Халықаралық қарттар күні
Автор: kundyz0589 • Январь 12, 2019 • Статья • 281 Слов (2 Страниц) • 640 Просмотры
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Алматы облысы Талғар ауданы
Тұздыбастау ауылы МЖДШОБ
№13 ЖББ орта мектеп
Анықтама
Қазан айының бірі – Халықаралық қарттар күні. Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында осы мерекеге орай Талғар ауданы Тұздыбастау ауылы МЖДШОБ №13 ЖББ орта мектептің 6 «А» сынып оқушылары Ғабдуллин көшесі 10 үйде тұратын Тұтқабаева Балташ әжейді аталған мерекемен құттықтап қайтты. Екі ғасырдың куәсі болған Балташ әжей 1936 жылы 5 қарашада Қызылорда облысы Бабай ауылында дүниеге келген, 7 сыныптық білімі бар. Бойжетіп 19 жасында жылқышыға тұрмысқа шығады. Отбасында 13 бала, олардың 5-еуі қыз, 8-і ер бала, дүниеге келеді. Әжей 53 жасында жолдасынан жесір қалады. Өмірдің тауқыметін қажымас қайраты, қайсарлығы мен талмас еңбегі арқылы жеңіп шығады. Бүгінде Балташ әжей 83 жаста. 25 немере, 15 шөбере сүйіп отырған әжей шаңырағына арнайы құттықтай келген мектеп оқушыларына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар
...