Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Науқастың локалды статусын сипаттап жазу. Тақырыптық науқастағы қисықтабанның дәрежесін анықтау

Автор:   •  Март 2, 2018  •  Реферат  •  1,941 Слов (8 Страниц)  •  1,674 Просмотры

Страница 1 из 8

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандық: Жалпы медицина

Дисциплин: Балалар хирургиясы

Кафедра: Балалар хирургиясы

Курс: 4

Тақырыбы: Науқастың локалды статусын сипаттап жазу. Тақырыптық науқастағы қисықтабанның дәрежесін анықтау

Орындалу формасы: мәнжазба

                                                                                                         Орындаған: Козбак Ж.

                                                                                                         Тобы:404

                                                                                                         Тексерген: Кенжалина Р.А.

                                                                                                       

Ақтөбе 2017 жыл

Жоспары:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1.Туа пайда болған қисықтабан туралы түсінік,этиологиясы,дәрежелерін анықтау

2.Туа пайда болған қисықтабан клиникасы және диагностикасы, емі

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

       Табанның деформациялары кең тараған ортопедиялық бұзылыстар болып табылады және ол әртүрлі себептермен шақырылады,осы себептерге байланысты деформациялар туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді.

         Табанның іштен қисайып,   деформацияланып тууын көптеген ғалымдар жүктілік уақытында организмге әсер ететін эндогенді және экзогенді патологиялық факторлармен байланыстырады.Оларға амнионның ұрық үстімен жабысып қалуы,ұрықты   амнион жіктелуінің қысуы, кіндік бауынын табанды қысуы, жүктілік токсикозы, вирусты инфекция, токсоплазмоз, авитаминоз және тағы басқада себептер жатады. Тұқым қуалаушылық негізінде де дамуы мүмкін.

        Туа пайда болған қисық аяқтық қаңқаның барлық туа пайда болған деформацияларының ішінде 65,5 % құрайды.1000 жаңа туған нәрестенің ішінде 5-10 жағдайда кездеседі.Ұл балаларды қыз балаларға қарағанда екі есе жиі кездеседі.Екі жақтық қисық аяқтылық бір жақтыққа қарағанда жиірек кездеседі.10%  туа пайда болған қисық аяқтығы бар балаларда қосымша сколиоз , қисық мойын және туа пайда болған жамбастың ұршық буынының шығуы кездеседі.

[pic 1]

Қисықтабан (pes equinovarus) - туа біткен аяқ буындарынның  қисаюы мен қатаюын (контрактурасын) атайды. Т.С.Зацепиннің мәліметі бойынша қисық табандылық туа біткен тірек-қозғалыс аппаратының ауруларының ішінде бірінші орын алып,олардың 35.8%құрайды.

     Т.С.Зацепин бойынша,іштен туа пайда болған қисық табандылық асық сүйегінің  пішінінің өзгеруін,жіліншік-асық және басқа да буындардың,буын қалталарының,сіңірлермен бұлшық еттердің даму өзгерістерін туындатады.

Этиологиясы

    Негізінен екі теория бар бірінші теория бойынша ұрықтың біріншілік құрылуының ақауы және генетикалық дефект орын алады.

     Екінші теория бойынша жатыр ішінде қалыпты дамып келе жатқан ұрыққа сыртқы факторлардың (әсіресе механикалық) әсер етуі.Эмбриологиялық даму кезеңінде ұрықтың табаны физиологиялық эквиноварус фазасында болады.Эмбриональды дамудың осы фазасында сыртқы факторлардың әсері жүктіліктің 5-6 аптасында осы патологияның дамуына алып келеді.

Қисық табандылықты тудыратын себептер:

  • жатыр ішінде ұрықтың дұрыс дамымауы,
  • қағанақтың  іштей балаға жабысуы,
  • кіндік бауының аяққа оралуы,
  • жатыр етінің және жатыр ішіндегі ісіктің аяққа қысым жасауы және т.б.

М.О.Фриндланд бойыша қисықтабанның 3 дәрежесін ажыратады. Жіктелуі:

  • Жеңіл
  • Орташа ауырлықта
  • Өте ауыр

Жеңіл(I дәреже) – сирақ-табан буынында еркін қозғалыстар және қосымша күш салусыз түзетуге болады.

...

Скачать:   txt (24.4 Kb)   pdf (523.5 Kb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club