Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын таныстыр
Автор: Meruertuuuu • Октябрь 12, 2022 • Лекция • 767 Слов (4 Страниц) • 227 Просмотры
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын таныстырды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын таныстырды.
Ұлттық экономика министрі А.Қуантиров 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын және бюджет параметрлерін нақтылауды қарауға ұсынды.
Макрокөрсеткіштердің болжамы сыртқы экономикалық жағдайды, мұнай нарығындағы үрдістерді ескере отырып, сондай-ақ әлемдік экономиканың дамуын күту негізінде қайта қаралды.
Осылайша, жыл басынан бері ел экономикасының өсу қарқынында оң динамика байқалады. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 3,5 пайызды құрады.
А.Қуантиров атап өткендей, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалауы бойынша биылғы жылы. жаһандық ЖІӨ өсу перспективалары нашарлайды деп күтілуде. S&P Global 2022 жылға арналған әлемдік экономиканың өсу болжамын 4,2%-дан 3,6%-ға төмендетті.
«Жыл басынан бері мұнайдың орташа бағасы барреліне 98 долларды құрады. Бұл ретте IFO-ның 2022 жылға арналған мұнай бағасының болжамы барреліне 74 доллардан 105 долларға дейін ауытқиды.
Осыған байланысты макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 90 доллар деңгейінде белгіленді», - деді Ұлттық экономика министрі.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде ел экономикасының өсу болжамы 3,9%-дан 2,1%-ға төмендетілді. Бұл ретте номиналды ЖІӨ 91,5 трлн теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген болжамнан 4,5 трлн теңгеге жоғары.
«Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 72,2 миллиард долларға дейін өседі. Импорт 40,2 миллиард долларды құрайды. Инфляция 8-10 пайыз дәлізінде белгіленді», - деді Ұлттық экономика министрі.
Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде бюджет кірістерінің болжамы нақтыланғанын атап өткен жөн. 2022 жылы республикалық бюджеттің кірісі 10 162 млрд теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген жоспардан 955 млрд теңгеге жоғары.
Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына қойған міндеттерін іске асыру және республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық қордан 2022 жылға бекітілген кепілдендірілген трансферттің көлемін 4 030 миллиард теңгеге немесе 1 630 миллиардқа дейін ұлғайта отырып түзету ұсынылады.
Бюджет шығыстарының өсу көздеріне мыналар жатады:
• бюджеттің меншікті кірістері — 1,1 трлн. теңге;
• Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің ұлғаюы – 1,6 трлн.
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруға қосымша 1,8 триллион теңге бөлінеді.
Е.Жамаубаев осы блоктың басым бағыттарына тоқталды.
Бірінші. Жалпы шығыстары 197 млрд.теңгені құрайтын халықтың кірістерін арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру.
Бұл қаражат аясында жастарды қолдау, өз ісін ашуға шағын несиелер беру, жалдамалы тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау және халықтың нақты кірістерін арттыруға бағытталған басқа да маңызды шаралар қарастырылады.
...