Сал-серілердің көтерген мәселесін,қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз
Автор: Karashkaarman • Октябрь 11, 2018 • Эссе • 621 Слов (3 Страниц) • 3,895 Просмотры
№13 Сал-серілердің көтерген мәселесін,қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.
Көркем туынды-заман айнасы.
Қоғам өмірінде адам өнерінің алар орны ерек болмақ.Алладан келген қадірлі де, қасиетті өнер иелері бірі-ел бастаған көсем болса,бірі- сөз бастаған шешен болады,ал ендігі біреулер-ел кейпін әнге қосқан жыршылар болады. Қазақ қоғамында өзге елдегідей әнші топтарға жақын келетін,бірақ дәл өзі болмайтын қазақтың дала жұлдыздарынан құралған топ – сал-серілер болмақ.”Жел ұшырған қаңбақ” секілді болмасын деп, сөзіме дәйек келтірейін. С.Жүнісов: «Cал-серілер— орыс халқының трубадурларына да, француздың жонглерларына да, испандық хугларлерге де, немістің шпильмандері мен тəжіктің масқарапаздарына да ұқсамайтын, тағдыры, сүйегі жағынан паяцтарға, өзбектің қызықшыларына, Шолом Алейхан жазатын еврейлік «қаңғырған жұлдыздарға» аздап жақындайтын, тіршілігі жағынан тек қазаққа ғана тəн Ақан сері, Біржан сал атымен байланысты өзінше бір жаңа серілер, салдар тобы еді» Ендігі кезек сал мен серінің айырмашылығы неде?-деген сұраққа жауап іздейік. Аталмыш тұлғалар өнер жолындағы майталмандар екені хақ, бірақ салдың өзінің ерекшеліктері - елден ерек болып киіну тәсілі, ауыл маңайында аттан құлап қалғандай жатқан сәтте қыз атауларының баршасы оны ауылға көтеріп барудағы іс-әрекеттері, жалғыз немесе аз ғана топпен жүруі болмақ.Сері- киіну тәсілінен бөлек,аңшылық,ән шырқаудағы ерекшеліктерімен қоса, бірнеше артист, әншілермен бірге жүруі ерек.Сал-серілердің қоғамда алар орны қандай болмақ? Сал-серілердің қоғамдағы орның олардың туындыларынан байқасақ болады. Қазақ қоғамында «Балқадиша »,«Құлагер» деген туындыларды құлақ шалса,бірден дала жұлдыздарының бірі –Ақан сері еске түседі. Ақан серінің шығармашылық болмысының басты қасиеттері өмір шындығын боямасыз, жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы. Шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулары шынайы да шымыр, қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары жетістік кең тыныстылық, ән иірімдерінің нәзіктігі, әуен әсемдігі, интонациялық суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ, ырғақтары мен қайырымдарының ұзақтығы болмақ. Оған дәлел өзінің туындысы «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы» өлеңінде:
Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
Алдымен сен бір қашқан маралдағы ........-деп келіп енді бірде:
«Сен болсаң, ол – қызыл гүл асыл еркем,
Мен – бұлбұл сайрап тұрған иран бағы, –
деп қызды гүлге теңеп, еркелете келіп, өзін бұлбұлға теңейді. Қыз бейнесін суреттеуде Ақан ең әдемі, нәзік суреттермен береді; «ақ түлкі», «ақ марал» өмірде сирек кездесетін, ешкімнің қолына оңайшылықпен түсе бермейтін сүйкімді жануарға шеңдестіреді. Тағы да өне бойын сезім еркіне берген тұста шыққан туындысы -«Құлагер». Сезім ұшқынын біз мына жолдардан байқасақ болады:
...