Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дәрілік формалар. Рецептура

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Практическая работа  •  1,846 Слов (8 Страниц)  •  493 Просмотры

Страница 1 из 8

Студенттің аты-жөні, тобы_________________________________

Күні______________

Практикалық сабақ №2  

Тақырып: Дәрілік формалар. Рецептура

Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз:

  1. Рецепт: анықтамасы, құрылымы.

Рецепт (Receptum) – Рецепт-бұл науқасқа қолдану тәсілдері көрсетілген дәрі-дәрмек босату және жасалу жайында дәріханаға дәрігер тағайындаған пішін бойынша жасалған жазбаша өтініш қағазы.Рецепт арнайы бланкта жазылады.Рецепт жүйелі 9 бөліктен тұрады.

  1. Inscriptio I-емдеу мекемесінің аталымы (мөрі) және коды.
  2. Inscriptio II –рецепт жазудың мерзімі (күні,айы,жылы).
  3. Nomen aegroti- науқастың аты-жөні.
  4. Nomen medici- дәрігердің аты-жөні.
  5. Invocatio- дәрігердің Recipe (ал) сөзімен дәріханаға жолдаған жазбаша ұйғарымы.
  6. Designatio materiarum- рецептуралық жазылым, дәрі дәрмектің аты, берілу саны. Бұл рецептің негізгілігі және латын тілінде жазылады.
  7. Subscriptio-дәрілік пішіндердің атауы (май,ұнтақ және т.б.) немесе фармацевтке басқа тапсырманың берілуі.
  8. Signatura- белгілеу, яғни ауруға түсінікті тілде дәріні қалай қабылдау туралы нұсқау.
  9. Nomen medici-дәрігердің мөрмен куәландырылған қолы.

Осы міндетті жазылатын 9 бөліктің ішінен 5,6 және 7-бөліктер және 8-бөліктің алғашқы сөзі латын тілінде жазылады.

                                                                        Рецепт жазудағы талаптар

  1. Рецепт бланкадағы қарастырылған барлық бөліктер міндетті толтырылады, сия немесе қаламмен анық және түсінікті жазылады.Рецепте қателерді түзетуге болмайды.
  2. Дәрі-дәрмектің құрамы, дәрілік пішіннің белгілеуі және дәрі-дәрмекті жасау мен беру жайында фармацевтке дәрігердің тапсырмалары латын тілінде жазылады. Осы белгілеулердің латын тіліндегі қысқартулары медициналық және фармацевтикалық практикада қолданылу тәртібіне сәйкес рұқсат етіледі. Нақты қандай дәрілік зат жазылғаны айқын емес, бір-біріне жақын,ұқсас ингредиенттерді қысқартуға болмайды.
  3. Мөлшері,жиілігі, уақыты және қабылдау ұзақтығы көрсетіліп дәрі-дәрмектің қолдану тәсілдері қазақ (орыс) не ұлттық тілде белгіленеді. «Ішкі », «белгілі» және осы тәрізді тағы басқа жалпы нұсқауларды қолдануға болмайды.
  4. Науқасқа дәріні жедел беру кезінде рецептуралық бланктың үстіңгі бөлігінде «cito» (тез!) немесе «statim” (жедел!) деген белгі қойылады.
  5. Рецепт жазуда сұйық зат мөлшері миллилитрмен (Мысалы: 0,1 ml;       1 ml; 5 ml; 20 ml және т.б.), граммен немесе тамшымен (тамшылар рим санымен белгіленеді) көрсетіледі,ал қатты және сусымалы заттар-граммдарда (мысалға: 0,001; 0,05;, 0,3; 1,0; 10,0 және т.с.с.)   белгіленеді.

  1. Рұқсат етілген рецептурлық қысқартулар (дәрілік формалар және арнайы рецептурплық атаулар).

                                                                    Рецепт бойынша қысқартулар

Қысқартылуы

Толық атауы

Аудармасы

ac. acid.

acidum

қышқыл

amp.

ampulla

Ампула

aq.

аqua

су

aq. purif.

aqua purificata

Тазартылған су

but.

вutyrum

май (қатты)

comp., cps.

сompositus (a, um)

күрделі

Dec.

Decoctum

қайнатпа

dil.

dilutus

сұйылтылған

emuls

emulsum

Эмульсия

extr.

extractum

экстракт

gtt.

gutta, guttae

тамшы

inf.

infusum

тұндырма

in amp.

in ampullis

ампулада

in caps.gel.

in capsulis gelatinosis

желатинді капсулада

in tabl.

in tab(u)lettis

таблеткада

lin.

linimentum

сұйық жақпа

liq.

liquor

сұйықтық

ol.

oleum

май (сұйық)

pulv.

pulvis

ұнтақ

r., rad.

radix

тамыр

simpl.

simplex

жай

sir.

sirupus

Сироп

sol.

solutio

ерітінді

tabl.

tab(u)letta

Таблетка

t-ra, tinct., tct.

tinctura

тұндырма

ung.

unguentum

Мазь

ppt., praec.

praecipitatus

тұндырма

past.

pasta

Паста

...

Скачать:   txt (25.7 Kb)   pdf (143.7 Kb)   docx (19.6 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club