Семей аймағында 19 бас жылқыға арналған мал қорасын жобалау
Автор: laura2305 • Июнь 5, 2018 • Курсовая работа • 3,395 Слов (14 Страниц) • 938 Просмотры
[pic 1]
Жоспар
Кіріспе .............................................................................................. | 3 | |
Негізгі бөлім..................................................................................... | 4 - 9 | |
1. | Жылқы шаруашылығы | 4-5 |
2. | Жылқы малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау..... | 6-8 |
3. | Жылқы қорларына және оның ішкі орналасуына қойылатын зоогигиеналык талаптар ................................................................... | 9-10 |
4. | Физиологиялық кесте құру.............................................................. | 11 |
5. | Ауа алмастыру жүйесін есептеу..................................................... | 12-13 |
6. | Жылу тепе-теңдігін есептеу............................................................ | 14-15 |
7. | Нөлдік балансты есептеу................................................................. | 16 |
8. | Қораның табиғи және жасанды жарқтандырылуын есептеу............................................................................................... | 17 |
Қорытынды....................................................................................... | 18-19 | |
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................. | 20 |
Кіріспе
Жылқы қазақтың қашаннан қадірлі малы, ел мақтанышы, байлық нышаны. Халқымыз жылқыға ерекше көңіл бөлді және жылқы өсірудің ел экономикасындағы маңызы да зор болды.
Бір кезде ауыл шаруашылық өндірісінің механикаландырылуы және электрлендірілуіне, ал кейінгі жылдары нарықтық қатынасқа өтуге байланысты жылқының саны едәуір азайып кетті. Жылқыны пайдалану жөнінен елімізде мынадай бағыттар қалыптасқан: мініс-жұмыс көлігі, өнім алу (ет, сүт т.б.), спорт және ат ойынына арналған және асыл тұқымды мал өсіру саласы. Әсіресе, асыл тұқымды жылқы өсіру барлық сала үшін бірдей маңызы болуымен қатар олардың даму деңгейіне де әсерін тигізді.
Қазақстанның өзіндік асыл тұқымдық негізі – 11 жылқы зауыты және 19 асыл тұқымды мал өсіріп таратушы шаруашылық болып табылады. Соңғы жылдары мемлекеттік шаруашылықтар мен акционерлік қоғамдардан басқа жекеше асыл тұқымды шаруашылықтар пайда болды.
Республика жылқы шаруашылығында бие сүтінен жасалатын шипалы сусын - қымыз, диеталық жылқы еті өндіріледі және ол бағалы тері өнімдерін алудың да қосымша көзі. Сонымен қатар қазіргі кездері Қазақстан Республикасында ат спортының классикалық және ұлттық түрлері, жазықтағы ат шабыстары, ат туризымының жұмыстары қарқынды дамуда.
Жылқы өсірумен айналысатын шаруашылықтардың жаңа түрлерінің құрылуы мен нарық экономикасының сұранысына байланысты жылқылар жылқы зауыттары, жылқы фермалары, жекеменшік, серктестік, шаруа кожалығы және басқа да ұжымдарда көлік малы қосымша жұмыс күші ретінде де кеңінен пайдаланылады.
Елімізде етті бағыттағы маманданған жылқы фермалары құрылды. Жылқы табынын қысы-жазы жайылымда бағу арзан тағам өндіруге, басқа мал түрлері алыстағы шөл, шөлейт және таудағы жайылымдарды игеруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа медицина және биологиялық өнеркәсіптерде жылқы қанынан емдік сарысулар мен басқа да дәрі-дәрмектер дайындалады. Қазақстандағы жылқы шаруашылығы өзінің тарихи қалыптасқан дәстүріне байланысты ауыл шаруашылығының басқа салаларынан ерекшеленеді. Ол өз өнімдерін салыстырғанда тек ішкі рынокқа ғана емес, сонымен бірге әлемдік бәсекелестік жағдайға қарай сыртқы рынокқа экспортқа шығаруда да маңызды. Сондықтан, жылқы шаруашылығының маңыздылығын ескере отырып, жылқының өзіндік ерекшеліктерін жақсы білетін жоғары білімді білікті зоотехниктерді, менеджерлерді, селекционерлерді және технологтарды дайындау қажет.
...