Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қонақ үйге арналған автоматтандырылған жүйемен басқару «MaxiBooking» бағдарламасын орнату

Автор:   •  Февраль 11, 2022  •  Курсовая работа  •  2,070 Слов (9 Страниц)  •  432 Просмотры

Страница 1 из 9

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ

ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ КАФЕДРАСЫ

«Туризм және қонақжайлық индустриясындағы цифрлық технологиялар» пәні бойынша

МИНИ-ЖОБА

Тақырыбы: Қонақ үйге арналған автоматтандырылған жүйемен басқару «MaxiBooking» бағдарламасын орнату

Білім беру бағдарламасының атауы: «Қонақ үй және мейрамхана бизнесі»

Орындаған: Күндізгі, 2 курс, ҚМБ 20-01

Исақұл Елана

Орындаған: Күндізгі, 2 курс, ҚМБ 20-01

Кабиева Жұлдыз

Орындаған: Күндізгі, 2 курс, ҚМБ 20-01

Ғабитова Үміт

Қабылдаған: Арыстанов Н.

                       Сәрсенбаев А.

Түркістан 2021


                                              МАЗМҰНЫ

I КІРІСПЕ...................................................................................................3

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ....................................................................................5

2.1. Қонақ үйлерді автоматтандыру бағдарламасы..................................5

2.2. «Maxibooking» – интерфейсі мен қолданылуы..................................8

III ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................11

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................13

Кіріспе
   Туристік индустрияның соңғы он жылдықта қарқынды дамуы екі фактормен байланысты: азаматтық авиацияның дамуы мен компьютерлік брондау жүйесінің пайда болуымен. Өз кезегінде ұшақтар мен әуе жолдарының санының көбеюімен және де әуе жолдары мен тасымалдау жүйелерінің ұлғаюы компьютерлік брондау жүйесінің СRS (Computer Reservation System) пайда болуымен және оны пайдалануына әкелді. Бұл әуе билеттерін резервілеу негізгі құралы болды. Нарықта ең бірінші резервілеу ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында пайда болды. Бұл жүйелер United Airlines фирмасындағы Apollo мeн American Airlines фирмасындағы Sabre. Бастапқы кезде компьютерлік брондау жүйесі әуе компанияларының кеңселеріне терминалдарды қою арқылы болды. Бұл әуе компанияларының қызметкерлерінің жұмыстарының сапалы әрі нәтижелі болуына мүмкіндік берді және билеттерді рәсімдеуге кеткен уақыт орнына жолаушыларға жоғарғы сападағы қызмет көрсетілді, билеттерді брондауды қамтамасыз ететін қызметкерлер штатының санын азайту негізінде жасалды. Ең бірінші брондау орталығының техникамен жабдықталуын IBM фирмасы айналысты,ол әлі күнге дейін резервілеу жүйесін құралдармен қамтамасыз етеді.
    Брондау — қонақ үйдегі бөлмелерге және жергілікті жерге алдын-ала тапсырыс беру. Бөлмелерді брондау қызметімен бөлім менеджерлері немесе қабылдау қызметі және орналастыру бөлімі айналысады. Яғни осы бөлімшелерге клиенттерден брондау туралы өтініштер түсіп отырады. Көп жылдық қонақ үйде қызмет еткендер ойын-сауық жоспарларын жақсы ұйымдастыра алады. Оларға: спорттық жарыстар, құрылтайлар, фестивальдер және т.б. іс-шара өткізу кезінде қонақ үй орындарына сұраныс өсе түседі.
   Кейініректе ірі туристік агенттерде брондау терминалдары қойыла басталды. Осындай жүйенің пайда болуы негізінде турагенттер әуе билеттерін резервілеуді санаулы минуттардың ішінде жасайтын болды. Енгізілген брондау жүйесі клиенттерге қызмет көрсетудің уақытын азайтты және on-line режимінде резервілеуді қамтамасыз етті,брондауды жүзеге асыратын қызметкерлердің санын қысқарту негізінде көрсетілетін қызметтің өзіндік құны төмендетілді, әр түрлі қызмет көрсетілді, әрі оның саны көбейді. Сонымен қатар икемді баға белгілеу стратегиясының іске асыруға, ұшақтарды тиеуді оңтайландыруға, әр түрлі әуе компанияларының сапарларының түйісуіне,баға бойынша туристерді тасымалдаудың маршруттарының қалыптасуына,ұшу мерзімі мен басқа да міндетттерді іске асыруға мүмкіндік пайда болды. Жаңа брондау технологиясының нәтижесі мен оның болашақтағы қолдану жоспарын бағалап, әуе компаниялары ұсынған брондау жүйесінің ақпараттары мен олардың функцияналды мүмкіндіктерін кеңейтті. Баспапқы кезде жеке алынған әуе компания топтарына және олардың қонақ үйдегі орындарды, теміржол билеттеріне тапсырыс беру, автомашиналарды уақытша пайдалану үшін алуға және т.б., қосымша қызметтерді ұсынатын брондау жүйелерінің бағдарламалар жинағына айналды. Енді брондау жүйелерінде орындардың бар болуы туралы ақпараттар ғана емес, сонымен қатар сапарлар туралы жалпы ақпараттар, жалпы тарифтер туралы нақты ақпараттар, туристік бизнеспен байланысты салалардың ақпараттары болды.
   Яғни, қазіргі заманда автоматтандырылған брондау жүйелерінсіз туристтік агенттіктер мен қонақ үйлер, мейрамханалар жұмысын елестету мүмкін емес. Сондай жүйелердің бірі – Maxibooking бағдарламасына тоқталып өтсек.

...

Скачать:   txt (31.5 Kb)   pdf (220.8 Kb)   docx (47.8 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club