. Науқастар психикасының өзгеруіне әкелетін себептер.
Науқастардың психикасының өзгеруіне оның өз күшіне сенбеуі, ауруды жеңіп шығам деп позитивті ойлай алмауы, өзін емес өзгелерді көп алаңдауы (мысалға ана болса баласына алаңдауы), ем қабылдау қымбат тұрады жағдайым келмейді деп өзін іштей қинауынан психикасы бұзылады. Бұндай жағдайда науқасқа отбасы тарапынан сондай-ақ дәрігер тарапынан да қолдау көрсетілуі керек. Ауруды науқас әсірелеп үлкейтіп қабылдамас үшін оған дәрігер дерті жайлы ашып айтып, толық ақпарат беруі қажет. Үнемі жарайсың үзбей ем қабылдап жүрсің, сенің қолыңнан келеді деп жігерлендіру керек.
ОБӨЖ: Сөйлеуді басқару. Пациенттің ой-пікірін белсенді анықтау: мәселелерін, идеяларын, күтулерін, күдіктерін және әсерлерін.
- Сөйлеуді қалай басқаруға болады?
- Науқастың көзқарасын қалай анықтауға болады: проблемалар, идеялар, үміттер, пациенттің алаңдаушылықтары мен әсерлері.
- П: Сәлеметсіз бе?!
Д: Сәлеметсіз бе? Сізді қандай сұрақ мазалайды? (АС)
П: Денем бөрітіп кетті, қышу мазалайды. Бұл белгілер одан әрі асқынып кете ме деп уайымдап, қорқамын (опасения)
Д: Сіз бұл симптомды қашан байқадыңыз? (АС)
П: Мен бұл белгілерді байқағаныма 3 күн болды. Басылар деп күткем, бірақ олай болмады. Мен сізді жақсы дәрігер деп естідім және сіздің жұмысыңызға сенемін (ожидания)
Д: Сенім білдіргеніңізге рахмет, барымды саламын. Осы уақыт аралығында сізде қызу болды ма? (ЖС)
П: Иә
Д: Менің ойымша сізде қызылша ауруы. Қызудан басқа жөтелу болды ма? (ЖС)
П: жоқ, болған жоқ
Д: Тағы басқа мен білу керек нәрсе бар ма? (АС)
П: Жиі басым ауырады, соңғы кездері тез шаршаймын. Менің ойымша менің иммунитетім де әлсіреп жүр, мүмкін маған витамин жазып берерсіз? (идея пациента)
Д: Сіз қызылшаға қарсы екпені алып па едіңіз? (ЖС)
П: Жоқ
Д: Ал қазір қабылдап жүрген дәрілеріңіз бар ма? (ЖС)
П: Иә
Д: Сізге дәрі-дәрмек жазып беруім үшін қазір қабылдап жүрген дәрілеріңіз жайлы толық білуім керек. Сол дәрілердің атын, немесе құрамы жайлы айта аласыз ба? (АС)
П: Қазір қабылдап жүрген дәрілерім йодомарин мен эутирокс. Ол дәрілердің құрамын толық білмеймін. Бұл дәрілерді эндокринологтың нұсқауы бойынша қабылдап жүрмін. Бұл дәрілерді қабылдап жақын арада аурудан толық айығамын деп сенемін (ожидания)
Д: Жарайды, қазір мен жазып беретін дәрілерім сізге кері әсерін бермейді. Дәрі-дәрмекті кешке ішу сізге қолайлы ма? (ЖС)
П: Иә, әрине
Д: Келесі приемды қай уақытқа жазғанымды қалайсыз? (АС)
П: мен келесі аптаның екінші күні боспын. Сол күнге жазсаңыз жақсы болар еді. Ауру асқынып кетсе ертерек келуім мүмкін (опасения)
Д: Жарайды, жазып қоямын. Сау болыңыз!
П: Сау болыңыз!
Науқасқа оларға жақсы қарайтыныңызды көрсетіңіз. Көзбен байланыс жасаңыз, сөзіңізді үзбей тыңдаңыз. Маған сеніңіз - осының арқасында сіз көп уақыт жоғалтпайсыз! Науқасты мұқият тыңдау арқылы сіз оған аз уақыт бөлетіндігіңіз дәлелденді.
Сұрақ қою. «Мен сенің айтқаның мені қызықтырады» деген көзқарас әдеттегіден «сен айтатынның бәрін алдын ала білемін» дегеннен мүлде өзгеше. Науқастар оны сезінеді.
...