Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жұмыр құрттар типі. Нематодалар класының жіктелуі

Автор:   •  Ноябрь 15, 2021  •  Контрольная работа  •  2,696 Слов (11 Страниц)  •  321 Просмотры

Страница 1 из 11

[pic 1]

КеАҚ «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ»

 

Микробиология және биотехнология кафедрасы

№3 - Зертханалық-практикалық сабақ жұмысы

Тақырыбы 3/1:     Жұмыр құрттар типі. Нематодалар класының жіктелуі.

№1 тапсырма: Аскаридалардың сыртқы және ішкі құрылысы мен даму кезеңімен танысып (шошқа және жылқы аскаридалары) және суреттерін белгілеу. Жануарларда кездесетін жұмыр құрттар түрімен танысу, басқа құрттар түрімен дифференцациялай білу.

Сабақтың мақсаты: Жылқы аскаридасының және острицалар мысалында жұмыр құрттардың систематикалық жағдайы мен дене құрылыстарының және даму ерекшеліктерімен танысу

Қажетті құрал-жабдықтар: слайдтар, суреттер, микроскоптар, формалинде қатырылған аскаридалар, аскарида денесінің көлденең кимасы бар және острицалардың микропрепараттары, таблицалар.

Жалпы түсінік.

Жылкы аскаридасының  аналығының  ұзыңдығы 37 см-ге дейін жетеді. Дене тұрқы өте созылыңқы болып, ұштарына қарай біртіндеп сүйірлене түседі, ал колденеңінен қиып қарағанда жұмыр болады. Денесінің сырты кутикуламен қапталған. Кутикуланың астында гиподерма және бұлшык еттер қабаты орналаскан. Осы аталған компоненттер тері-ет қапшығын түзеді. Еттері ұзын бойында төрт таспа түрінде болады: екі арқа және екі құрсақ. Ал олардың арасында төрт гиподерма білігі орналасқан. Гиподерманың бүйір біліктерінен зәр шығару каналдары өтеді, ал арқа және құрсақ біліктерінен арқа және құрсақ нерв тізбектері кетеді.

Тері-ет капшығы мен ішектің арасында дененің алғашқы куысы жатады. Бұл қуыстың өзінде меншікті қабырғасы болмайды және де ол қуыс көп сұйықтыққа толы болады. Оның кұрамында валериан қышқылы болғандықтан, сол себепті үлкен улылык касиетке ие.

Ас корыту жүйесі үш ерін төмпешігімен қоршалған ауыздан басталады І24-суретІ. Ауыз кутикуламен астарланған эктодермальды жұтттқыншаққа жалғасады. Оның керегесі бұлшык етті, ал кейбіреулерінің жұтқыншағында хитинді тісшелері бар. Жұтқыншақтың артқы ұшын бульбус деп атайды. Жұткыншақтан кейін энтодермалық ортаңғы ішек келеді. Оның керегесі бір кабатты эпителийден тұрады. Ет талшықтары болмайды. Ортаңғы ішек ешқандай иін жасамай дене қусында бос жатады. Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардың ас қорытуларынан ерекшелігі-ас клеткадан тыс ортаңгы ішектің қуысында қорытылуында. Ортаңғы ішек қысқа эктодермалық артқы ішекке жалғасады. Артқы ішекте алдыңғы ішек сияқты кутикуламен астарланған.

Тамақтың корытылуы негізінен ортаңғы ішекте жүреді. Өйткені жұткыншақта арнайы бездер болады да, олардан бөлінген сөл тамақпен бірге ортаңғы ішекке келеді. Сөйтіп оның құрамындағы ферменттердің әсерінен тамақ қорытылып, ортаңғы ішектің керегесі арқылы денеге сіңіріледі. Қалдық заттар артқы ішек аналь тесігі арқылы денеден бөлінеді. Тіршілік ету тәсіліне қарай жұмыр құрттардың қоректік заттары, қоректену тәсілі түрліше болып келеді. Қан айналу және тыныс алу жүйелері болмайды.

[pic 2]

[pic 3]

Нерв жүйесі және сезім мүшелері. Нерв жүйесі жұтқыншақ айналасындағы сақинасынанжәне оған жанасып жатқан нерв клеткаларының шоғырлануынан пайда болған ганглиядан тұрады. Нерв сақинасынан бас бөліміне- ерін төмпешіктеріне қарай алты нерв сабақшалары кетіп, ерін төмпешіктерінде болатын өсінділерді нервтендіреді. Денесінің артқы бөлігіне жұтқыншақ айналасындағы нерв сақинасынан алты нерв сабақтары кетеді. Оның ішінде біршама жақсы жетілгені құрсақ гиподермасындағы білікте орналасқаны. Жұтқыншак айналасындағы нерв сақинасы, онымен байланысқан ганглия және құрсақ нерв сабағы орталық нерв жүйесін құрайды. Құрсақ нерв сабағынан басқа гиподерма арқылы өтетін арқа, екі бүйір және терт өте жіңішке нерв сабақтары болады. Мұндай нерв сабақтары негізінен ганглиядан таралады. Құрсақ және арқа нерв сабақтары өзара жартылай нерв сақиналары арқылы жалғасып жатады.

...

Скачать:   txt (42.1 Kb)   pdf (860 Kb)   docx (710.9 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club