Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тараз қ. «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС-нің аймағындағы ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсету аймақтарының жұмыстарын ұйымдастыру

Автор:   •  Июнь 19, 2019  •  Дипломная работа  •  24,562 Слов (99 Страниц)  •  918 Просмотры

Страница 1 из 99

КІРІСПЕ

Көлік – халық шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Қазіргі таңда көліксіз экономиканың одан әрі дамуы мүмкін емес. Өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының еңбек ырғағы, халықтың көңіл-күйі мен еңбек етуге деген құлшынысы көлік қызметінің қаншалықты дәл және сенімді жұмыс атқаруына тікелей байланысты.

Автомобиль көлігі басқа көлік түрлерімен салыстырғанда жақын маңға тасымалдау үшін  ең ыңғайлы және тиімді көлік түрі болып табылады. Автомобиль көлігінің тиімді және үнемді жұмысы  жүк және жеңіл автомобильдерден, автобустардан тіркемелерден және жартылай тіркемелерден құралатын көп  салалы автомобиль паркін дұрыс әрі оңтайлы  пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта жолаушы тасымалдау көлігінің жұмысы экономиканың реальдық секторында және тұрғындардың табысында тұрақтану тенденциясы  байқалған кезеңге тура келіп отыр. Жолаушы көлігі шаруашылықтың маңызды саласының бірі болып табылады. Тұрғындардың көпшілігінде жекеменшік автомашинасы жоқ болғандықтан, олардың тасымалдауға деген сұранысын сапалы және дер кезінде қанағаттандыру мәселесі – тек қана тасымалдау мәселесі болып қалмастан, оның шеңберінен шығып, әлеметтік мәселеге айналады; сөйтіп, тұрғындардың оларға  көрсетілген  тасымалдау қызметінің сапасына деген көзқарасын ғана емес, халықтың аймақтағы және бүкіл мемлекетіміздегі жүріп жатқан үрдістерге деген көзарасын да анықтайды [4].

Техникалық пайдалану автомобиль көлігі жүйесінің бірыңғай түрі болып есептеледі. Автомобиль көлігінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі − автомобильдердің пайдалану өнімділігін арттыру және оларды сақтауға кететін шығындарды төмендету болып табылады.

Дегенмен, автобус паркінің техникалық күйін жақсарту өте баяу жүргізіледі. Бұл мәселені шешу, бір жағынан, сыйымдылығы жоғары автобустарды техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының еңбек сыйымдылығын төмендету, автобустардың жөндеуден жөндеуге дейінгі аралық жүрісін арттыру есебінен жүзеге асырылады. Аталған шарттарға қосымша, жылжымалы құрамның ақаусыз күйде жұмыс атқаруына қажетті өндірістік негізді құру, өндірістік үрдістерде механикаландыру және автоматтандыру құралдарын кеңінен енгізу жұмыстарын орындау да талап етіледі. Қазіргі уақытта «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС-ндегі өндірістік процестерді мехникаландыру деңгейі, салыстырмалы түрде алатын болсақ, өте төмен деңгейде, ал ауқымы болса мардымсыз.

Ежелден-ақ Қазақстан Орта Азияның транзиттік аймағы болды. Көршілес мемлекеттер, көбінесе Еуропа нарығына шығу үшін осы қазақ жерін басып өтіп жатты. Орта ғасырлардағы сауда қарым-қатынастарына көз салсақ, бұнда да Қазақ хандығының (XIV ғ) жерін бүкіл әлемге танымал «Ұлы Жібек жолы» көп бөлігін басып өткен.

Қашан да болмасын сауда мен транзит мекені болған еліміз, көлік ғылымы парақтарында өзіндік ерекше таңбасын қалдырады.

Ғылым мен техниканың пайда болуы арқылы көп түрлі көлік құралдары пайда бола бастады. Әлемде әуе және құбыр көліктері дамымай тұрған кезде, автомобиль көлігі, су және темір жол көліктерімен қалыспай қызмет атқаруда. Қазіргі уақытта автомобиль көлігі мен басқа да көлік түрлерінің қызметін реттейтін ұйымдар мен халықаралық ереже-шарттар бар. Осылар арқылы жалпы дүниежүзілік көлікпен жүк және жолаушы тасымалдау реттеліп, біртұтас жүйеге келтіріліп отырады.

Автокөлік, автомобиль тасымалдары  және автомобиль жолдарын дамытуды мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың бастапқы кезеңінің бірқатар міндеттерін шешу қажеттігіне тоқталды [1].

Еліміздің бес өңірінде қоғамдық тыңдалымы өтетін бұл бағдарлама отандық көлік қатынасы жүйесіне халықаралық сапа талаптарын енгізуді көздейді. Жолаушыларды тасымалдау ісін жаңа деңгейге көтерумен қатар, елімізде жаңа автовокзалдар, автобекеттер, темір жол вокзалдары мен аэродромдар салынатын болады. Сонымен қатар теміржол магистральдары желісін кеңейту жүргізілетін болады.

...

Скачать:   txt (182.1 Kb)   pdf (4.1 Mb)   docx (1.5 Mb)  
Продолжить читать еще 98 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club