Вирусология ғылымы. «Вирус» ұғымы туралы түсінік
Автор: akonai40 • Октябрь 9, 2018 • Реферат • 8,934 Слов (36 Страниц) • 3,692 Просмотры
Жоспар
I. Кіріспе
Вирусология ғылымы. «Вирус» ұғымы туралы түсінік.
II. Негізгі бөлім:
1. Вирустардың ашылуы.
2. Вирустардың табиғатта тіршілік етуі.
3. Вирустардың негізгі ерекшеліктері.
4. Вирустардың пайда болу табиғаты.
5. Вирусология тарихы.
6. Вирусологияның маңызы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Вирусология ─ биология ғылымының негізгі бір бөлігі. Вирусология ғылымының дамуына бактерия, өсімдіктер және жануарлар дүниесінің вирустарын зерттеу көп әсер етті. XIX ғасырдың аяғына дейін кейбір жұқпалы аурулардың қоздырушылары микроорганизмдер екені белгілі болды, ал тіпті қайсыбір аурулардың қоздырушылары микробтар да емес екені анықталды. 1892 жылы темекі өсімдігінің ауруын таратушылар өте ұсақ агент екені белгілі болды, одан кейінірек 1898 жылы неміс ғалымдары Фрош және Леффлер ірі қараның аусыл ауруын таратушы агенттің бактерияны ұстайтын сүзгіден өтіп кететінін дәлелдеді. 1915 жылы Туорт, 1917 жылы Эррель бактерияларды да ауыртатын өте ұсақ агенттер бар екенін дәлелдеп, оларды «бактериофаг» деп атады. Кейінірек осылардың бәрі «сүзгіден өтетін вирустар» деп айтыла бастады. «Вирус» деген сөз латын тіліндегі «у» деген ұғымнан алынған. Вирусология ғылымы биологияның, мал дәрігерлігінің, медицинаның негізгі бөлігі болып саналады. Себебі вирустар адамдардың, жануарлар дүниесінің, өсімдіктердің ауруын таратады. Вирустардың құрылымдық, макро-молекулалық ерекшеліктері оларды генетика, молекулярлық биология ғылымдарын зерттеу үшін бірден-бір таптырмайтын құрал етіп пайдалануға мүмкіндік береді. Вирустар өте кең тараған. Олар аса қауіпті, дүниедегі барлық дерлік тірі жанның жауы. Вирустарды ең алғашқы рет 1892 жылы Д.И.Ивановский ашты. Ол өзінің студент кезінде Украина мен Белоруссия жеріне темекі өсімдіктерінің ауруын зерттеумен шұғылданды. Себебі ол аурудың зардабы өте үлкен шығын әкелетін. Темекі өсімдігін зерттеуге сол кезде көп ғалымдар атсалысқан. Оған Мейердің (Голландия) 1886 жылғы еңбектері мысал бола алады. Ивановский досы Половцев екеуі ауруға ұшыраған темекі өсімдігінің жапырақтарын ұнтақтап, оның сөлін сау жапырақтарға жаққан кезде сау жапырақтар да ауруға ұшырады. Осы ауру жапырақтардың сөлін сүзгіден өткізіп, ауру қоздыратын нәрсенің бактериядан ұсақ екенін дәлелдеді. Ең негізгісі ─ осы сөлдің ауру қоздыратын қасиеті анықталды. Демек, 1892 жыл ─ вирустардың ашылу жылы болып есептеледі. Осы жылы темекі өсімдігінің ауруын қоздырушы вирус белгілі болды. Бұл өте үлкен жаңалық еді. Кох пен Пастердің аттары микробиология үшін қаншалықты зор болса, Ивановскийдің аты вирусология үшін соншалықты зор болып есептеледі. Ивановский бұл вирусты микроскоп арқылы көруге болмайтынын және жасанды қоректік орталарда өспейтінін мәлімдеді. Қазір Ресейдегі вирусология институты Ивановский есімімен аталады. Осы ғалымның атымен сыйлық та (үш жылда бір рет беріледі) белгіленген. «Вирус» деген ұғымды бірінші рет Нидерланд ботанигі Бейеринк қолданды. Ол ғалым Темекі өсімдігі жапырақтары ауруын зерттеп, Ивановскийдің бақылауларын қайталады. Дегенмен ауруды қоздыратын «сұйық жұқпалы нәрсе», демек, «вирус» «у» деген пікір айтты.
...