Жұмсақ дәрілік формалар
Автор: 123432453244 • Декабрь 13, 2020 • Лекция • 1,264 Слов (6 Страниц) • 1,898 Просмотры
Жұмсақ дәрілік формалар
Сабақтың мақсаты: Дәрілердің түрлерімен танысу, рецепт жазу ережесін біліп игеру.
Оқушы білуге тиіс: Дәрілердің түрлерін, рецептурадағы қысқартылатын
сөздерді, рецепттерді жазу, құрастырудың жалпы ережелерін.
Оқушы істей білуге тиіс: Дәрілерілердің түрлеріне рецепт жазу, рсцептуралық
жазуларды күрастыру мөлшерін дұрыс табу, енгізу жолдарын білу.
Лекция
ЖҰМСАҚ ДӘРІЛЕР ТҮРЛЕРІ
ЖАҚПА МАЙ – UNQUENTUM
Жақпа май сыртқа жағуға арналаған жұмсақ дәрінің түрі, негіздері ретінде ланолин, нафталин мұнайы, вазелин майы, парафин сияқты заттарды алады, фармацевтік зауыттарда немесе дәріханада жасалады. Рецепте жақпа май 2 түрлі жолмен жазылады.
Қысқартып жазу.
Rp: Unquenti Heparini 1% -20,0
Da. Signa: Жарақаттанған жерге жағу үшін
Толық жазу.
Rp: Tannini 5,0
Vaselini
Lanolini aa 22,5
Misce ut fіat unquentum
Da.Signa: Жарақаттанған жерлерге жағу үшін.
ПАСТА - PASTA
Паста – майдың бір түрі,жақпа майлардан айырмашылығы оның құрамында ұнтақ заттар көп болады. (25% – 65% дейін), сол себептен майға қарағанда паста қою болып келеді. Пастаның құрамына: тальк, крахмал, мырыш тотығы сияқты ұнтақ заттар қосылады, официональдық пастадан басқасы, рецепте толық жолмен жазылады.
Rp: Anaesthesini 2,5
Zinci oxydi 20,0
Vaselіni ad 50,0
Misce ut fiat pastа
Da.Signa: Жарақаттанған жерлерге жағу үшін.
Официональды пастаға рецепт жазу:
Rp: Pastae Teymurovi 25,0
Da.Signa: Жарақаттанған теріге жағу үшін.
Балауыздар - Suppositoria
Балауыз мөлшерге бөлінген жұмсақ дәрілердің түріне жатады, үй температурасында қатайып, адам организмінде еритін дәрілер, олар фармацевтік зауытта және дәріханада жасалады, қолдануына қарай екі түрлі болады:
- Ректалды балауызды тік ішекке қолданады.
- Вагиналды балауызды қынапқа қолданады.
Балауыздың негізі ретінде дәрімен бірге какао майын қосады, ректалды балауыздар конус немесе үшкір цилиндр формасындай болады, ал вагиналды балауыздар домалақ, шарик тәріздес болады. Балауыз рецепте 2 жолмен жазылады: қысқартып және толық.
Қысқартып жазу.
Rp: Suppositorium cum Acilacto 0,1
Da tales doses N 10 rectale
Signa: бір балауыздан таңертең және түнде тік ішекке қолдану.
Толық жазу жолы
Rp: Euphyllini 0,3
Olei Cacao quantum satis
ut fiat suppositorium rectale
Da tales doses N12
Signa: күніне 1 рет тік ішекке қолдану.
Еңгізуге арналған дәрілер
Иньекцияға көп дәрінің түрлері қолданады, еңгізуге қолданатын дәрілерге қойылатын негізгі талап, олар стерильді болулары қажет, бұл дәрілер әр түрлі әдіспен залалсыздадырады, көбіне фармацевтік зауытта, және дәріханада да дайындалады. Фармацевтік заутта жасалған иньекцияға арналған дәрілер, флаконда немесе ампулада шығарылады, ампула мен флаконның сыртына дәрінің аты, концентрациясы (пайызы), көлемі жазылады.
Rp: Solutionis Ephedrini hydrochloridі 5% - 1ml
Da tales doses N10 in ampullis
Signa: 1 мл тері астына жіберу қажет
Rp: Benzylpenicillini natrii 250 000 ED
Da tales doses N10
Signa: Қолданар алдында флаконды 3 мл, 0,5 % новокаин ерітіндісінде ерітіп күніне
4- 6 рет бұлшық етке еңгізу.
Иньекцияға арналған дәрілер дәріханада дайындалса, рецепте залалсыздандыру деген сөзді жазу керек.
Rp: Solutionis Glucosi 5% - 200 ml
Sterilisetur!
Da Signa: венаға тамшылап жіберу үшін.
...