Созылмалы ми ишемиясы ауыратын науқастардың неврологиялық статусын сипаттау, науқасты микрокурациялау
Автор: rfvbkf • Октябрь 10, 2018 • Реферат • 741 Слов (3 Страниц) • 956 Просмотры
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Неврология
Тақырыбы: созылмалы ми ишемиясы ауыратын науқастардың неврологиялық статусын сипаттау, науқасты микрокурациялау.
Орындаған: Көшенова К.Н. Топ: 513 А Тексерген: Маннапова А.И.
Ақтөбе – 2018 жыл
Науқас М., 65 жас, есепші. 2002 жылдан бастап гипертониялық аурумен, тәждік артериялардың атеросклерозы себебімен терапевт қабылдауында блған. Гипотензивті емді толық қабылдамаған. 2010 жылы науқас жергілікті невролог маманына келесі ағымдармен қаралған: естің бұзылуы, мазасыздық, ұйқы бұзылысы. Науқастың жағдайы былай бағаланды: созылмалы ми ишемиясы, когнитивті бұзылыстардың жеңіл дәрежесі. Терапияда стандартты ноотропты дәрілер қолданды. 2010ж тамыз айында гипертониялық криз көрінісінде (АҚҚ 200/120мм.с.б.) көру және ойлау қабілетінің бұзылыстры анықталды. Гипертониялық криз ЖЖБ-мен басылды. 4 тәулік өткен соң науқас неврология бөлімшесіне келесі диагнозбен жатқызылады: деменция, Альцгеймер ауруы.
...