Әлеуметтанудың классикалық
Автор: adzholdas • Октябрь 13, 2021 • Практическая работа • 557 Слов (3 Страниц) • 512 Просмотры
Әлеуметтанудың классикалық кезеңіндегі әлеуметтанушылар мен негізгі ұғымдар бойынша кестені толтырыңыз:
Әлеуметтанудың классикалық кезеңі | ||
Негізгі ұғымдар | Ұғымды кім қарастырды | Ұғымның мазмұны |
Позитивизм | Огюст Конт | Позитивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты ғылыми тұрғыдан сенімді, дәл зерттеуге болатынына негізделеді. Ол бойынша әлеуметтік мінез-құлықтың заңдарын анықтағаннан кейін оны болжауға және басқаруға болады. |
Әлеуметтік статика | Огюст Конт | Қоғамдағы өмір сүріп тұрған құрылымдар болып табылады. Әлеуметтік сатитика Конттың социологиясындағы негізгі категория, оның пайымдауынша әлеуметтану әлеуметтік статиканы зерттеуі тиіс. |
Әлеуметтік динамика | Огюст Конт | Әлеумет бір орында тұрмайды,әрдайым өзгеру,даму процесінде болады. Сол әлеуметтік өзгерістер үрдісін біз әлеуметтік динамика дейміз. О.Конттың пікірінше әлеуметтану қоғамды эволюциялық жолмен прогрессивті түрде өзгертетін, позитивті ғылым болуы тиіс. |
Социал-дарвинизм | Герберт Спенсер | Бұл социологиялық теорияға сәйкес табиғатта Чарльз Дарвин анықтаған табиғи сұрыпталу мен тіршілік үшін күрес заңдары адамзат қоғамындағы қатынастарға да қолданылады. |
Органикалық әлеуметтану | Герберт Спенсер | Бұл ұғым қоғамды биологиялық заңдылықтар бойынша дамитын әлеуметтік организм ретінде көрсетеді. Әлеуметтік және биологиялық ағзаның бес жалпы белгілерін анықтайды: олардың өсу процесінде организмдердің көлемі ұлғаяды; организмдердің ішкі құрылымы бар; дененің құрылымы өскен сайын күрделене түседі; дене құрылымының күрделенуімен оның құрамдас бөліктерінің қызметтерінің дифференциациясының жоғарылауы байқалады; дененің бөліктері бір -бірімен әсерлеседі. |
Қоғамның эволюциялық дамуы | Герберт Спенсер | Адамзат қоғамын табиғи себептілік арқылы түсіндіру. «Барлық жерде бір ғана эволюция жүріп жатыр». Бұл заңға сәйкес, әр түрлі ғылымдардың, өнердің,кәсіптердің барлық түрлерін түбірі бір болса да, бірақ үздіксіз алшақтау нәтижесінде әр түрлі болып кеткен, әрқайсысы жеке дамыған мәдениеттің алуан түрлі әлемін түсіндіруге болады. |
Құрылымдық-функционалдық | Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм | Әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асырылатыны туралы проблеманы зерттейді. Құрылымдық-функциялық теория әлемді ымыраға келу және тұрақтылық тұрғысынан қарастырады. Құрылымдық-функционалдылық теория біріншіден, қоғамды жүйе ретінде қарастырады; екіншіден, қоғамдағы құбылыстар мен процестер бір-бірімен себеп-салдарлық түрде байланысып жатыр; үшіншіден, қоғам өздігінен реттеліп отырады, әмбебап. |
Аномия | Эмиль Дюркгейм | Қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылу кезеңі. Яғни, қоғам нормаларының бүлыңғыр немесе қалыптасқан жағдайға сәйкес болмайтын заман өзгеруі |
Қоғамдық формациялар | Карл Маркс | Формациялық көзқарас қоғамды статика мен динамикада зерттейді, оның ішкі логикасын, сонымен қатар оның дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын ашады. Ол тарихты төменнен жоғарыға қарай прогрессивті дамудың біртұтас процесі ретінде түсіндіріледі деген идеяға негізделген. |
Қоғамдық еңбек бөлінісі | Карл Маркс | Қоғамның даму процесінде еңбек қызметінің сапалық саралануы, оның әр түрлі түрлерінің оқшаулануына және қатар өмір сүруіне әкелуі. |
Буржуазия | Карл Маркс | Жұмысқа қажет құралдар мен материалдарды, яғни өндіріс құрал-жабдықтарын иеленген тап. |
Пролетариат | Карл Маркс | Әлеуметтік-экономикалық прогресті жүзеге асырушы тап. |
Қоғамның революциялық дамуы | Карл Маркс | Қоғам дамуының табиғи-тарихи процесінің мәнінің көрінісі. Әмбебап, табиғи сипатқа ие және адамзат тарихында орын алған маңызды, түбегейлі өзгерістерді білдіреді; сапалық өзгерістер,бір күйден екінші күйге секіру. |
Конфликтті көзқарас, конфликт теориясы | Карл Маркс | Конфликт теориясы қоғамдағы күйзеліс пен шиеленістерді, осыған орай, қоғамды әлеуметтік өзгерістерге алып келетін жолдарды қарастырады. Қазіргі конфликт теориясы негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады: бәсеке, құрылымдық теңсіздік,әлеуметтік өзгеріс. |
Идеалды тип | Макс Вебер | Идеалды типке теориялық конструкция түрінде көрінген дәуірдің мүддесі ретінде қарады. Идеалды типтер ретінде моральдық, саяси, діни және сол сияқты басқа да құндылықтардан туындайтын адамдардың мінез-құлықтары, әлеуметтік қарым-қатынастары, қызмет көріністері бола алады. |
Бюрократия | Макс Вебер | Бұл тиімділікті барынша артгыруға арналған нақты ережелері және иерархиялық билік құрылымы бар күрделі әлеуметтік ұйымның ерекше түрі. |
Харизмалы тұлға | Макс Вебер | Аса дарындылық;айналадағыларға қатты ықпал ету, әсер ету мүмкіндігі ие тұлға. "Харизма" ұғымы харизмалық үстемдік, харизмалық көшбасшылық сияқты саяси түсініктердің негізі.Вебер пікірінше, харизмалық үстемдік – айтқанына бұлтақсыз көндіретін, ерікті түрде бағындыратын, харизмалық билеуші көсем. |
Престиж | Макс Вебер | Адам еңбегінің қоғамның қадірлеу өлшемі. Яғни,оның өмірдегі әр түрлі аспектілерінің маңыздылығын, беделін, әсерін, тартымдылығын құрметтеудегі салыстырмалы баға. |
Әлеуметтік іс-әрекет | Макс Вебер | Жеке тұлға жүзеге асыратын іс-әрекет.Яғни, адам ойламайтын әрекет әлеуметтік әрекет бола алмайды.Мысалы, кездейсоқ көлік соқтығысы-әлеуметтік іс-әрекетке жатпайды.Себебі,олар саналы ойлау процесінін тәтижесі емес. |
Әлеуметтік мобильдік | Сорокин | Әлеуметтік таптың өзгеруі.Адамның, әлеуметтік топтың әлеуметтік құрылымдағы өз орнын ауыстыруы, адамның бір әлеуметтік топтан екінші бір әлеуметтік топқа өтуі немесе сол топтың ішінде орнын өзгертуі. |
...