Әлеуметтанудың
Автор: Томирис Асланова • Октябрь 2, 2020 • Контрольная работа • 1,912 Слов (8 Страниц) • 435 Просмотры
Әлеуметтану
Орындаған- Асланова Томирис
Тобы- 206 стоматология
Күні- 04.09.2020
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
• Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
• Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
• Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы.
• Әлеуметтанудың атқаратын функциялары
1. Әлеуметтануға кіріспе
Әлеметтану ғылымы 19 ғасырдың 30-40 жылдарында қалыптасқан ғылым саласы болып саналады. қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым.
Ал дербес ғылым ретінде әлеуметтанудың пайда болып қалыптасуы француз философы О. Контың есімімен тығыз байланысты болып келеді. О. Конт ең алдымен батыстағы позитивтік философияның негізін салушы. Конттың 1830 жылдары «позитивтік философияның курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі шыққан еді. Осы еңбегінде Конт озінің социологиялық ойларын айтады. 3 томында «социология» ұғымын еңгізді.
Әлеуметтану философиядан бөлінді, бірақ қоғамның біртутастығын, оны дамытатын қозғаушы күштерді, тағы басқа да проблемаларды қарастырумен шектелмейді. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын карастырады, соның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен айналысып, кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.
Әлеуметтану психология, саясаттану, мәдениеттану, антропология және басқалар сияқты гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты.
2. Әлеуметтік қарым қатынастар мен әлеуметтік институттар.
Әлеуметтік қарым-қатыныстар - үлкен әлеуметтік топтардың өкілдері ретінде адамдар арасындағы қарым-қатынастарды айтамыз.Әлеуметтік қатынастар әдетте біздің басқа адамдарға әсер ететін немесе оларға бағытталған әрекеттеріміз олардан жауап алады
әлеуметтік қатынастар адамдар мен адамдар қауымдастықтары арасындағы саналы, қатысушыларға түсінікті және сәйкес мінез-құлқымен сипатталатын осындай тұрақты қатынастар деп аталады.
Әлеуметтік қатынастар жеке адамдар арасында осы қауымдастықтардың мүшелері ретінде, сондай-ақ бұл қоғамдастықтар арасында ерекше интегралды қасиеттер мен сипаттамалардың иелері ретінде қалыптасады.
Кейде әлеуметтік қатынастар қайшылықты сипатқа ие болады. Әлеуметтік қақтығыстардың басты себебі - қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік құндылықтардың әр қауымдастық ішінде де, олардың арасында да тең бөлінбеуімен байланысты. Адамдар әлеуметтік әрекеттерді жүзеге асырады, өйткені олар өздері бағалайтын нәтижеге жетуге ұмтылады,белгілі бір құндылықтар үшін әрекет жасайды.
Әлеуметтік институттар.
«Институт» ұғымы - әлеуметтанудың бірден бір өзегі, сондықтанда әлеуметтанушылардың алдында тұрған міңдет институционалдық байланыстардың қызметін зерттеу.
«Әлеуметтік институт» термині әртүрлі кең мағынады қолданылады. Ең бірінші болып әлеуметтік институтқа анықтама берген американ социологы және экономисті Т. Веблен. Оның қарастыруынша қоғам эволюциясы әлеуметтік институттардың табиғи сұрыпталуына алып келеді. Өзінің табиғаты бойынша олар сыртқы өзгерістерге икемделген жоғарғы қабілеттегі бейнеде болады.
3. Әлеуметтанулық теория.
Әлеуметтанулық теория - социологиялық құрылымдардың қызмет етуін түсіндіретін ұғымдар мен қағидалардың жиынтығы.
Әлеуметтанулық теориялардың келесі деңгейлері бар:
жалпы әлеуметтанулық теория - әлеуметтік формациялар мен жаппай әлеуметтік құбылыстар теориясы;
жеке әлеуметтанулық теория (орта деңгей теориясы) - адамдардың жеке қауымдастықтарына
...