Асептика және антисептика туралы түсінік. Хирургиялық инфекцияның алдын алу
Автор: Zhanibek555 • Февраль 13, 2024 • Лекция • 1,202 Слов (5 Страниц) • 160 Просмотры
Тақырып 2. Асептика және антисептика туралы түсінік. Хирургиялық инфекцияның алдын алу
Жабдықтар, техникалық және аспаптық құралдар: операциялық бөлме, хирургиялық жабдықтар мен құралдар, антисептикалық құралдар. Кестелер, плакаттар, муляждар.
Жұмыстың мазмұны: операциялық бөлмені операцияларға дайындау ережелерін, құралдарды зарарсыздандыру тәсілдерін және жануарларды операцияларға дайындау әдістерін зерделеу қажет. Құралдарды суық зарарсыздандыру әдістерін, фломбтау әдісін білу.
АСЕПТИКА ЖӘНЕ АНТИСЕПТИКА
1750 жылы ағылшын әскери хирургы Прингл «асептика» ұғымын енгізді.
Асептика –(а-жоқ, septicus-іріп-шіру) –инфекцияның болмауы. Асептика дегеніміз –жараға немесе ауру малдың денесіне инфекцияның түсуінің алдын-алуға бағытталған шаралар кешенін айтамыз, басқаша айтқанда микробсыз жағдайда жұмыс істеу мүмкіндігін жасау.
Қазіргі таңда мынадай қағидалардың қатаң түрде сақталғанын талап етеді, олар:
- Жараға жанасатын заттың барлығы таза және залалсыз болу керек.
- Барлық хирургиялық аурулар екі топқа бөлінуі керек –таза және инфекцияланған немесе іріңді.
Асептиканы механикалық, физикалық, химиялық әдістердің көмегімен іске асырады.
Антисептика – («anti»-қарсы, septicus»- іріп-шіру)-бар инфекциямен қарсы күресу шараларының кешені. Хининнің антисептикалық әсерін тапқан Дж. Прилинг 1750 жылы «антисептика» терминін медициналық тәжірибеге енгізді. Сонымен, антисептиканы механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың көмегімен жараға, патологиялық ошаққа, ағзалар мен ұлпаларғамалдың денесіне түскен микробтарды жоюға бағыталлған шаралардың кешені деп айтуымызға болады.
Механикалық антисептика. Механикалық антисептика әдісі хирургиялық әдіс. Кездейсоқ жараланған жануардың жарасына балшық жұғып, су тиіп, шаң- топырақ, қоқым түсетіні мәлім. Осылармен бірге жараға сіңген микробтар 5-6 сағат арасында жыртылған тері, мыжылған ет, жараланған жерге ҚҰйылған қанмен араласып, өзінің өсіп-өнуіне жақсы мүмкіншілік алады. Жараға түскен микробтарды, сондай-ақ жарақаттану салдарынан өлген торшаларды кесіп алып тастаса, жара орны іріңдемейтіні белгілі.
1898 жылы неміс хирургі Фридрихтің жаңа ғана жараланған малдың жарасын қандауырмен (скальпель) тіліп алып (жараның жан-жағын, түбін) және сол жерді жіппен тігіп қойса, жара болған жер іріңдемейді, ауру малдың өміріне қауіп жоқ деген пікірі болашақта хирургтердің күнделікті әрекетіне, әдетіне айналды. Осы әдіс- яғни жараны алғашқы хирургиялық жолмен тазалау, немесе емдеу операциясы деп аталады.
Химиялық антисептика. Химиялық заттардың микробтардың өсіп-өркендеуіне кедергі жасайтын (бактериостатикалық), не соларды жойып жіберетін (бактерицидтік) қасиеттерін химиялық антисептика деп атайды. Химиялық заттар жарадағы микробтарға ғана әсерін тигізіп қоймайды, сонымен бірге жараның жазылуына, бүкіл ағзаға әсер етеді. Осыны еске ала отырып, мал дәрігері тағайындаған дәрі-дәрмекті мұқият қадағалап, мөлшерлеп беріп отыру керек.
Физикалық антисептика. Әр заттың физика заңына сәйкес тек өзіне ғана тән әртүрлі қасиеттері (сору, құрғау, ағу) болады. Бұл қасиеттер хирургиялық тәжірибеде кең қолданылады. Мысалы, дәкені алайық. Оның қандай да болсын сұйық затты тез сорып алатын қабілеті бар. Егерде жараның ішіне дәкеден тығын тықсақ, тереңде жатқан ірің бері тартылып, сыртқа шықпақ. Дәкенің осы қасиетін ескере отырып, оны 5% немесе 10% тұз ерітіндісіне малып алып жараға тықсақ, іріңнің сорылуы бірнеше есе арта түседі. Тереңде жатқан іріңді сыртқа шығару үшін пластмассадан, шыныдан, резеңкеден жасалған түтік (дренаж), дәкеден тампон кең пайдаланылады. Кейде іріңмен бірге жарадан өлі ұлпалар, микробтар, жараның аузынан шығады. Кейбір кезде жара байланбаса да жара беті тез қарақотырланып, микробтың өсуіне тосқауыл жасалады. Жараларды ультрафиолеттік сәулемен де емдейді. Осының бәрі физикалық антисептиканың негізін құрайды.
...