Инсулин туралы түсінік
Автор: Aida5 • Февраль 3, 2019 • Курсовая работа • 4,714 Слов (19 Страниц) • 756 Просмотры
Мазмұны
Анықтамалар, қысқартулар мен белгілеулер | 5 | |
Кіріспе | 7 | |
1 1.1 | Негізгі бөлім Инсулин туралы түсінік | 9 9 |
1.1.1 | Инсулиннің ашылу тарихы | 10 |
1.1.2 1.1.3 1.1.4 | Инсулиннің құрылысы мен қызметі Инсулин секрециясы Әсер ету механизмі | 11 13 14 |
1.2 1.3 1.3.1 1.3.2 | Адам инсулинін өндіру қажеттігі Гендік – инженерлік модификациялық әдіс Гендік – инженерлік рекомбинантты әдіс Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі | 15 16 17 20 21 |
Анықтамалар
Осы курстық жобада келесі анықтамалар қолданылды:
Аутофосфорлену – органикалық заттың тотығып ыдырауы кезінде бөлініп шығатын энергия, макроэртті фосфат күйінде АМФ немесе АДФ молекуласына қосылып, АТФ түзеді де, энергия осы молекулада сақталады. Гормондар - эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Гликонеогенез - адам мен жануарлар организмдерінде, негізінен бауыр гепатоциттерінде глюкозаның протеиндерден, майдан және басқа заттардан түзілу процесі. Деполяризация - жасушаның физиологиялық тыныштық күйіндегі, оның цитоплазмасы мен жасушаның сыртқы сұйықтығы арасындағы потенциалдар айырымының төмендеуі, яғни тыныштық потенциалының төмендеуі. Дифракция - толқынның кедергіге тап болғанда, оны орағытып өту немесе саңылау арқылы өту үрдісі Метаболизм - тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынтығы. Плазмида – бактериялар қолайсыз жағдайларға ұшарағанда маңызды рөл атқаратын қос тізбекті ДНҚ молкулалары. Трансляция - полипептид тізбегінің гендегі аРНҚ негізінде ақпаратқа сай түзілуі. Экзоцитоз - заттардың жасушалардан сыртқа шығарылу процесі.
Қысқартулар мен белгілеулер
Осы курстық жұмыста келесі қысқартулар мен белгілеулер қолданылды:
ДНҚ – дезоксирибонуклеин қышқылы
АТФ – аденозинүшфосфорқышқылы
цАМФ – циклді аденозинмонофосфат
АҚШ –Америка Құрама Штаттары
РНҚ - рибонуклеин қышқылы
кДНҚ
мРНК – матрицалы рибонуклеин қышқылы
мл- миллилитр;
°С-градус;
t- температура;
мин- минут;
мг- миллиграмм;
сағ- сағат;
гр- грамм;
Кіріспе
Бүгінде қант диабеті ауруының қарқынды өсуі әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының жаһандық мәселелерінің біріне айналып отыр. Қант диабеті адамдарды мүгедектікке және өлімге алып келетін аурулардың үштігіне (басқа екеуі – атеросклероз және рак) кіреді. Бүгінгі таңда дүние жүзінде қант диабетімен ауыратындардың саны көбейіп, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық дерттен кейін үшінші орынды иеленуі — көпшілікті алаңдатып отырған мәселе. Бұл дерт біздің елімізде күннен-күнге көбейіп келеді. Сондықтан қант диабетінің белгілері білінген күннен бастап, денсаулыққа аса күтім керектігін ұмытпаған жөн.
...