Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтанудың классикалық кезеңіндегі әлеуметтанушылар мен негізгі ұғымдар

Автор:   •  Октябрь 13, 2023  •  Реферат  •  1,731 Слов (7 Страниц)  •  181 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстан Республикасының жоғарғы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті[pic 1]

БӨЖ

Факультет: География және табиғатты пайдалану 

Кафедра: Рекреациялық география және туризм

Мамандығы: Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

Тақырыбы:«Әлеуметтанудың классикалық кезеңіндегі әлеуметтанушылар мен негізгі ұғымдар»

Орындаған: Мажит Н.Х

Тексерген: Ногайбаев Е.О

Алматы 2023

Тапсырманың мақсаты: Әлеуметтану саласының классикалық кезеңіндегі әлеуметтанушыларға сипаттама, әлеуметтану ғылымындағы негізгі ұғымдарды анықтау.

Мазмұны

  • Кіріспе
  •  Жалпы әлеуметтану саласы жайлы түсінік.
  • Негізгі бөлім
  • Әлеуметтанушылардың еңбектері, бұл ғылымға қосқан үлестері.
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

        Жоғарыда қамтылған мақсаттарды орындау үшін алдымен «әлеуметтану ұғымы нені білдіреді?» және «ол нені зерттейді?» деген сұрақтарға жауап беріп көрейік. Жалпы әлеуметтану ғылымы «қоғам, әлеумет» сөздерімен тығыз байланыста, сондықтан қоғам сөзіне анықтама берер болсақ: Қоғам - қауымдастық пен ұлтты немесе географиялық аумақты, экономикалық, мәдени және саяси байланыстарды және жеке мінез-құлық пен өзара әрекеттесуге қатысты сенімдерді тоғыстыратын, үзақ уақыт өмір сүретін үлкен топтастық. Ал әлеуметтану осы топтарды танып білуге өз септігін тигізеді.

        Әлеуметтану - әлеуметтік топтарды, әлеуметтік өзара әрекеттесуді

және қоғамды жүйелі түрде зерттейтін ғылым. Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. Әлеуметтану ғылымының  негізін салушы француз философы Огюст Конт болып табылады. Ол «әлеуметтану» терминін алғаш рет 1839 жылы ғылымға қосты. Конт бұл саланы былайша түсіндірді - позитивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіздеді. Оның пайымдауынша, ғалымдар әлеуметтік мінез-құлықтың заңдарын анықтағаннан кейін оны болжай алады және басқара алады. Алайда молекулярлық мінез-құлықты болжай алатынымыздай, адам мінез-құлқын дәл болжай алатынымызға сенетін ғалымдар аз екеніне қарамастан, ғылыми әдіс әлеуметтанудың негізгі ұғымы болып қала береді. Сонымен қатар ол - қоғамды түсіну үшін әлеуметтік тәртіптің және әлеуметтік өзгерістің көздерін іздеу қажетекенін дәлелдеуі. Әлеуметтік қүрылым және әлеуметтік процесс ұғымдарының аясында бұл проблемалар әлеуметтік зерттеулердің басты бағыты болып қала береді деген көзқарасты ұстанған. Конт айтып отыртған әлеуметтану құрылымы – әлеуметтанудағы ең негізгі ұғымдардың бірі. Әлеуметтік қүрылым - белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым-қатынастардың қайталанып келіп отыратын үлгілері. Ол тек мінез-құлық сияқты жекелеген проблемаларды ғана емес, білім алуды, неке қүруды қалай ұйымдастыру керектігі сияқты кеңірек контекстегі проблемаларды да қамтиды. Әлеуметтану ғылымын жалпы екіге бөліп қарастырамыз, біріншісі теориялық болса, екінші түрі практикалық немесе эмперикалық деп аталуы мүмкін.

         Әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану, экономика, психология және антропология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінезқүлқын және белгілі бір дәрежеде қоғамды зерттейді. Бұдан басқа, бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде ғылыми әдіске назар аударады. Ғылымның бұл саласы дәлелдемелерді жүйелі түрде сараптауға негізделген эмпирикалық зерттеулерге сүйенеді, яғни қандай да бір тұжырым жасамай түрып зерттеушілердің дәлелдерінің объективті түрде бағалануын күтеді. Қоғамдық ғылымдарды журналистикадан және адамды зерттейтін басқа салалардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас болып табылады.

...

Скачать:   txt (26.8 Kb)   pdf (326.6 Kb)   docx (257.7 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club