Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Классикалық саяси экономия

Автор:   •  Ноябрь 10, 2020  •  Реферат  •  898 Слов (4 Страниц)  •  925 Просмотры

Страница 1 из 4

Меркантилизм

Экономикалық теорияның бірінші мектебі. Негізге ұлттық табыс қойылып, алтын сияқты бағалы металлдарды жинау. Сырттан металлдарды арзанға алып, оны сыртқа қыбатқа сату арқылы жүргізілді. Яғни байлықтың көзі саудада болды. Бұл бағытқа А.Монкретьен, Томас Мэн, Жан Батист Кольбер, Иван Посошков өз үлестерін қосты.

Физиократизм

Бұл бағытқа негізінен француз ғалымдары салынды. Оларға Франсуа Кенэ (1694-1774) мен Анн Тюрго (1727-1781) жатады. Физиократтар бірінші болып өндіріске бет бұрыс жасады. Физмкратизм бойынша байлық көзі сауда емес өндірсте болды. Ал бұл өндіріс негізінен ауыл шаруашылығы болып саналды. Себебі жер бұл табиғаттың сыйы, сондықтан одан алынған өнім пайданы арттрады деп ойлады. Ауыл шаруашылығынан басқа салалар өнімсіз деп аталды. Бұл бағытты ұстанғандардың ауыл шаруашылық өндірісі тез дамыды.

Классикалық саяси экономия

Қалыптасуына үлесті ағылшын экономистері Уильям Петти (1623-1687), Адам Смит (1723-1790), Давид Рикардо (1772-1823), Джон Стюарт Милль (1806-1873), француз экономисі ЖанБатист Сэй (1762-1832) қосты.

Классиктер байлық көзі тек ауыл шаруашылығында емес басқа да өндірістерде деп айтты. Бұл бағыт негізінде еңбек құны теориясы жасалды. Еңбек құнының теориясы адамдар арасында тиімді нарықтық айырбас тудыртады деген ойлар қалыптасты. Классикалық теория еркіндікті жақтады және бәсекелестікті қолдады. Экономикаға мемлекеттің араласуын жақтамады, бұдан экономикалық адам ұғымы қалыптасты. Бұл теорияны жалғастыратын басқа мектептер пайда болып, ол өзінің шарықтау шегіне жетті.

Марксизм

Бұл теорияның басты өкілдері Карл Маркс(1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) саналды. Олар классиктер теориясын жалғастырып нарықтық шаруашылықты тереңірекзерттеді. Маркс капитализм ұғымын шығарды. Бұл теория бойынша қоғам байлығын жалдамалы жұмыскерлер жасайды. Ал капиталистер пайдасы жұмыскерлерге төленбеген еңбегі білдіреді. К. Маркс экономикалық теорияға қоғамдық-экономикалық формация, ұдайы өндіріс, экономиканың циклдік дамуы, жалдамалы жұмысшылардың еңбегі, рента теориясы, социализм, тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығы, т.б. жаңалықтарды алып келді. Кейіннен, марксизм теориясын В. Ленин мен Г. Плеханов дамытты.

Неолклассикалық теория

Бұл бағыт негізінде экономикалық теория шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану ғылымы ретінде қарастырылады. Экономикалық ғылым экономикс ұғымымен алмастырылды. Оны Альфред Маршаллдың 1890 жылы шыққан «Экономикс принциптері» еңбегіне байланысты өзгертті. Олай болса, бұл бағыттың негізін салушылар ағылшын экономисіАльфред Маршалл (1842-1924) мен Артур Пигу (1877-1959) болды. Неоклассиктердің жасаған негізгі талдау құралдары, бүгінде әлемдік экономикалық ғылымның «алтын қорына» жатады. Ол талдау құралдары шекті талдау, сұраныс икемділігі, нарықтардың өзара тәуелділігі, уақыт факторын ескеру арқылы қысқа және ұзақ мерзімдер арасындағы айырмашылықты көрсету, фирма теориясындағы өндіріс ауқымы тиімділігін талдау, т.б. болып табылады.

Маржинализм

Бұл экономикалық теорияның микроэкономика негізінің әрі қарай дами түсуінен пайда болды. Бұл бағыттың негізін қалаушылар: Карл Менгер (1840-1921), Евгений Бем-Баверк (1851-1914), Фридрих Визер (1851-1926), Леон Вальрас (1834-1910), Вильфредо Парето (1848-1923), Август Фридрих фон Хайек (1899-1992), Людвиг фон Мизес (1891-1973) болды. Бұлар құндылық, баға, айырбас, шығын, сұраныс және ұсыныс туралы көзқарастары арқылы «шекті пайдалылық» теориясының негізгі қағидалары қалыптастырды. Марженалистер экономиканы талдау кезінде субъективтік бағалауды пайдаланады. Неоклассиктер мен марженалистер нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеушілік қасиетіне мән береді. Сол арқылы дағдарыссыз даму қамтамасыз етіледі. Мемлекет экономикаға аралысуына қарсы болды. Өйткені шаруашылыққа тым реттеушіліктің

...

Скачать:   txt (13.7 Kb)   pdf (47.2 Kb)   docx (11.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club