Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аурухана ішілік инфекция туралы түсінік

Автор:   •  Апрель 22, 2021  •  Лекция  •  5,540 Слов (23 Страниц)  •  684 Просмотры

Страница 1 из 23

мЭпидемиологиялық қауіпсіздік (медициналық көмек көрсеру кезінде инфекцияның алдын алу)

Қосымша №2

[pic 1]Аурухана ішілік инфекция туралы түсінік

Аурухана ішіндегі аурулар деп медициналық көмек көрсету барысында пациентте немесе медицина қызметкерінде жұқпалы ауру белгілерінің пайда болуын айтады, басқаша аурухана ішілік инфекцияны «госпитальды» деп те атайды.

Ауруханада ем қабылдаған пациентте емдеу кезінде немесе ауруханадан шыққан соң жұқпалы ауру белгілері байқалуы мүмкін. Оның 85 % - іріңді – септикалық, 15 % - жедел жұқпалы аурулар тобын құрайды.

Дүние жүзінде аурухана ішілік инфекция кеңінен өріс алуда, денсаулық сақтау саласына әлеуметтік және экономикалық  зиян келтіруде.

Себептеріне тоқталатын болсақ: обьективтік және субьективтік болып бөлінеді.

  1. Обьективтік себептерге жатады:
  • Медицина талабына сай келмейтін емдеу – профилактикалық  ұйымдардың болуы.
  • Дәрілерге сезімталдығы төмен микроб түрлері пайда болуы.
  • Халық және мал шаруашылығында, күнделікті өмірде антибиотиктерді негізсіз  кеңінен қолдану.
  1. Субьективті себептер:
  • Медицина қызметкерлерінің білім деңгейінің төмен болуы.
  • Санитарлық - эпидемиялық бақылау мекемесі қызметкерлері тұрғысынан тиісті бақылаудың болмауы.
  • Кейбір медициналық аппараттардың сапалы зарарсыздандыру тәсілдерінің жоқтығы.
  • Пациенттің - пациентпен, пациентпен - медицина қызметкерлерінің қатынасының  тығыз болуы.
  • Медицина қызметкерлер арасында микроб тасмалдаушылардың болуы.
  • Медицина құралдарын залалсыздадыру және зарарсыздардыру сапасының төмен болуы.

Инфекция көзі, жұқпалы ауру қоздырғышының таралу жолдары, микроорганизм мен макроорганизм ерекшілігі, қолайлы факторлар – аурухана ішілік инфекция таралуын әсерін тигізеді:

Инфекция көзі :

  • Микроб тасмалдаушылар
  • Аурудың жасырын түрімен ауыратын пациенттер
  • Ауруға келушілер
  • Жұқпалы ауру белгісі бар медицина қызметкерлері (тұмау, баспа және т.б.)

Таралу жолдары :

  • Ауа тамшы арқылы(аэрогенді)
  • Қатынас арқылы
  • Алиментарлық таралу (су, сапасы төмен тамақ).
  • Трансмиссивтік таралу.
  • Парентеральды таралу.

[pic 2] [pic 3]

Аурухана ішіндегі инфекция келесі түрлерге бөлінеді:

  • Инъекциядан кейінгі
  • Операциядан кейінгі
  • Босанғаннан кейінгі
  • Эндоскопиялық зерттеуден кейінгі
  • Диализден кейінгі
  • Трансплантациядан кейінгі
  • Гемосорбциядан кейінгі және тағы басқалар.

Аурухана ішіндегі инфекцияның дамуы үшін “қолайлы” факторлардың орны ерекше:

  • Ауру салдарынан организмнің қорғаныш қабілетінің төмендеуі;
  • Антибиотиктерге сезімталдығы төмен микроб түрлерінің пайда болуы;
  • Пациенттердің арасында қариялардың көбеюі;
  • Инфекциялық қауіпсіздік ережелердің сақталмауы;
  • Емдеу поофилактикалық ұйымының материалдық техникалық базасының

            аздығы, соның салдарынан бөлімшелерде пациенттің тығыз орналасуы;

  • Медициналық инструменттер және апппаратураның тозуы.

Аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу мақсатында инфекциялық процесстің кезеңіне тосқауыл қойылуы  қажет:

  • инфекция көзін жою
  • таралуына жол бермеу
  • организм шыдамдылығын артыру.

Емдеу профилактикалық ұйымда инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында келесі шараларды жүргізу қажет:

  1. Емдеу - профилактикалық ұйымда санитарлық – гигиеналық тәртіпті сақтау.
  2. Пациентті қабылдау ережелерін мұқият жүргізу (термометрия, мұрын қуысы, жұтқыншақтан стафилакокқа жұғынды алу, педикулезге  қарсы күрес).
  3. Жұмыс киімдерін ережеге сәйкес сақтау;
  4. Бөлімшеде киім, төсеніш тазалығын сақтау.
  5. Бұйрыққа сәйкес “жинағыш” құралдарды қолдану, залалсыздандыру және сақтау.
  6. Пациент киімдерін және қолданылған кір киімдерді ережеге сәйкес сақтау.
  7. Медициналық құралдар мен күтім құралдарын инструкциялық әдістемелік нұсқауларға сәйкес залалсыздандыру және зарарсыздандыру ;
  8. Жұқпалы ауруларды оқшаулау, қатынаста болғандарға обсервациялық бақылау жүргізу.
  9. Пациенттің тамақтануын бақылау, тағам қалдықтарын және ыдыстарды тазалаудан өткізу.
  10. Өте қауіпті жұқпалы аурулар анықталған жағдайда ескертпе - кестеге сәйкес  медициналық көмекті ұйымдастыру және хабарлау.
  11. Емдеу - профилактикалық ұйымдардағы қоқыстарды жинау және жою ережесін сақтау.

Мейірбике күнделікті кәсіби қызметіне байланысты пациентке көмек көрсете отырып, жеке бас қауіпсіздігін сақтауды естен шығармауы тиіс. Аурухана ішілік инфекцияның медициналық қызметкерлер арасында болдырмау екі бағытта жүргізіледі.

...

Скачать:   txt (69.6 Kb)   pdf (1.4 Mb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club