Топырақ туралы түсінік
Автор: Kuka1991 • Октябрь 9, 2019 • Реферат • 1,093 Слов (5 Страниц) • 770 Просмотры
V. ЖЕР БЕТІНДЕГІ ЛАНДШАФТТАРДЫҢ ТИПТЕРІ.
ЛАНДШАФТТАРДЫ ЕЛЕУДІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Әрбір жекелеген ландшафт Л.С.Бергтің тұжырымы бойынша уақыт пен кеңістікте қайталанбайды. Бір - біріне ұқсас екі ландшафты табу мүмкін емес. Бүдан ландшафттар аралығында сапалық ұқсастықтар жоқ деген ұғым тумау керек. Салыстыру нәтижесінде бір-біріне шығу тегі жағынан, динамикасы тағы да басқа белгілері бойынша үқсас ландшафттарды табуға болады, сондықтан да жүйелеуге мүмкіндік бар.
Жүйелендіру немесе классификация - онсыз әрбір жекелеген ізденестер толық аяқталмаған деп есептелетін универсальды жалпы ғылыми процедура. Жүйелендіру белгілі бір обьектің әр алуан фактілерін теория жүзінде бір системаға келтіру болып табылады. Жүйелікте даму зандылықтарының синтезі, құрылымы, күрделі системалардың орналасуы өз маңызын табады. Ландшафттық жүйелендірулер жер бетіндегі ландшафттарды танып білуде өте үлкен ұйымдастырушылық роль атқарады. Оның практикалық маңызы да зор. Дүние жүзілік құрылықтардағы ландшафттардың нақтылы саны 5-6 мәнді цифрмен есептелінеді. Практикалық мақсатта жүргізілген ландшафттық ізденістерде мысалы, ауыл шаруашылығына тиімділігін анықтағанда, табиғатты қорғау немесе меллиоративті жұмыстар жүргізілгенде олардың құрылымы күрделі болып, әрбір жекелеген ландшафттарға баға беру, оған талдау жасау қиын. Сондықтан да көптеген жағдайларда типтік табиғи ерекшеліктерге байланысты типтік нормалар мен шараларды қолдануға тиіс болады. Қала қүрылысы, агролесомелиоративті, табиғатты қорғау т.б. Яғни мүмкіндігінше өте үлкен емес ландшафттық топтарға жіктеу, сонымен көптеген ландшафттарды белгілі бір типтерге, кластарға және түрлерге топтастыру типологиялық жағынан бір-біріне жақын ландшафттар комплектерінің табиғи жағдайларымен, табиғи ресурстарының үқсастығымен сипатталады да миллиоративтік, шаруашылық әсеріне біртекті жауап қайтарады. Ландшафттардың классификациясы - салыстырмалы түрде жаңа, өте күрделі және толығымен зерттелмеген проблема. Ландшафттарды топтастырудың негізіне қандай критерий алынғанына байланысты жіктеу принциптерінің бір-бірінен айырмашылығы болу керек. Қандай да болсын табиғи жіктеу обьектердің инварианттық қасиеттеріне негізделеді – пайда болуына, құрылымына, өгермелігіне. Осы критерийлер ландшафттану жүмыстарында жеп роль атқаруы тиіс. Бірақ олардың ұқсастық деңгейі әртүрлі, сондықтан да ол Өз маңызын жіктеудің сатылығынан табады, яғни таксономиялық бірліктер системасын қолданудан. Ен жоғарғы таксономиялық бірліктерден төменгісіне ауысқан сайын жіктеуге жаңа критерийлер енгізіліп отырады. Осының салдарынан ландшафттар қамтитын шеңбер кішірейген сайын олардың ортақ қасиеттері көбейе бастайды. Олай болса, ландшафттардың ұқсастығы жіктеудің барлық сатыларында сақталады - тип, класс, түр, бірақ төменгі деңгейде ортақ қасиеттер көп, ал жоғарысында керісінше. Классификация жасау индуктивтік және дедуктивтік әдістердің қатар жүруін талап етеді. Индуктивті әдісті қолдануда ең алғашқы материал болып нақтылы ландшафттар алынады. Олар ортақ белгілерін айқындау нәтижесінде төменгі сатысындағы классификациялық категорияларға топталады, түрге олар өз кезегімен кластарға тағы сол сияқты. Ал дедуктивті әдісті қолданғанда ең алдымен жоғарғы деңгейдегі классификациялық категориялар мысалы, типтер, кейіннен осының шенберінде төменгі сатыдағы классификациялық бірліктер жіктеледі.
Индуктивтік әдіс нақтылы ландшафттардың әртүрлілігін толық еске алуды және де алуан территориялардың ландшафттарының жекелеген ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз стеді: Егер де жалпыға белгілі пікірлерді басшылыққа алмасақ, жергілікті жете жүйелендіруді біртекті жоғарғы таксономиялық сатылармен байланыстырмасақ, онда біз көптеген алуан түрлі жіктеулермен кездесер едік те, оларды бір-бірімен салыстыру, қай аймаққа болса да қолдану күрделі болар еді. Сондықтан, жер бетіндегі ландшафттар өте көп болғандықтан, бәрімізге белгілі ландшафттық географиялық заңдылықтарға сүйене отырып, оларды дедуктивті әдісті қолданып ең жоғарғы таксономиялық бірліктен төменгісіне қарай жіктеген дұрыс. Мұндай жағдайда әрбір административтік, табиғи бірліктер шекарасында жасалған жеке ландшафттық жүйелерді бір ретке келтіруге мүмкіндік туады. Сонымен қатар әдісті қолдану жалпы дедуктивтік схеманы талдап тексеру үшін, соның нәтижесінде жер бетіндегі бүкіл ландшафттардың толық, мінездемесін беру үшін қажет.
...