Этногенез және оның негізгі формалары
Автор: aktore98 • Апрель 24, 2018 • Курсовая работа • 5,993 Слов (24 Страниц) • 1,861 Просмотры
ал и ьтидаитав ф
Жоспар
Кіріспе..............................................................................................................3
I-тарау. Әлем халықтарының этногенезі
1.1. Әлем халыктарының этногенездік ерекшеліктері................................5
1.2. Әлем халықтарының антропологиясы..................................................7
1.3. Этнос теориясы......................................................................................11
II-тарау. Этногенез және оның негізгі формалары
2.1. Этногенез теориясы..............................................................................15
2.2. Л.Гумилевтің пассионарлық теориясы..............................................17
Қорытынды...................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................22
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бізді қоршаған тіршіліктегі құбылыстар мен оқиғалардың өзгеруі халықтың қалыптасуы өздігінен себеп-салдарсыз болмайды. Ол белгілі бір объективтік заңдылықтар негізінде жүзеге асып жатады. Этнеогенез−ұлттың, халықтың пайда болуы, дамуы және жойылу процесі. Этногенез-қандай болсада халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этнологиялық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мысалы, Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан. Жер шарын мекендеген үлкенді-кішілі халықтардың өздеріне ғана тән ерекшеліктері болады. Атап айтатын болсақ олардың этностарында, нәсілдерінде, этнографиясында айырмашылықтары болады. Этногенез үрдісін әрдайым кешенді түрде қалыптасатын күрделі үрдіс ретінде қарастырды, әрі өз зерттеулерінде бірнеше ғылымдардың археология, антропология, лингвистика, этнология, тарих, деректану, дерек көздерін пайдалана отырып, қазақ халқының этногенез жайында салиқалы қорытындылар, дәйекті тұжырымдар жасаған.
Тақырыптың тарихнамасы. Этногенез саласын көптеген ғалымдар зерттеген және ол туралы еңбектер жазған. Олардың ішіне ерекше атап өткім келетіні Лев Гумилев еңбектері. Л.Н.Гумилев өзінің «Этногенез және жер биосферасы» монографиясында және «Этнос географиясы» кітабында этнос дамуының фазаларын ежелгі Рим тарихының мысалында көрсетеді. Л.Гумилев еңбегінде бұл идея теория түрінде ғылыми негізделді. Л.Гумилев этногенез процесінің энергетикалық табиғатына назар аударды[1]. Тарихтағы қызметтің қайнар көзі, Гумилевтің айтуынша, биосферадағы тірі заттардың биохимиялық энергиясы. Биосфераның биохимиялық энергиясын кезінде В.И.Вернадский ашқан болатын. У. Шәлекеновтың «Әлем халықтарының этнографиясы» еңбегінде этногенез және этникалық тарихқа токталып кеткен[2]. Этногенез жайлы А.П.Садохинның[3], Г.Т.Таводовтың[4], Ж.О.Артықпаев[5] еңбектерінде айтып өткен.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты этногенез және оның негізгі формаларын зерттеу болып табылады. Алға қойылған ғылыми мақсатқа жету үшін төмендегідей бірнеше міндеттер зерделенеді.
– Әлем халықтарының этногенездік ерекшеліктері анықталды;
– Әлем халықтарының антропологиясы салысырмалы түрде қарастырылды;
– Этногенез және оның негізгі формалары зерделенді;
– Этногенез теориясы, Л.Гумилевтің пассионарлық теориясы қарастырылды;
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тарау екі-үш тармақшадан құралады, және қорытындымен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
...