Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтанудың теориялық даму кезеңдерін талдау

Автор:   •  Сентябрь 11, 2020  •  Практическая работа  •  5,030 Слов (21 Страниц)  •  6,416 Просмотры

Страница 1 из 21

ҚТӘ-21 тобы Башарова Гүлсезім

№2 Практикалық сабақтың тақырыбы: Әлеуметтанудың теориялық даму кезеңдерін талдау.

Тапсырма: 

1. Әлеуметтанулық теориялар.  Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О.Конт, Э.Дюркгейм, Г.Спенсер).

2.  Құрылымдық функционализм. Қақтығыс теориялары.

3. Рөлдік теориялар.

1.Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады. Сол сияқты өзінің қалыптасу сәтінен бастап, социология бірнеше теорияларға негізделіп дамып отырды. Социолог-ғалымдардың әр топтары өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат, мұраттарына қарай әр түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды. Олардың әрқайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды. Міне, сол теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығын парагдигмалар деп атайды. Кең мағынада парадигмаларды социологиядағы теориялық концепциялар деп қарауға болады. Қоғам тұтас әлеуметтік шындық ретіндегі негізгі ережелер мен принциптер әлеуметтану парадигмасына жатады.

Әр парадигма өзіндік талғампаздық сипатымен ерекшеленеді. Олардың қоғамдағы әртүрлі факторларға, адамдардың мінез-құлықтарына талдау жасауда маңызы зор. Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды анализ жасау тәсілдеріне және өздерінің методологиялық принциптеріне қарай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар; 2) интерпретативті немесе микросоциологиялық парадигмалар. Бірінші топтағы (құрылымдық) парадигмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны ұйымдастыру, қызметтік мәселелерін және дамуын қарастырады. Ал екінші топтағы парадигмалар негізінен әлеуметтік іс-әрекет ретінде адамның мінез-құлқына баса көңіл бөледі. Бірінші топтағы құрылымдық парадигмаға жататын парадигмаларға тоқталатын болсақ, олар төмендегідей: 1)функционалдық (қызметтік) парадигмалар; 2)конфликтік (конфликтологиялық) парадигмалар.

Конфликтологиялық парадигманың өзі үш тармаққа бөлінеді: а)марксистік, б) неомарксистік, в) беймарксистік конфликтологиялық социология.

Екінші топтағы интерпретативті парадигмаларға жататындар: 1)әлеуметтік әрекетті қарастыратын парадигмалар; 2)символикалық интеракционизм; 3)феноменологиялық парадигма; 4) этнометодологиялық парадигмалар.

2. Олардың әрқайсысына қысқаша тоқталатын болсақ, макросоциологиялық парадигмалардың бірі – функционалдық парадигма.

Құрылымдық – функционалдық парадигманың өкілдері: Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Толкотт Парсонс т.б. Т.Парсонстың еңбектерінде құрылымдық-функционалдық бағыт әзірленді. Жалпы ғылыми әдістерден құрылымдық-функционалдық әлеуметтануда кеңінен қолданылады.

Олар қоғамды бір-біріне өзара тәуелді құрылымы бар және қоғамдық бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде қарастырады. Бұл теорияның өкілдері негізінен қоғамды құрайтын әрбір институттың қызметіне талдау жасай отырып, олардың әлеуметтік жүйедегі тұтастықтың, гармонияның сақталуына қосатын үлесі қандай екендігін анықтап көрсетуді мақсат етеді. Осы мақсатпен олар, мәселен, мемлекеттің қоғамды басқарудағы қызметіне, жанұяның келешек ұрпақты әлеуметтік ортаға дағдыландыру және бейімдеу қызметіне анализ жасауды көздейді. Сондай-ақ, олар қоғамдағы базалық құндылықтарды бекітудегі діннің атқаратын қызметіне анализ жасауға баса назар аударады. Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигманың екіншісі– конфликтік (конфликтологиялық) парадигма. Мұның өкілдері де қоғамды құрылымдық тұрғыдан қарастыра отырып, оның тұтас жүйе екендігін мойындайды. Құрылымдық принципті мойындай отырып, өз теорияларын қоғамның әр түрлі топтық құрылымына, олардың мүдделерінің әр түрлі болуына және бірі екіншісін пайдалану арқылы пайда табу әрекеттеріне талдау жасауға негіздейді.

...

Скачать:   txt (77.2 Kb)   pdf (145.5 Kb)   docx (27.7 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club