Амбулаториялық жағдайда науқасты артериялық гипертензия метаболизмдік синдромын Жіті коронарлық синдром(ЖКС) ауруханаға дейін және ауру
Автор: Aiaulym123 • Сентябрь 22, 2020 • Контрольная работа • 623 Слов (3 Страниц) • 491 Просмотры
Кеңес Мақсат
Амбулаториялық жағдайда науқасты артериялық гипертензия метаболизмдік синдромын Жіті коронарлық синдром(ЖКС) ауруханаға дейін және ауруханадан шыққан соң жүргізу принциптері
ЖКС, артериялық гипертензия стенокардия, метаболизмдік синдромын кезінде динамикалық бақылау.
Артериялық гипертензия (АГ) – систолалық артериялық қысым с.б. 140 мм жоғары, диастолалық артериялық қысым с.б. 90 мм жоғары болатын күй.
АГ дəрімен емдеудің басты принциптері:
- АГ емдеуді дəрінің аз дозасынан бастау керек;
- Дəрілердің тиімділігін арттыру, жағымсыз əсерін азайту үшін дəрілердің құрама емін қолдану керек;
- Əсері ұзартылған дəрілердің артықшылығы болады (бір қабылдағанда əсері 12-24 сағатқа созылатын дəрілер).
Қазіргі кезде АГ емдеуде қолданылатын дəрілер алты топқа бөлінеді:β-адреноблокаторлар, диуретиктер, кальций антагонистері, ААФ ингибиторлары, ангиотензин ІІ антагонистері (рецепторлардың блокаторлары), альфа-адреноблокаторлар.
АГ кейбір түрлерін емдеу.
Рефрактерлік АГ емдеу. Рефрактерлік (резистентті, тұрақты) АГ – екінші ретті АГ жоққа шығарылып, науқас адамды кем дегенде 6 апта бойы үш антигипертензивтік дəрілердің ең жоғарғы дозасына жақын дозамен емдегенде АҚҚ с.б. 140/90 мм жоғары болып қалатын АГ.
Егер систолалық АҚҚ с.б. 160 мм төмендетуге болмаса, ондай ЖСАТ рефрактерлік деп аталады. Аурудың диагнозын дəлелдеу үшін дəрілердің барлық тиімді құрамаларын байқап көру керек, сосын үш дəріден, кейін төрт дəріден (əдетте бір компонент ретінде миноксидил қолданылады) тұратын құрамаларды қолдану керек. Псевдорезистенттік болуы мүмкін екенін естен шығармау қажет. Оның мүмкін себептері: симптоматикалық АГ, дəрі қабылдау ережелерін сақтамау, дəрі дозасының дұрыс болмауы, дəрі құрамасының тиімді болмауы, ішімдік қабылдау, АҚҚ көтеретін дəрілер қабылдау, дене массасының көбеюі, айналымдағы қан көлемінің көбеюі (мысалы, жүрек əлсіздігінде) симуляция. Рефрактерлік АГ əр жағдайында симптоматикалық АГ жоққа шығару үшін науқас адамды арнайы стационар жағдайында мұқият тексеру керек.
Егде жастағы адамдардағы АГ емдеуді медикаментозды емес ем шараларынан бастау керек. Дəрімен емдеуді диуретиктерден бастау керек, себебі олар егде тартқан адамдарда АГ асқынуларын азайтып, өлімді сиретеді. ЖСАГ бар егде жастағы адамдарға инсульттің алдын алуға көмектесетін, ұзақ əсерлі дигидропиридиндік кальций антагонистерін беруге болады. Ортостатикалық гипотония беретін дəрілерді (альфа-адреноблокаторлар) бермеген дұрыс. Дəрімен емдеудің қарапайым тəртібін (режимін) қолданған жөн (1 таб. тəулігіне 1 рет). Егде тартқан науқастарға берілетін антигипертензивтік дəрілердің бастапқы дозасы жастар мен орта жастағы адамдарға берілетін дозадан екі есе аз болуы керек. Егде жастағы науқастарда АҚҚ мақсатты деңгейі с.б. 140/90 мм болуы керек, бірақ ауыр, ұзақ уақыт емделмеген систолалық АГ-да систолалық қан қысымы с.б. 160 мм жеткізсе де жеткілікті.
...