Жүйе бойынша неврологиялық статусты тексеру тәсілдері (науқасты курациялау түрінде)
Автор: abitov123456 • Сентябрь 24, 2018 • Реферат • 1,402 Слов (6 Страниц) • 1,983 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: «Жүйе бойынша неврологиялық статусты тексеру тәсілдері (науқасты курациялау түрінде)»
Факультет: жалпы медицина
Кафедра: неврология, психиатрия және наркология.
Дисциплина: неврология
Орындаған: Ғаниева Г.Ғ
Тобы: 503Б
Ақтөбе 2016жыл
Ауру тарихы
Паспорттық бөлім:
Науқастық аты-жөні: Елеусізов Мақсат Жұмабекұлы
Туған күні, айы, жылы: 11.07.1994 жыл
Жасы: 22 жаста
Жынысы: ер адам
Жанұя жағдайы: үйленбеген
Ұлты: қазақ
Білімі: орташа
Жұмыс орны: Мұнай компаниясында 15 күндік мерзімде жұмыс істейді.
Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы. 12 шағын ауданы, 80А.1кв
Топографиялық диагноз: патологиялық ошақтың орны оң жақта VII бет нервісінің Фаллопий каналындағы бет нерві үлкен тастақ нерв бөлінетін тұсынан төмен зақымданған.
Науқастың шағымдары: Бетінің асимметриясына, оң жақ бет бөлігінде беттің әжімдері тұтасқандығына, көз аясы кеңігендігіне, қабағы қозғалмауына, көзі жұмылмауына, тамақты және сұйық заттарды ішкенде оң жақ ерін бұрышы арқылы сыртқа шығуына, тілінің алдыңғы оң жақ бөлігінің дәм сезу қабілеті төмендегеніне, оң жақта естуінде жаңғырық, шуыл естілуіне, оң көзінен жас ағуына шағымданады.
Ауру тарихи (Anamnesis morbi ):
Науқас өзін бір аптадан бері аурумын деп санайды, осыдан бір апта бұрын жұмыс кезінде басын жуып салқында далаға шығып, салқын тидіріп алған. Әуелде ыстығы көтеріліп, тұмауратып ауырған. Мән бермеген. Тек үй жағдайында ыстықты түсіруге парацетамол қабылдаған. Аймақтық дәрігерге қаралмаған. Емі нәтижесіз болып, 1 -2 күннен соң жоғарыдағы шағымдары күшейе түскендігіне байланысты медициналық көмек сұрауға мәжбүрледі.
Өмір тарихы ( Anamnesis vitae):
Науқас 1994жылы 11 шілдеде Ақтөбе қаласында 3-ші бала болып дүниеге келген. 7 жасында мектепке барған, мектепті орташа бағамен бітірген. Ана сүтімен қоректенген.Эпидемиологиялық анамнезі: ерекшеліксіз. Балалық шағында ешқандай жұқпалы аурулармен, туберкулезбен, гепатитпен, қызылшамен, тері – венерологиялық аурулармен ауырмаған. Жұқпалы аурулармен қатынаста болмаған. Бұрын ауырған аурулары жоқ. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Темекі шекпейді, ішімдікті қабылдамайды. Аллергиялық анамнез:аллергиялық реакциялары жоқ. Әлеуметтік тұрмыс күйі жақсы, баспана жағдайы және тамақтану ерекшеліктері жақсы.
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері
Неврологиялық статус.
Жалпы милық симптомдар:
Есі анық,психикалық жағдайы: тұрған орны, уақыты,жеке жағдайы бойынша ориентирленген, мінезі адекватты. Тотальды бас ауруы, басында шуыл және бас айналуы бар, құсу жоқ. Тамыр соғуы қалыпты. Тыныс бұзылуында Чейн-Стокс аритмиясы, Биота, Куссмауль ырғағы байқалмайды. Көру нерві үрпісінің іркілуі жоқ.
Менингиальды симптомдар:
Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, «жатқан ит қалпы», Керниг, Брудзинский, Бехтерев, Мендель симптомдары анықталмайды. Жоғарғы қыртысты функциялар: моторлы-сенсорлы амнестикалық афазия жоқ, Алексия, аграфия, акалькулия анықталмайды. Праксис және гнозис бұзылыстары анықталмайды.
Бас-ми нервтері:
І жұп нерв- иіс сезу нервісі: иіс шығаратын заттардың (хош иісті шөп) көмегімен тексеріледі. Нәтижесі: иісті жақсы сезеді. Патологиялық гипосмия, аносмия, гиперосмия, дизосмия және сырқатқа әр түрлі иістер сезілуі байқалмайды.
ІІ жұп нерв- көру нерві:сырқаттың айтуынша: жанарында кінәрат жоқ. Көру алаңы сақталған, VD=VS ,түстерді ажырата алады. Көздің жарық сезгіштігі сақталған. Көздің түбінің патологиялық өзгерістері байқалмайды.
ІІІ,ІV,VІжұп нерв- қозғалтқыш,шығыр,әкеткіш нервтер: сырқатты қарағанда көздің ені бірдей, көз алмасы дұрыс орналасқан. Қарашықтар D=S, жарыққа реакция сақталған, көз алмасының қозғалысы үйлесімді. Аккомадация конвергенцияға реакциясы сақталған.
...