Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі

Автор:   •  Апрель 28, 2020  •  Эссе  •  2,981 Слов (12 Страниц)  •  26,035 Просмотры

Страница 1 из 12

СӨЖ Әлеуметтану

СӨЖ №1: Тапсырма 2. Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі туралы эссе дайындаңыз. «Әлеуметтанулық қиял" түсінігіне анықтама беріңіз. Қазіргі адамға неліктен "әлеуметтанулық қиялды» меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды екендігін түсіндіріңіз.

   Әлеуметтану адамдар мен топтардың өзара әрекетке гүсуін, сондай-ақ өзара әрекетке түсуді түзетін мінез-құлық ережелерін зерттейді. Бүл орайда, өзара әрекетке түсу үлгілеріне баса назар аударылады - бүл үлгілер қалай дамиды, оларды қалай қолдануға болады және қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады. Әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану, экономика, психология және антропология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінезқүлқын және белгілі бір дәрежеде қоғамды зерттейді. Бұдан басқа, бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде ғылыми әдіске назар аударады. Ғылымның бұл саласы дәлелдемелерді жүйелі түрде сараптауға негізделген эмпирикалық зерттеулерге сүйенеді, яғни қандай да бір тұжырым жасамай түрып зерттеушілердің дәлелдерінің объективті түрде бағалануын күтеді. Қоғамдық ғылымдарды журналистикадан және адамды зерттейтін басқа салалардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас. Әлеуметтанудағы ең негізгі ұгымдардың бірі - әлеуметтік қүрылым. Әлеуметтік қүрылым - белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым-қатынастардың қайталанып келіп отыратын үлгілері. Ол тек мінез-құлық сияқты жекелеген проблемаларды ғана емес, білім алуды, неке қүруды қалай ұйымдастыру керектігі сияқты кеңірек контекстегі проблемаларды да қамтиды. Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, кец әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара (Миллс 1959,15) түсінуді көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. Райт Миллстің пікірінше, әлеуметтік қиял дегеніміз - жеке бастағы қиындықтарды (мысалы, кедейлік, ажырасу немесе сеиімнің жоғалуы), аса маңызды қоғамдық проблема, жалпыға ортақ проблема деп түсіну. Миллстің айтуынша, көп нәрсені біз толықтай бақылай алмаймыз, көптеген қүбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жүзеге асып жатады. Мысалы, Миллс былай деп жазады: 100 мыңға жуық түрғыны бар қалада тек бір адам ғана жүмыссыз болса, бүл - оныңжеке басына қатысты жайт, солай болатұра көмектесу үшін сол адамның мінез-құлқын, оныңдағдыларын және мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бірақ50 миллион адамнан тұрагын елде 15 миллион адам жұмыссыз болса, бұл - ортақ (қоғамдық) проблема, бірақ оны жеке тұлганың мүмкіндіктері аясында шеше алмаймыз. Мүмкіндіктердіц құрылымы бұл жерде іске аспайды. Проблема дүрыс қойылуы үшін және ықтимал шешімдер ауқымды болуы үшін тек жеке басқа қатысты жайттар мен жеке түлғалардың жагдайын емес, қогамның экономикалық және саяси институтгарын қарастыру талап етіледі. Әлеуметтік қиял - адам өмірінде кездесетін қиындықтарға басқаша қараудың және шешудің жаңа тәсілін ұсынады. Әлеуметтік қиял «адамда таңдаудың ешқандай мүмкіндігі жоқ», немесе «олардың ешқандай жауапкершілігі жоқ» дегенді білдірмейді. Тіпті құлдар да сылбыр жұмыс істеп, қожайынын сыртынан мазақтайды немесе өзіне-өзі қол жұмсай алады. Бұл да - таңдау. Дегенмен әлеуметтік қиял әлеуметтік күштердің әсерін адамның жеке таңдауымен бірге қарастырудың маңызын көрсетеді.

СӨЖ №2:  Тапсырма 2. Атақты әлеуметтанушы–теоретиктің (К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель) ойы туралы баяндама жазыңыз. Негізгі жұмыстарын айқындаңыз және әлеуметтанулық теорияларының тұжырымдарын жазыңыз.

Адамзат тарихында  өркениеттің бастауы саналған  Антикалық және Ортағасыр,  Жаңа  заман мен  Ағартушылар дәуірлеріндегі  әлеуметтік ой-тұжырымдар әлеуметтану ғылымының қалыптасуындағы классикалық кезеңді дайындады. Осы кезеңде әлеуметтану ғылыми пән ретінде әлеуметтік философия қойнауында жетіліп, өзінің бөлек зерттеу объектісі мен әдістері бар өз алдына дербес ғылым ретінде бөлініп шықты. Бірақ әуелі әлеуметтану қоғамның барлық қырын зерттейтін ғылым ретінде саналып, ХІХ ғасырдың аяғында ғана ол қоғам дамуының әлеуметтік аспектілерін зерттейтін ғылымға айналды. Әлеуметтанудың классикалық кезеңінің ірі өкілі, атақты француз философы Огюст Конт болды. Оны әлеуметтану ғылымының негізін салушы дейді. Огюст Конт механика заңдарын қоғамды зерттеуде пайдалануға болады деп есептеп, жаңа ғылымды алдымен әлеуметтік физика деп атады.  Кейін 1839 жылы 6 томдық "Позитивтік философия курсы" атты кітабында әлеуметтанудың принциптерін атап көрсетіп, оның ескертпесінде Конт әлеуметтік құбылыстарды зерделеуге қатысты жаңа «Социология» (әлеуметтану) деген терминді пайдалануға тәуекел ететіні туралы жазды.

...

Скачать:   txt (44.5 Kb)   pdf (102.2 Kb)   docx (21.4 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club