Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өскемен аймағы бойынша 573 бас қойға арналған қора жобасы

Автор:   •  Октябрь 12, 2019  •  Реферат  •  7,024 Слов (29 Страниц)  •  606 Просмотры

Страница 1 из 29

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

[pic 1]

Кафедра: Ветеринариялық санитария

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Өскемен аймағы бойынша 573 бас қойға арналған қора жобасы.

       Орындаған: Оразханов Е.                            Тексерген: Қойгелдинова А. С.       

 (қолы) ________                                                  (қолы) ________

  _________     __________

(Бағасы)        (күні)

 Комиссия _____________                                 ______________________

                          (қолы)                                                          (ФИО)        

                    _____________                                 ______________________

                          (қолы)                                                          (ФИО)

Семей 2018 жыл

Жоспары

Кіріспе .................................................................................................................... 3                                                                          

І Әдебиетке шолу ................................................................................................. 5                                                                 

1.1 Қазақстанда кездесетін қой қолтұқымдарына сипаттама .......................  5

1.2 Қой малын өсірудің гигиенасы .....................................................................  6

1.3 Қойларды азықтандыру және күтіп-бағудың гигиенасы ........................  7

1.4 Қой қораларының және технологиялық бөлшектерінің өлшемдері .... 10

1.5 Саулықтарды ұстау және азықтандыру гигиенасы ................................... 11                              

1.6 Қой бағландарын және қозы күтіп-бағу  гигиенасы ...............................  12                            

1.7 Қой және ешкі малдарына арналған қоралардың жобалары .......... 16                  
ІІ Негізгі бөлім .................................................................................................... 19                                                                                                    

2.1 Физиологиялық кест  ....................................................................................  19

2.2 Ауа алмастыру жүйесін есептеу ..................................................................        20

2.2.1 Көмірқышқыл газының мөлшерімен есептеу .........................................        20

2.2.2 Су буымен алмастыру жүйесін ...............................................................  21

2.3 Жылу тепе- теңдігін есептеу .......................................................................  22

2.4 Нөлдік балансты есептеу .............................................................................  23

2.5 Қорадағы жасанды жарықтану дәрежесін есептеу ...................................  24

Қорытынды ........................................................................................................ 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................................................  26

          Кіріспе

Қой шаруашылығы -  мал шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орт. Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған. 

Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді. 19 ғ-дың соңына қарай Ақмола, Семей, кейінірек Торғай және Жетісу өңіріне орыс шаруалары меринос қой тұқымдарын ала келді. 1913 ж. қазіргі Қазақстан жерінде 19,6 млн. уақ мал болды. Азамат соғысы жылдары өзге түліктермен бірге қой саны да барынша азайып (1920 ж. – 8,8 млн.), елдегі мал шаурашылығына үлкен нұқсан келтірілді. Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясатына байланысты 1928 жылға дейін дәстүрлі мал ш-ның ерекшеліктері ішінара сақталып қалды. Сол жылғы үкімет қаулысынан кейін елдегі ірі байларды жаппай кәмпескелеудің соңы мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын да қатты күйзеліске ұшыратып, 1930 – 32 жылдардағы ашаршылыққа алып келді. 1936 ж. республикада небәрі 4,3 млн. қой қалды. Күштеп ұжымдастыру науқанынан кейін қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығының қарқынды дамуына тежеу салынып, 1928 – 85 жылға дейінгі аралықта қой шаруашылығының кеңестік жүйесі қалыптасып, дамыды. Қой тұқымдарының санымен қатар сапасын да көтеру шараларының нәтижесінде 1960 ж. республикадағы барлық койдың 84,6%-ы, 1974 ж. 99,99%-ы, 1980 ж. 100%-ы асыл тұқымды мал тобына жатқызылды. Сондай-ақ, 1966 – 70 ж. уақ малдан алынатын ет өнімдері орта есеппен – 471,3 мың т, 1981 – 83 ж. – 493,3 мың т-ға жетті. Қойдың мол өнімді жаңа тұқымдары – қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, дегерес қойы, т.б. шығарылды. 1984 жылдың басында Қазақстанда 36567,8 мың (барлық шаруашылық түрлерінде) қой болды. Қой саны жағынан Қазақстан КСРО бойынша 2-орын (Ресейден кейін), қаракөл елтірісін дайындау жағынан 1-орын алды. Қой шаруашылығы әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан (Семей), Жамбыл, Алматы облыстарында қарқынды дамыды. Жаңа тұқым шығару мақсатында Қазақстандағы таңдаулы қой тұқымдары мен шетелдік тұқымдар: австралия мериносы, австралия корриделі, линкольн қойы, ромни-марш қойлары, т. б. пайдаланылды. Қазақстанда қой шаруашылығының дамуында негізгі үш бағыт айқындалды. Олар елдің табиғи климаты, жем-шөп, жайылым жағдайы, қойдың биол. ерекшеліктері, т.б. байланысты төмендегіше 3 аймаққа бөлінді: 1) далалық, қуаң-шөлейт аймақтар мен оңт. таулы өңір. Мұнда биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары (барлық қойдың 65%-ы) өсірілді. 2) шөл және шөлейт аймақ. Бұл жерлерде негізінен етті-майлы, ұяң не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың 16%-ы) шоғырланды. 3) Қаракөл қойлары өсірілетін оңт. және батыс аймақтар. 1990 жылдың басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі қой шаруашылықтары болды. 

...

Скачать:   txt (81.1 Kb)   pdf (438.9 Kb)   docx (607.9 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club