Әлеуметтанудың негізгі түрлері
Автор: Dana Tokbaul • Январь 27, 2020 • Реферат • 3,139 Слов (13 Страниц) • 1,073 Просмотры
Жоспар
1) Әлеуметтану-қоғам туралы ғылым
2) Америка Құрама Штаттарындағы әлеуметтану
3) АҚШ-тағы теңсіздік
4) АҚШ-тағы нәсілдік және этностық теңсіздік
5) АҚШ-тағы денсаулық сақтау
6) АҚШ-тағы отбасы өмірі
7) Кім басқарады?АҚШ-тың демократия үлгісі
Әлеуметтану-қоғам туралы ғылым
Әлеуметтану адамдар мен топтардың өзара әрекетке гүсуін, сондай-ақ өзара әрекетке түсуді түзетін мінез-құлық ережелерін зерттейді. Бүл орайда, өзара әрекетке түсу үлгілеріне аса назар аударылады - бүл үлгілер қалай дамиды, оларды қалай қолдануға болады және қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады.Әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану,экономика, психология және антропология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінез-құлқын және белгілі бір дәрежеде қоғамды зерттейді. Бұдан басқа,бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде ғылыми әдіске назар аударады. Ғылымның бұл саласы дәлелдемелерді жүйелі түрде сараптауға негізделген эмпирикалық зерттеулергесүйенеді, яғни қандай да бір тұжырым жасамай түрып зерттеушілердің дәлелдерінің объективті түрде бағалануын күтеді. Қоғамдық ғылымдарды журналистикадан және адамды зерттейтін басқа салалардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас.
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдардан өз ерекшелігі бар. Антропологтер, ең алдымен, адам (немесе адамдық емес)мәдениетіне ден қояды. Мәселен, антропологтар кей мәдениеттезорлық-зомбылықтың басқаларға қарағанда неге көп таралғанынжәне мектеп бітіру кештері, Марди Гра мерекесі және Киньсеаньера(Q u in ceafieras) сияқты мейрамдардың қандай мақсаттарда жасалатынын зерттейді. Психологтар адамның жеке мінез-құлқына және ойлау ерекшеліктеріне назар аударады, мысалы, «Неге кей адамдар күйгелек болып келеді?» немесе «Неге кей адамдар басқаларға қарағанда, әлденеге көбірек құмар болады?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Саясаттанушылар саяси жүйе мен мінез-құлықты, мысалы,диктаторлықтың өсуі мен құлдырауы сияқты проблемаларды зерттесе, экономистер тауарлардың қалай өндіріліп, қалай таратылатынын және қызмет көрсету түрлерінің қалай пайда болып, қалайқолданылатынын зерттейді, мәселен, «Жүрттың көбі неге камерасыбар ұялы телефон алады?» деген сияқты сұрақтардың жауабын қарастырады. Әлеуметтанушылар мәдениетті, жеке мінез-құлық, саясат пен экономиканы зерттесе де осы және басқа проблемалардыңәлеуметтік топтар мен әлеуметтік өзара әрекеттерге қалай эсер ететінін басты назарда ұстайды.
Америка Құрама Штаттарындағы әлеуметтану
Еуропадағы әлеуметтанумен ғылыми негізі бір болғанымен, америкалық әлеуметтанудың кейбір ерекшеліктері бар. Ең бастысы, еуропалық әлеуметтанушылар қоғамның қалай жүмыс істейтіні туралы ауқымды, философиялық теорияларды қалыптастыруға баса назар аударса, америкалық әлеуметтанушылар жүйелі, эмпирикалық дерекгерді жинауға көп көңіл бөледі.Соның нәтижесінде америкалық әлеуметтанушылар әлеуметтік проблемаларды анықтап, түсінуге және шешуге жиі мән береді.
Уильям Эдуард Дюбуа (1868-1963)Америкалық әлеуметтанудың еуропалық әлеуметтанудан өзгешедамуының себебі - әлеуметтік проблемалар әртүрлі болды. 1860-1920жылдар аралығында қүлдық пен азаматтық соғыстың және қарқынды иммиграцияның әсерінен Еуропамен салыстырғанда АҚШ-та нәсілшілдік пен этностық кемсітушілік маңызды проблемаға айналды.Бұл проблемаларды зерттеген алғашқы әлеуметтанушылардың бірі - У.Э. Дюбуа болды. Ғалым 1895 жылы Гарвард университетінде докторлык; дәрежесін қорғады.Ол афроамерикалықгар туралы эмпирикалық деректерді саралап, оны нәсілшілдікпен күресте қолдану мақсатына бүкіл саналы ғұмырын арнады.
...