Әлеуметтанудың дамуындағы негізгі идеялар теориялар мен мектептер
Автор: Araikaa • Февраль 3, 2019 • Реферат • 698 Слов (3 Страниц) • 2,435 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекттік медицина университеті
[pic 1]
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Әлеуметтанудың дамуындағы негізгі идеялар теориялар мен мектептер.
Факультет: Фармация
Дисциплина: Социология, политология, культурология
Курс: І
Орындаған: Манапова А.Б.
Тобы: 104
Тексерген: Айтжанова Ж.Е.
Ақтөбе 2019
Әлеуметтік идеялар | Негізін салушы | Тұжырымдама | Көзқарас |
1. ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы көзқарастар | Макс Вебер немістің классик әлеуметтанушысы | Капитализмге оң көзқарасымен ерекшеленеді. Ол К. Маркс сияқты капитализмді әшкерелемейді, сондықтан оны «Карл Маркстың ұлы антиподы» деп атады. Ол капитализмді «бейбіт жолмен иелену, алу» деп атады. | Толкотт Парсонс америкалық әлеуметтанушы. Жастық шағында Англияда, Маркс Вебер шығармаларына үлкен маңыз берілетін Лондон экономика мектебінде сынақтан (стажировка) өтті. Ол М. Вебердің еңбектерін зерттеу негізінде Германияда диссертация қорғады. |
2. Орыс ғалымдарының ашулары | Максим Коволевский | Ол өзін әлеуметтанудағы О. Конт пен К. Маркстің шәкірті ретінде санады. Оның пікірінше, әлеуметтану тарихтан да, философиядан да, басқа да қоғамдық ғылымдардан ерекшелігі бар дербес ғылым. Ковалевскийдің айтуы бойынша әлеуметтану – қоғамның эволюциясы және қоғамды ұйымдастыру туралы ғылым, ол біртұтас қоғамға тән заңдылықтарды ашып, әлеуметтік мәселелерге бағытталған ғылым. Әлеуметтану қоғам дамуының жалпы бағыттарын көрсетіп, қоғамдық құрылымдардың арасындағы байланыстарды орнатады. | М.М. Ковалевский әлеуметтанудағы өздік әдісіне салыстырмалы – тарихи әдіс деген атау берді және әлеуметтанудағы субъективизмге қарсы болды. Әлеумпттанушы қоғамдық құбылыстарды зерттегенде жалпы және жеке заңдылықтарды ашып көрсетуі тиіс. Қоғам субъективті емес, яғни еркін таңдау нәтижесі болып саналмайтын белгілі бір заңдылықтарға сәйкес дамуы керек деп санады. Ковалевский өзінің еңбектерінде салыстырмалы-тарихи әдісті жүйеге келтірді. |
3.Маркстік «тарихи материализм» | Карл Маркс | К. Маркс өзінің «Капитал» атты ең басты еңбегінде қоғамның материалдық-экономикалық негізін терең зерттеді, капиталистердің баюының себебін өндірістегі жұмысшылардың еңбегін жеп, қанау жолымен жүзеге асатынын айтты, капитализмнің экономикалық қатынастырының жүйесін талдады, қосымша құн туралы айтты. | Орыс философы Н.А. Бердяев өз жазбаларында К. Маркс адам еңбегін қанауды сынағанда барынша нақты ғылыми тұрғыдан талдап, экономикалық негізде тұжырымдайды. Маркс қанаудың этикалық аспектілерін қарастырмайды. Бердяев «Капиталистердің жұмысшылардың еңбегін қанауы қарастырылатын, қосымша құн» туралы ілімін Маркс ғылыми экономикалық ілім деп санады. |
4.Қазіргі заманғы батысәлеуметтанушылары | Питирим Сорокин әлемдік деңгейдегі әлеуметтанушы | Питирим Александрович Сорокин (1889–1968) 1923 жылдан бастап АҚШ-та тұрды, есімі әлемдік деңгейдегі әлеуметтанушы. Төңкерістерде зорлық көрсетуге жол беріледі деп сынап, төңкерістерге қарсы болды. Төңкерістерді ұлы трагедия деп атай отырып, реформаларды жақтады. | Роберт Кинг Мертон әлеуметтанудағы ұстаздары П. Сорокин және Т. Парсонс болды. Мертонның интерпретациясында ол ерекше орын алады; бұл үрдіс америкалық әлеуметтанушылардың тұтас бір буынының жұмыс бағытын анықтады. |
5.Қазақстандағы зерттеулер | Л.И.Лёвшин Орыс мемлекет қайраткері және тарихшысы | «Қазақ ордасы мен даласын суреттеу» атты кітабында ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында қазақ қоғамының өмірі мен тұрмысы туралы баяндайды. | Лёвшин табиғатта өмір сүргендіктен қазақтардың денсаулығы мықты және суық пен аязға, шөлге төзімді келеді деп жазады. Алайда тұрмыста олар шат көңілді адам кейіпіндебола бермейді, икемсіз, жайбасарлық байқалады. Автор қазақ әйелдері туралы барынша еңбекқор, төзімді келуі мен балаларының қамын ойлайтын, үй шаруасын атқарып, малын да жайлайтын тіршіліктері жайында ұнамды пікірлерін жазды |
...